23 Қыркүйек, 2011

Нәтиже күткендегіден де жоғары болды

291 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
20 қыркүйекте «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджановтың төраға­лық етуімен фракцияның кеңейтілген оты­рысы өтті. Отырыста партияның Ха­лықтық тұ­ғыр­намасының орындалу ба­ры­сы тал­қы­ланды. Газеттің бүгінгі нө­мі­рін­де Премьер-Министр Кәрім Мәсімов­тің баяндамасын не­гізге ала отырып, Халықтық тұғыр­на­ма­ны жүзеге асырудағы негізгі нәтижелермен таныстырмақпыз. Үкімет басшысы баяндамасында атап өткеніндей, Қазақстан 2007-2010 жыл­дардағы кезеңде ІЖӨ-нің өсімін оңды нәтижелермен қамтамасыз етті. Осы жылдардың әр жылында Қазақстан елдің экономикалық өсу қарқынын төмен­де­туге жол бермеді. Керек болса, еліміз аса ауыр әлемдік қаржы-экономикалық дағ­да­рыс кезінде де ІЖӨ-нің өсімін ұстап тұрды. Экономикалық өсім 2009 жылдың өзінде 1,2 пайызға артуын қамтамасыз етті. Салыстыру ретінде алатын бол­сақ, 2009 жылы Ресей эконо­ми­ка­сы­ның төмендеуі 7,9 пайызды, Украина – 15,1 пайызды, АҚШ экономи­ка­сы­ның құлдырауы 2,6 пайызды құ­рады. Бүгінде Қазақстан Латвия, Бразилия, Малайзия, Түркия, Болгария сияқты орташа табыс деңгейіндегі елдер тобының жоғары сатысынан сенімді түрде орын алды. Сондай-ақ еліміз ІЖӨ көлемі бойынша Орталық Азия өңірінде көш бастап келеді. Мысалы, 2010 жылы Қазақстанның ІЖӨ 148 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Бұл көрсеткіш Орталық Азиядағы төрт мемлекеттің жалпы ІЖӨ-сін қоса есептегенде екі есе көп екендігін білдіреді. Қазақстан өзінің тәуелсіздігі жыл­дарында Орталық Азияға бағытталған барлық шетелдік тікелей инвестицияның 80 пайызын тарта білді. Тек 2007 жыл мен 2011 жылдың бірінші тоқсаны ара­лығында шетелдік тікелей инвес­ти­ция­ның жалпы көлемі 80,5 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Сон­дай-ақ біздің еліміз өңірде тартылған шетелдік инвестицияны жан басына шаққанда да өзінің көш­бас­шы­лығын ұзақ жылдардан бері ұстап келеді. Жан басына шақ­қан­дағы бұл көр­сеткіш 622 АҚШ долларын құрайды. Қазақстандықтардың табысы осы мерзім ішінде айтарлықтай өсе түсті. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі екі есеге қыс­қарып, ол 2007 жылғы 12,7 пайыздан 2010 жылы 5,6 пайызға төмендеді. Ал бюд­жеттік саладағы қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысы 2007 жыл­мен салыстырғанда екі еседен астамға өсті және ол 2011 жылғы 1 шілдеде 67 мың теңгеден асты. Тұрғындардың екінші деңгейдегі банктерге салым­дары да өсіп, 2011 жылдың шілдесінде 2,5 триллион теңгені құрады. Бұл 2007 жылдың қаңтарымен салыс­тыр­ғанда 1,5 триллион теңгеге көбейгенін білдіреді. Аталған кезең ішінде тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі де жоғары дең­гейде қамтамасыз етілді. Соның нәтижесінде жұмыссыздар деңгейі айт­арлықтай төмендеп, 2007 жылғы 7,3 пайыздан осы жылдың екінші тоқ­са­нында 5,4 пайызға дейін төмендеді. Атал­ған кезеңде елімізде 1 миллион 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашыл­ды. Жастар арасындағы жұмыс­сыздық деңгейі 2007 жылғы 9,4 пай­ыз­дан 2010 жылы 5,2 пайызға дейін төмендеді. Елімізде тұрғын үй құрылысы бағ­дарламасы да күткендегідей жүзеге асы­рылып келеді. Тек 2008-2010 жыл­дар­ға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында 19,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайда­лану­ға беріліп, 535 мыңға жуық қазақстан­дық өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Елімізде тұр­ғындарды әлеу­меттік жағынан қор­ғау жүйесі де белсенді дамып келеді. Мысалы, зейнетақының орташа мөлшері 2007 жылмен салыс­тырғанда 2,6 есе артып, 27 665 теңгеге жетті. Базалық зейнетақы көлемі күн­көріс минимумының 50 пайыз деңгейіне дейін көтерілді. Ал арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсті. Мыса­лы, бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 есеге, баланы бір жасқа дейінгі күтуге бағытталған жәрдемақы 2,6 есеге артты. Елімізде білім сапасын арттырып, білім беретін мекемелердің инфрақұ­ры­лымын жақсартуға да баса назар ауда­рылуда. Аталған мерзім аралы­ғын­да білім саласын қаржыландыруға бағыттал­ған қаржы екі есеге артып, ол 2007 жылғы 480,7 миллиард тең­ге­ден 2011 жылы 898 миллиард теңгені құрады. «Нұр Отан» партиясының тұғырнама­сын жүзеге асыру