23 Қыркүйек, 2011

Бесқарағайлықтар бағындырған биік белес

439 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Биыл Қазақстан халқы ел Тәу­елсіздігінің 20 жылдығын үлкен эко­номикалық және саяси өрлеу жағдайында атап өткелі отыр. Адам өмірі үшін елеулі, ал мемлекет тарихы үшін қас қағым сәт қана саналатын бұл кезең өтке­ні­мізді сараптап, келешегімізге көз жіберіп алатын елеулі белес екені анық. Халқымыз «Елу жылда – ел жаңа» демекші, заманалар алмас­қан зор өзгерістерге толы, ға­сырға пара-пар 20 жыл ішінде 80 жылдан асқан тарихы бар Бесқарағай өңірі де жылдан жылға жаңарып, көркею үстін­де. Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларын аудан жұртшылығы аса зор ынта-ықыласпен, ертеңгі күнге деген нық сеніммен қабыл алды. Бесқарағай өңірінің шұ­рай­лы жері  – астықты алқап Балапан өлкесі. Иә, соңғы жылдары қуаңшылықтың зардабын шеккен шаруа адамдары күпті кө­ңілде жүргені де шындық. Жер – ауыл шаруашылығында ең басты өндіріс құралы екенін егіншілер жақсы біледі. Дегенмен, Балапан алқабында 214 шаруа қожалығы 35 мың гек­тарға егін септі. Әрине, 53 мың гектар алқап үшін аз көрсеткіш. Оған қоса, 90-шы жылдардағы экономи­калық құлдырау кезінде бөліп ал­ған жерлер иесіз қалып, жусан басып кеткені де шындық. Және жер иеленгендердің көбі ұсақ шаруалар, жаңа техникалар алуға олардың мүмкіндіктері де жоқ. Сондықтан қазіргі басты міндет – оларды ірілендіріп, егістікті толық игеру. Ауданда суармалы егістіктер де бар. Олар да толық игерілмей жатыр. Осы өңірді өркендетуге бай­ла­нысты көріп-білген, көкейге түй­ген ойларымызды облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Глуховка округінде өткен облыс­тық семинарда ортаға салдық. Онда кәсіпкер Ержан Балта­ба­ев­тың егістігінде тамшылата суару әдісі тәжірімделді. Осындай семи­нар-жиын аудан егіншілерімен Канонерка округінің «Лана» шаруа­шылығында (төрағасы Теміржан Әділов) өтті. Биылғы жылдың 7 қыркүйегіне барлығы 12,01 мың гектар егін жиналды. Оның ішінде 5,80 мың гектар бидай, 0,79 мың гектар арпа, 0,318 мың гектар сұлы, 0,073 мың гектар жүгері, 5,03 мың гектар жердің масақ са­бағы жи­на­лып, 8,96 мың тонна дәнді дақыл­дар бастырылды, әр гектарға шақ­қанда орташа түскен түсім 7,4 центнерден айналуда. 0,25 мың гектар көкөніс алқабы да жина­­лып, түскен түсім 5,01 мың тон­на­ны құрады. Әр гектарға шаққанда орташа түсім 200 центнерден ай­нал­ды. Ал 0,13 мың гектар бақша да­қылынан 2,8 мың тонна өнім алынды. Әр гектарға шаққанда орташа түсім 215 центнерді, 0,15 мың гектар картоптан, түскен түсім 2,92 мың тоннаны құрады. Ауданда егіншілікпен қатар, мал шаруашылығын өркендетуге, оның өнімдерін ұқсату ісін да­мы­туға да тиісінше назар аударылып келеді. Қазіргі кезде аудан бой­ын­ша 430 шаруа қожалығы мал өсі­румен шұғылданады және 7 бор­дақылау алаңы бар. Бордақылау алаңында бүгінде 800-дің үстінде ірі қара бордақылануда. Мал өс­іргісі келетін ауыл тұрғындарына алдағы уақытта барынша жағдай туғызылатын болады. Осы ретте асыл тұқымды мал өсіруге бағыт­талған бағдарламаны халыққа ке­ңінен айтып, түсіндірдік. Онда суб­сидия алу жолдары да сөз бол­ды. Қазір жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Баскөл, М-Влади­ми­ров­ка ауылдық округтерінің кәсіп­кер­лері қолдап отыр. Ауданда 7 шаруа қожалығы 11 бас асыл тұқымды ірі қара малды келісім-шарт бойынша сатып ал­ды. Атап айтқанда, бұл іске М-Вла­димировка округінен «Друж­ба»  (төрағасы А.Захаров), Долоннан – «Қасқыр» (төрағасы С.Қа­­ли­шев), Башкөлден – «Айжан» (тө­р­ағасы С.Қалишев), «Бернгардт» (төр­аға­сы А.Бернгардт), Семеновкадан – «Қалижан» (төрағасы Ж.Саукенов), «Алдонғар» (төрағасы Т.Ау­шах­манов), Сосновкадан – «Ринат» (төрағасы О.