– Бұл зауыт – «Шеврон» компаниясының Қазақстан экономикасын әртараптандыруға бағытталған ең сәтті инвестициялық жобаларының бірі, – деді зауыттың бас директоры Меңдіғали Саппаев өткен сенбіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа аталған зауыттың жаңа өндірісін таныстыру барысында. – Біздегі бірегей полиэтилен құбырлары өндірісі – экспортқа шығарылатын қазақстандық тауарлардың бәсекелестік қабілетін арттыруға, сондай-ақ, ел экономикасының шикізат өндіруден тыс секторларының үлесін көбейтуге жасалған оң қадам.
Атырау полиэтилен құбырлары зауытында Қазақстаннан және көршілес елдерден түсетін сұранысты қанағаттандыру үшін тағы да ең төзімді құбырлардың жаңа бір түрі шығарыла бастады. Ол – металл-пластикті құбырлар. Сөз арасында қайталағандай болсақ та, дәл мұндай құбырлар Қазақстанда алғаш рет шығарылып отыр. Бұрын елімізге мұндай құбырлар шетелден тасымалданатын. Биылғы жыл басында төзімділігі жағынан кемі 50 жылға шыдайтын металл-пластикті құбырларды шығаратын жаңа желі іске қосылды. Бұл мақсатқа «Шеврон» компаниясы шамамен 15,5 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды.
Жаңа өндірістің жобалық қуаты – жылына диаметрі 12-110 мм.-лік 2000 тонна құбыр шығару. Зауыт мамандарының түсіндіруінше, металл-пластикті құбырлар коррозияға ұшырамайды. Өйткені, бұл құбырлардың жер астындағы табиғи құбылыстарға өте төзімділігі зерттелген. Сонымен бірге, зауытта енді коммуналдық шаруашылыққа, яғни су, су бұру, газ тарату жүйелерінде кеңінен қолданылатын құбыр қақпақшаларын шығару да жоспарланыпты. Мұндай өнім шығаратын зауыт құрылысы биыл басталады. Оның құрылысына шамамен 35 миллион АҚШ долларын салу көзделген. Мамандар Қазақстанда әзірге мұндай қақпақшалар шығаратын өндіріс жоқ екенін айтады.
Президент Атырауға келген сайын жұртшылықпен жүздесуге уақыт табады. Бұл жолы да солай болды. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлының атыраулықтарға ықыласы ерекше, ал мұнайлы өңір жұртшылығы Елбасымен кездесуді әркез асыға тосады.
– Атырауға қош келдіңіз, Нұреке! – деп жылы шыраймен қарсы алды Елбасын Жайық өзені жағасындағы Бейбарыс алаңына жиналған өңірдің зиялы қауым өкілдері. Үлкенмен де, кішімен де қол алыса амандасқан Президент алдымен ел-жұрттың амандығын сұрады. Сонан соң ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесінің маңызына, осы кезеңде қол жеткен табыстарға тоқталды. «Жапония, Оңтүстік Корея тәуелсіздігінің бірінші 20 жылында осындай табыстарға жеткен жоқ. Оңтүстік Кореяда экономика небәрі 4 есе ғана көтерілді, біздің экономика 12 есеге көтеріліп отыр. Осының бәріне біз тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткіздік. Кеше Қашағанға бардым. Бұл – ең ірі жоба. Кезінде қаншама инвесторларды тарттық. 850 атмосфералық қысыммен мұнай алу оңай іс емес. Соның бәрінде қазақ жастары істейтін болады. Корея президентімен келісіп, Атырауда мұнай-химия кешенін салатын болдық. Құны – 6 миллиард доллар. Ресей президентімен Жайық өзенін бірлесіп қорғау жөнінде келісімге келдік. Жайықтың жанында ыңғайлы жер болса, су реттегіш салуды көздейміз», деген Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысында атқарылып жатқан жұмыстарға «Мұнай-газ кешенінің дамуымен қатар, ауруханалар, мектептер салынуда. Атырау қаласының да бейнесі бүгінде мүлдем өзгерді», деп оң бағасын берді.
Ел ішіндегі аузы дуалы қариялардың бірі, Атырау облысының құрметті азаматы Есен Тасқынбаев Елбасының тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен жаңа елорда құрылысын жүргізудегі ерен еңбегін ерекше атап, «Сіздің табандылығыңыздың, саясаткерлігіңіздің нәтижесінде біздің тәуелсіз мемлекетіміз әлемге танылып отыр. Қазақстанға инвестициялар ағыны арта түсіп, біздің елімізде бүкіл әлемге танымал компаниялар жұмыс жасауға ынталы», деді. Балық шаруашылығының ардагері Қайыржан Әлиев Мемлекет басшысына осы өнеркәсіп саласына зор қамқорлық жасап, көңіл бөліп отырғанына ризашылығын жеткізді.
– Тәуелсіздік басты мұратымыз еді. Біз өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басқан жаңарған, жаңа Қазақстанды құрдық. Еліміздің бірлігі мықты болса, әлі талай асуды бағындырамыз, – деді Елбасы айтылған пікірлерге орай. – Ендігі міндет – жастарды оқыту. Жастар білімді, бәсекеге сай болуы қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев жұртшылықпен жылы қоштасып, жүруге ыңғайлана бергенде, шеткерірек тұрған жастардың арасынан: «Сізге арнаған бір-екі шумағым бар еді», деп бір ару рұқсат сұрады.
Тәуелсіз ел ұланымыз бақытты,
Атыраудың аруымын – Ақтоты.
Мақтан тұтам
Елбасымды ерекше,
Сыйға тартқан бізге мынадай уақытты,
Ақтау арман
Елбасының үмітін,
Оқу парыз осы жолда күні-түн.
Нұрағаңмен дидарласып, сөйлесіп,
Орындалды ұмытылмас бұл күн, – деп лекіте жөнелгенде Елбасы оның қолын алып, «Атың кім?» деп сұрады.
– Ақтоты.
– Сенің ше? – деді Елбасы оның қасында тұрған құрбысына.
– Әсел.
– Оқу бітірдіңдер ме?
Елбасының бұл сауалына Ақтоты мен Әсел: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріміз. Біріміз төртінші, біріміз бірінші курста оқимыз», деп жарыса жауап қатты.
– Бақытты болыңдар, айналайындар!
Президент кортежі әуежайға бет алды. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған қос құрбы «Жолыңыз болсын!» деп қол бұлғап тұрды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.
Атырау облысы.

Тұтынушылық несие нарығындағы қауіп: Берешек көлемі неге өсуі мүмкін?
Банк • Бүгін, 13:35
Технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіге 700 млрд доллар инвестиция салды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:15
Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды
Медицина • Бүгін, 13:00
Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:58
Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 12:51
Петропавлда кәсіпкерді заңсыз тексерген шенеунік айыппұл арқалады
Оқиға • Бүгін, 12:40
«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады
Банк • Бүгін, 12:23
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ұжымы референдумға қатысуды қолдады
Референдум • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалының әлеуетін арттырады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Интернет алаяқтарға алданғандар оқиғасы: Жиі кездесетін қателіктер мен кеңестер
Қоғам • Бүгін, 11:50
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 11:45
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Қоғам • Бүгін, 11:37
2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады
Инвестиция • Бүгін, 11:29
Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді
Референдум • Бүгін, 11:22