22 Қыркүйек, 2011

Маңызды жоба Сенатқа жетті

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сена­тын­да Әлеуметтік-мәдени даму ко­митетінің төрағасы Ақан Бижановтың төрағалық етуімен «Діни қызмет пен діни бір­лестіктер туралы» және «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бой­ын­ша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заң жобаларының танысты­р­ы­лы­м­ы болды. Депутаттар алдында Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шәріп сөз сөйледі. Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңна­ма­ны жетілдіру қажеттігі Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2006 жылғы 26 шілдедегі Жарлы­ғы­мен бекітілген Азаматтық қо­ғам­ды дамытудың 2006-2011 жыл­­дар­ға арналған тұжырым­да­ма­сында белгіленгенін айта келіп, Қ.Лама Шәріп діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңнама жобасын таныстырды. Заң жобасының мақсаты діни бірлестіктер қызметінің және азаматтардың діни қызметінің негізгі бағыттарын құқықтық реттеу, сондай-ақ әр түрлі заң­на­ма­лық актілердің құқық норма­лары­ның арасындағы қайшы­лықтарды, олқылықтарды, кол­ли­зияларды жою арқылы діни бірлестіктер туралы Қазақстан заң­на­масын жетілдіру болып та­былады. Заңнама тіркелу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен діни бір­лестіктің жарғысына қойылатын талаптарды анықтау, діни бірлестіктерді тіркеуден бас тартуының негіздері, сондай-ақ дінтану сараптамасын жүргізу негізі мен тәртібі, «миссионерлік қызмет», «діни қызметші» түсініктерін нақ­тылау бөлігінде діни бірлестіктерді тіркеуге қатысты мәсе­лелерді заңнамалық реттеуді жетілдіруді көздейді. Заң жобасын қабылдау теріс құқықтық және әлеуметтік-эко­номикалық салдарға әкеліп соқ­тыр­майды, себебі, болжамдалған өзгерістер тиісті қоғамдық қа­тынастарды құқықтық реттеудің тиімділігіне септігін тигізетін еліміздің қолданыстағы заңна­масын жетілдіруге бағытталған. Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңна­маны таныстыру барысында депутаттар діни бірлестіктердің қызметін реттейтін заңнама, діни бірлестіктердің қызметі саласын анық регламенттеу және діни қатынастар саласында заңнама нормаларын бұзғаны үшін құ­қық­тық жауапкершілікті белгілеу мақсатында, сондай-ақ мемле­кет­тік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру саласында мемлекеттік органдардың жүйелі қызметін ұйымдастыру үшін қазіргі за­ман­ғы діни ахуалды есепке ала оты­рып жетілдіру қажет екенін айтты. Жақсыбай САМРАТ.