Баймұ­хам­бе­тов) белсене қатысты. Кәсіпкер Арбиев деген азамат несие алып, «Сарықамыс» учаскесін иеленіп, 12 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Онда бор­да­қы­лау алаңын салды, мал азығын дайындайтын, мал қиын шығару толық механизацияландырылды. Ос­ындай игілікті істердің нәти­же­сінде ауданда биыл мал басы мен құс саны едәуір өсті. Ірі қара – 43 159 бас, оның 16 356-сы сиыр, қой мен ешкі – 60 296 бас, шошқа – 3 606, жылқы – 8 890, құс – 41 114 бас болып отыр. Үстіміздегі жыл­дың өткен 7 айында ауыл шаруа­шылығының өнімдері: ет – 2 729,2 тоннаға, сүт – 26 663,3 тоннаға, жұ­мыртқа – 2 066,5 мың данаға же­тіп, жоспар 100 пайызға орын­далды. Тәуелсіздік мерейтойын лай­ық­ты қарсы алуға байланысты іс-шаралар бағдарламасы жасалған. Онда атқарылатын істер нақтылы көрсетілген. Еліміздің торқалы той­ына аудан кәсіпкерлері өз тар­туларын жасауда. Солардың бірі, жақында облыс орталығында «Қа­зақстанның ең үздік тауары – 2011» атты жыл сайын өтетін бай­қау-көрмеде Глуховка ауылдық ок­ру­гінен «Қалиханұлы» шаруа қо­жалығы (төрағасы М.Каликов) «Өн­імнің жаңа түрлерін шығар­ға­ны үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломға ие болса, Долон ауылдық округінен кәсіпкер Болат Шамамбай дом­бы­ра жасаудан облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «20 жарқын іс» бағдарламасы бойынша да айтарлықтай игі істер атқарылды. Жуырда Нұрлыбек Бай­мұратов атындағы орта мектепте «Балдырған» шағын орталығы аш­ылды. Аудан кәсіпкерлерінің қол­да­уымен оқушылар жазғы дем­а­лыс­тарында Астана қаласына жә­не басқа жерлерге саяхат жасады. Тәуелсіздік жылдарында Беген орта мектебі мен аудан орталығында 50 адамдық емхана жаңадан са­лы­нып, бой көтерді. Ауданның 24 мектебі толық интернет то­ра­бына қосылды. Көптеген ау­ыл­дарда «Таза су» бағдар­ла­ма­сы бойынша су жүйелері жөн­деуден өтті. Ауылдар абат­тан­дырылып, көркейіп, көріктене түсті. Ана тілінде білім алатын шәкірттер саны да үздіксіз өсу үстінде. Сонымен қатар, мәде­ниет саласы да өркендеп, да­му­да. Ауданда көркем­өнер­паз­дар үйірмесі әр ауылда тұ­рақ­ты түрде жұмыс істейді. Үс­ті­міздегі жылдың шілде ай­ында Өскемен қаласында «Ор­ал­хан­ның көктемі» атты V аймақтық әншілер байқауында аудандық мәдениет үйінің қызметкері Гүл­дана Оразбекова арнайы жүлде – «Жез­таң­дай» әнші но­ми­нациясы бой­ын­ша мара­пат­талды. Ауданда 11 мешіт жұ­мыс істейді. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 жарқын іс» акциясы аясында «Менау әжелер қорының» президенті Мақсұт Өмірхановтың бас­тауымен және аудан әкім­дігінің қолдауымен ұйымдас­ты­рылған рес­публикалық ақын­дар айтысы дү­р­кіреп өтті. Онда ауданның Тәуел­сіздік жылда­рын­дағы табыстары ақындардың бас­ты тақырыбы болды. Жақында «Туған жерге – тағ­зым» акциясы бойынша Семей яд­ролық полигонының жабылуының 20 жылдығына арналған іс-шара Шығыс Қазақстан облысы мәсли­ха­тының  депутаты, облыстың Құр­­метті азаматы Омарбек Байуа­қов­тың бастамасымен «Бесқарағай жә­не полигон» атты телемарафон да жоғары деңгейде өтті. Онда 2 миллион теңгеден астам қаржы жиналып, 20 мүгедек балалардың әрқайсысына 20 мыңнан ақшалай көмек көрсетілді. Тәуелсізді­гі­міз­дің 20 жылы ішінде Бесқарағай ау­данының әлеуметтік-экономи­ка­лық даму жолдарын ауданның Құр­метті азаматы, Қазақстан Рес­публикасының мәдениет қайрат­ке­рі, журналист Асылбек Қожахмет­ұлы «Тәуелсіздік таңы» атты жа­қында жарыққа шыққан кітабында кеңінен жан-жақты баяндаған. Қорыта келгенде, Тәуелсіздік мемлекетті нығайтуға, өміріміздің бар­лық саласын дамытуға мүм­кін­дік беріп отыр. Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз. Сондықтан 20 жылдық мерейтойды атап өту әр қазақстандық үшін ерекше мән-мағынаға ие. Бесқарағайлықтар бұл мерейтойды жемісті жетістіктерге жете отырып, өз үлестерін қосып, лайықты қарсы алады деген сенімдемін. Енді, міне 24 қыр­күйекте аудан жұртшылығы Өске­менде «Туған жерге – тағзым» акциясы бойынша ауыл шаруа­шы­лығы жәрмеңкесін өткізіп, ән мен күйден шашу шашпақ. Қалихан БАЙҒОНЫСОВ, Бесқарағай ауданының әкімі. Шығыс Қазақстан облысы. Суретте: аудан әкімі Қ.Бай­ғо­нысов (ортада).