22 Қыркүйек, 2011

Ерке Ертістің ертеңі қандай?

2363 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау мемлекеттік маңызды шаруа. Соған орай егемен ел атанып, тәуелсіздік туын нықтаған соң республикамыздың жер-жерінде бассейндік инспекциялар қай­­­тадан құрылып, жұмыс істей бастаған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне қарасты Су ре­с­урс­тарын пайдалануды реттеу және қор­ғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспек­ция­сы деп аталатын сондай бір мемлекеттік мекеме Семейде де бар. Аталған инс­пек­ция жұмысы көр­ші­­­лес Шы­­ғыс Қазақ­стан жә­­не Павлодар об­лыс­тарын қам­ти­­­тын кө­рі­неді. Бұны аз­сын­са­­ңыз анау Ақ­мола мен қа­­­зыналы Қараған­­ды­­­­­ның шет­­кі бір бөлігі де осы инспекция еншісінде. Міне, сол ма­ңыз­ды мемлекеттік мекемеге соңғы бір жарым жылдан бері Дәурен Тілеубаев деген бауырымыз басшылық жасап келеді. Ердің жасы елуге әлі жете қоймаған азаматтың осыған дейін үлкен өмір мектебінен өтіп үлгергенін аңғардық. Ертеректе Алматыдағы Қазақ политехникалық инс­­­­ти­тутын бітірсе, ал одан бергі жерде сол Алматыдағы Экономика және статистика институтын аяқтапты. Артынан білгеніміздей, оның да мәнісі бар болып шықты. Яғни, бұған дейін мамандығы бойынша түрлі мекемелерде, содан кейін арасында жеке кәсіпорында қызмет атқарған ол он­шақты жыл ішінде статистикаға қатысты облыстық мекемелерде түрлі қызмет атқа­ра жүріп, соңғы екі жылда  Шығыс Қа­зақстан облысы бойынша статистика де­пар­таментінің бастығы болып қызмет ат­қарыпты. Енді, міне, кейінгі бір жарым жылға жуық уақыттан бері үлкен бір бассейндік инспекцияның тізгінін қолында ұстап келе жатқанын жоғарыда айттық. Біздің бассейн аумағы 316,5 мың ша­р­шы шақырымды алып жатыр, дейді Дәу­рен Әділханұлы. Мұндағы халық саны екі мил­ли­онның үстінде. Екі облыс аума­ғын­да мың­ға жуық өзен болса, олардың жал­­пы ұзын­ды­ғы 30 мың шақырымға жуық. Әлгі мың­ға жуық өзеннің екі жүздейі Балқаш-Ала­көл бассейніне қараса, қалға­ны біздің еншімізде. 28 өзен, соның ішінде Қара Ертіс трансшекаралық өзендер бо­лып есептеледі. Мұның алтауы шекара­ны айқындап жатса, қалған жиырма екісі шекараны кесіп өтеді. Инспекция басшысы осылай дей келіп, Ертістің қазіргі жай-күйіне айрықша тоқ­талған. Шындығында көршілес екі облыс­т­ың гидрографикалық жүйесінде ерекше орын алатын трансшекаралық Ертіс өзе­ні­нің мемлекеттік маңызы өте зор. Бастауы батыс Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі 2500 метр биіктіктегі моңғол Алтай­ын­дағы мұздақта жатқан Ертіс өзенінің көр­ші елдегі ұзындығы 618 шақырым. Ал оның жалпы ұзындығы 4280 шақырым болса, біздің елдегі қашықтығы 1698 шақырымға созылып жатыр. Ал бұл дегеніңіз үлкен байлық көзі. Соны орнымен пайдаланып жатқанымыз да өтірік емес. Айталық, бүгінде бізде Ертіс бой­ында үш су қоймасы тұрақты түрде жұ­мыс істеп тұр. Ертіс бассейнінде жал­пы ұз­ын­дығы 200 шақырымды құрайтын 13 өзен және бар. Ал шағын өзендердің саны жеті жүзден астам. Осы орайда Ті­леу­баев Бұқ­тырма, Обадағы су қо­ры­ның