қолға алынғаннан бері мектепке дейінгі ме­кемелердің саны 4 мың нысанға жетіп, 137 балабақша пай­далануға берілді, осы жылдың соңына дейін тағы да 65 балабақша салынатын болады. Сонымен қатар, 2007 жылдан бері 343 мектеп, 49 техникалық және кәсіби білім беру оқу орындары салын­ды. Жылдың аяғына қарай тағы осындай 25 мектеп пен 3 кәсіптік-техникалық училище пайда­лануға беріледі. Педагогикалық қызметкерлердің ең­бекақысы жыл сайын көтеріліп келеді. Олардың қызметтік айлықтары 2009 және 2010 жылдары 25 пайызға арттырылған болатын, 2011 жылы тағы да 30 пайызға өсірілді. Сондай-ақ 2008 жылдан бастап мұғалімдерге қызметтік ақыларының 100 пайыз мөлшерінде өтемақы төлене бастады. Білім беру саласына ерекше көңіл бө­лудің нәтиже­сінде оқушылар халық­ара­лық деңгейдегі олимпиадаларда алдыңғы лектен көрініп жүргендігін атап өткен жөн. Мысалы, 2007 жылы TIMSS халықаралық бай­қауда қазақ­стан­дық оқушылар математика бой­ын­ша бесінші, әлемнің 36 елінің оқу­шылары қатысқан жаратылыстану пәні бойынша он бірінші орынға ие болды. ЮНЕСКО-ның 2008 жылғы есе­біне сәйкес Қазақстан білімді да­мыту индексі бойынша дүние жүзінің 109 елінің арасында төртінші орынды алды. Қазақстандық жастар халық­ара­лық мектеп оқушылары арасындағы олимпиа­даларға қатысып, өз білімдерін әлемге танытуда. Мәселен, биыл­ғы жылы еліміздің оқушылары математика, физика, информатика бойын­ша өткен ха­лықаралық олимпиадаларда көптеген алтын, күміс және қола медальдарды жеңіп алды. Мемлекет қазақстандықтардың ден­саулығын жақсартып, меди­ци­на­лық қыз­мет көрсетуді жандандыру мәселесіне де ерекше ден қоюда. Ме­дициналық мекемелерді қаржы­лан­ды­ру жайы бұрынғы жылдарға қара­ған­да еселеп арттырылды. Мәліметтерге қарағанда, денсаулық сақ­тау саласына 2007 жылы 311 миллиард теңге жұм­салған болса, 2011 жылы бұл көр­сеткіш 640 миллиард теңгеге көбей­ген. Бұл денсаулық сақтау саласын бюд­жеттен қаржыландыру екі еседен ас­тамға өскенін көрсетеді. Ал меди­ци­на­лық ұйымдарға озық үлгідегі жаб­дықтарды сатып алуға және ден­саулық сақтау нысандарын салуға да мемлекет қаржы аяп жатқан жоқ. Мысалы, жаб­дық­тар алуға 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Со­нымен қатар 145 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, пай­далануға берілді. Халық­тың денсау­лығын қорғауға ерекше назар аудару­дың нәтижесінде ана өлімі 2007 жыл­ғымен салыстырғанда 2011 жылдың бірінші жартысында 63 пайызға тө­мендеді. Кешенді шаралар қабыл­даудың арқасында адамдардың өмір сүру ұзақ­тығы 2007 жылғы 66,4 жастан 2010 жылы 68,4 жасқа ұзарды. Яғни, тұрғын­дардың өмір сүру ұзақ­тығы екі жасқа көбейді. Елімізде ғылымды дамытып, оның жаңа модельдерін енгізу жайы жыл­дан-жылға жақсарып келеді. Мұның негізінде ғылым салаларын қаржы­лан­дыру мәселесі жатыр. Соның нә­тижесінде ғы­лыми-зерттеулерді қар­жыландыру 2007 жылмен салыстыр­ған­да 2011 жылы 1,8 есеге артқан. Осы кезең аралығында 5 ұлттық ғы­лы­ми зертхана және жоғары оқу орын­дарының жанында 15 инженерлік бейіндегі зертхана құрылды. Бәсе­келестікке қабілетті ұлттық иннова­циялық жүйелерді қа­лып­тастыруға негізделген «Ғылым туралы» жаңа Заң қабылданды. Бұл құжат тәуелсіз ғылыми сараптамаларды өткізгеннен кейінгі ғылыми жұмыс­тарды жүзеге асыруға кепілдік береді, сондай-ақ уни­верситеттік ғылымды дамытуды мақсат етеді. Сон­дай-ақ елі­міздің ин­новациялық мүмкін­дігін дамыту үшін «Назарбаев университеті» және ин­теллектуалдық мектептер жүйе­сі құ­рылды. Бұлардан бөлек Прези­денттің тапсырмасы бойынша елімізде әлем­дік деңгейдегі кәсіптік-техникалық колледждер жүйесін құру жұмыстары басталды. Шағын және орта бизнес – эко­но­миканы дамыту тетіктерінің бірі бо­лып табылады. Бүгінде елімізде ша­ғын және орта бизнес ойдағыдай да­мып келеді. Мәселен, қазіргі кезде бел­сенді шағын кәсіпкерлік субъек­тілерінің саны 2007 жылмен салыс­тыр­ғанда 4,1 пайызға артқан. Ал ша­ғын бизнес субъектілері­нің өндірген өнімдер көлемі де жыл өткен сайын өсе түсуде. Ол 2007 жылмен салыс­тырғанда 12,2 пайызға өсіп отыр. Жалпылай алғанда, өткен жылы елі­міздің ІЖӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 30 пайыздан асып түсті. Осылардың барлығын әлеуметтік-экономикалық реформаларды табыс­ты жүзеге асыра білгендіктің нәти­жесі деп бағалауымыз керек.