мөлшері ерекше екендігін  қадап айт­қан. Орта дә­ре­же­де­гі өзендер қатарына жа­та­тын Күршім, Үл­бінің де халық ша­ру­ашы­лығы үшін ма­ңы­­зы өте зор екендігі де айтылмай қалмаған. Ал бастауы оңтүстік Алтайда жатқан өз­ен­дерде су қоры анау айтқандай емес. Қалай болғанда да, Ертіс бассейніндегі өз­ендердің жылдық орташа қоры 33,66 шар­шы ша­қы­рымды құрап отырған көрінеді. Солайша Ертіс өзені мен Зайсан көлі мемлекеттік ма­­ңы­зы зор су объектілері болып табылады. Бүгінде көршілес елдер арасында Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану үкі­мет­аралық келісімдерге орай жүргі­зі­ліп жат­қан көрінеді.  Мұндай екіжақты келісімдерге Қытаймен осыдан он жыл бұ­рын, ал Ресеймен өткен жылы қол қойылған. Ертіс өзендері мен оның тармақ­тары­ның су ресурстары бүгінгі күні өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық, балық, ауыл шаруашылықтарында кеңінен пайдалануда. Оның сыртында электр энергиясын өндіру, судағы жол қатынасы және бар. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақса­тымен су қоймаларында жыл сайын атқа­рылып жататын шаралар өз алдына. Бассейн басшысы келесі сөз кезегінде Павлодар, одан арғы Ақмола мен Қара­ған­ды аймағындағы өзен-су мәселелеріне де тоқталған. Көршілес Павлодар облысында сондайлық үлкен өзендер жоқ көрінеді. Ал Ақмола облысына қарасты Шідерті өзе­нінің жөні бөлек пе дедік. Ұзындығы 300 шақырымнан астам бұл өзеннің 200 ша­қы­рымға жуық бөлігі Сәтбаев атын­да­ғы ка­нал­дың су трактысы құрамында. Ал бұл ка­налдың халық шаруашылығындағы ма­ңы­зы өте зор. Сондықтан ондағы жағ­дай­ды үзбей қадағалап отыру аталған инс­пекцияның басты  міндеттерінің бірінен са­на­лады. Осы өңірдегі Өлеңті, Сілеті, Ащы­су және Түн­дік өзендерінің жай-күйі де еш­­қашан назардан тыс қалған емес. Одан кейінгі жерде әңгіме Ертіс бассейні аумағындағы көлдер жайына ой­ыс­қан. Тек Шығыс Қазақстан облысы аума­ғын­дағы көлдер саны екі мыңға жуық екен. Олардың жалпы көлемі  896 шаршы шақырым. Осы орайда Алакөл мен Са­сық­көл Балқаш су бассейнінің құрамында екендігін ескерте кетсек дейміз. Сонда Ертіс су бассейнінің құрамындағы ең үлкен көл – Марқакөл болып табылады. Ал табиғаты көркем, суы тұщы, балығы тайдай тулаған Марқакөлді шығыстың інжу-маржаны десе де болады. Оны осы қал­пында таза сақтау да бұ­ла­р­дың басты мін­деттерінің бірі болып сана­лады. Осы орайда облыс аудандары әкім­де­рінің шешімімен 6 көл бақылауға алы­нып, арнайы күзет ұйымдастырылып от­ыр­ғаны қуан­та­ды. Осындай игілікті шаруа басқаларға да жұғысты болса дейсің. Бүгінде су мәселесі тек экономикалық қана емес, сонымен бірге ауқымды эко­ло­гиялық мәселе болып табылады. Сонымен бірге трансшекаралық су объектілерінің саяси маңызы өз алдына бір әңгіме. Со­ның бәрін Ертіс өзені бассейнінің қазіргі мысалынан айқын аңғаруға болады. Рас, қазіргі таңда Ертіс бассейнінде су ресурстарының тапшылығы сезіліп отыр­ған жоқ. Соның айғағындай, тіпті Орта­лық Қа­­зақстанның өзі Ертіс өзенінің игілігін көруде. Бірақ Ертіс бассейніне түсіп отырған эко­ло­гиялық жүктің уақыт өткен сайын ауырлап бара жатқанын мұнда­ғы­лар жасырып отыр­ған жоқ. Қалалар мен елді мекендердегі тұр­ғындар санының уа­қыт өткен сайын арта түсуі, өнеркәсіптің дамуы өзен суының лас­тануына әкеп соқ­тырып, Ертіс бассейніндегі жағдайды ушықтыра бастағанын жасырып, жабудың жөні қайсы? Әсіресе, кенді Ал­тай­дағы жағ­дай дабыл қағарлықтай. Мұндағы түрлі қоқыс қоймалары, ал олардың саны бүгінде жүзден асып кеткен, Ертіске қатер төндіріп-ақ тұр. Бүгінде жабылып қалған кеніштер де қатер ошағына айналуда. Елбасы Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына биыл 20 жыл толды. Бұл енді егемен ел та­ри­хын­да­ғы теңдесі жоқ айтулы оқиға. Бірақ солай дей тұрғанмен, кешегі атом поли­гонының зардаптары тұтастай жойылып біткен жоқ. Айталық, өткен жылы Ер­тіс­тің бір тармағы болып табылатын Шаған өзенінде радиоактивті тритийдің сақталып қалғаны анық­тал­ды. Ал осындай қатерді залалсыздан­ды­ру үшін қомақты қаржы, үлкен күш керек. Оның сыртында су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының санитар­лық-тазалық және экологиялық талап­тар­ға сай болуы, сондай-ақ өзен бойындағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін аман сақ­тап қалу үшін су объектілерінің жағалау­ла­рында су күзеті аймағын көптеп орнық­ты­рып, іске қосу қажет. Ондай аймақтар жоқ та емес. Десе де, жергілікті билік қазіргі эко­логия­­лық жағдайды ескере келіп, осы мақсаттағы жұмысты ширата түспесе болмайды. Инспекция басшысы, сонымен бірге Ертіс өзеніне байланысты көршілес Қы­тай елінен төніп тұрған қауіпті де жоққа шығармайды. Сол тұрғыда шындығы мен дақпырты  қатар жүрген сөз расқа айналса, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қой­ма­сы­ның деңгейі төмендеп кетуі әбден мүмкін. Сондай-ақ, Ертістің бастауы шамадан тыс ластанып жатса, өзен бойындағы бергідегі біздің ел мен Ресей қалаларында ауыз су мәселесі қиындай түспек. Рас, ондай күр­делі мәселелер мемлекеттік деңгейде өз шешімін табуда. Дегенмен, біз де қол қу­сырып қарап отырмай өзімізше әрекет жа­са­ғанымыз жөн, дейді Тілеубаев. Сол мақ­сатпен көршілермен жергілікті деңгейде де өзара келісімдер жүргізілмек. Ол солай дей келіп, Ертіс өзені бассейніндегі экологиялық қауіпсіздікті ұлттық қау­­­іпсіздік құрамында қарастыру заман та­лабы екендігін айтқан. Қалай десек те, жаңа ға­сыр­дағы экономикалық жетістік эколо­гия­лық мә­­­­­селелерді шешпейінше еш мүмкін емес. Ол үшін Ертіс өзеніне қатысты бар­­­лық шаруа ең алдымен еуропалық декларация ұсы­ныс­тары негізінде жүргізілуі тиіс. Ал өз та­ра­пы­мыз­дан атқарылатын шаруалар мұ­­ның сыр­тын­­да. Бірақ, өкінішке қарай, штат­­­тың қысқа­лы­ғы, қаржының тапшы­лы­­ғы, кө­лік мәселесін­дегі дәрменсіздік бұлар­дың қо­­лын байлап отырғанын айтпасқа бол­май­­ды. Сон­­­­дық­тан салалық министрлік жергілікті жер­лердегі осындай түйінді мәселелерге бұ­рын­ғыдан да қатты көңіл аударса жөн болар еді. Өйткені, ортақ мүдде, ортақ іс соны талап етеді. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.