23 Қыркүйек, 2011

Адамзат арманымен астасқан бастама

311 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қазақстан Пре­зи­дентінің жаһандық қауіп­сіз­дік және ядролық қарусыздану жөніндегі көшбас­шы­лығы әлем назарында Линн ПАСКОУ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары: – Менің ойымша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды стратегиялық шешім қабыл­дады және оның ядро­лық сынақтарды тоқтату, Орта­лық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі бастамасы дер кезіндегі өте өзекті мәселе. БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы Семей полигоны аумағына бар­ған сапары барысында біз сіз­дер­дің Президенттеріңіздің ядролық қарулануға қарсы бастамасы сөз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс істеп жатқанына көзіміз жетті. Аймақтағы Қазақстанның көш­бас­шылығы – бұл бүгінде бүкіл әлем үшін даусыз ақиқат. Джонатан ГРАНОФ, Жаһан­дық қауіпсіздік институтының президенті: – Қазақстанның өз жері аумағында жасалған барлық яд­ро­лық сынақтан кейін ядролық қаруға тыйым салу туралы айтуға толық моральдық құқығы бар. Қазақстан адамзаттың болашағы ядролық қарусыз болуы керектігі туралы барлық даусымен мәлім­дейді. Бүкіл адамзат бұл бас­та­маға барынша қолдау көрсетеді. Президент Назарбаев жаңа кітабында Қазақстан ислам мен христиан­ның, шығыс пен батыс­тың дамуының және дәстүр­лері­нің тоғысқан жерінде тұрған­ды­ғын, сонымен бірге бұл құнды­лық­тарды үйлесіммен жалғас­тырып келе жатқандығын атап көрсетеді. Нақ осы плюрализм мен толеранттық, бейбітшілік пен келісім идеяларының бүкіл әлемде басымдыққа ие болатын­ды­ғына үміттенемін және толық сенемін. Майкл КОЕН, Ньюскулл университетінің профессоры: – Қазақстан Орталық Азия­ның әлем таныған Көшбасшысы. Біз үшін сіздердің еліңіздің бас­шысының ядролық қауіпсіздік туралы және басқа да мәселелер жөніндегі пікірі аса құнды. Біз Қазақстанның халық­аралық дә­ре­жедегі бастамаларын қолдаймыз. Сала САЛАХ, Египеттің БҰҰ-дағы өкілдігінің қыз­меткері: – Біз Қазақстан Президентінің ядролық энергетика және ядро­лық қарулану салаларындағы қауіп­сіздікті қам­тамасыз ету жөніндегі барлық бастамасын қолдай­мыз. Менің ойымша, бүкіл адамзат бұл мәселені қол­дай­ды және оған толық түсіністікпен қарайды. Нақ осын­дай мәселе­лер­ді тек теория жүзінде ғана емес, іс жүзінде де көтеріп  келе жатқан әрбір мемлекет аса зор құрметке ие бола алады. Дженифер ТЕРРИ, халық­ара­лық қарым-қаты­нас сала­сы­ның сарапшысы (АҚШ): – Қазақстан мен АҚШ барлық салаларда, оның ішінде, ядролық қауіпсіздік саласында да өте ты­ғыз бай­ланыс жасап келеді. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселе­лер­ге айрық­ша назар аударып келеді. Ол ядролық сынақ полигонын жапты және әлемдегі ең қуатты ядролық қару арсеналынан бас тартты. АҚШ сіздердің Президенттері­ңіз­ді біледі және құрмет тұтады. Мелиса ХОЛМС, бүгінгі за­манның саясаты және басқару саласының сарапшысы: – Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың 1991 жылы Семей полигонын жапқандығын еске ала отырып, тек біз қазір ғана бұл шараның бүкіл адамзат үшін қандай маңызды тарихи қадам болғандығын бағалау мүмкінді­гіне жетіп отырмыз. Бұрын біз бұл туралы ойланғамыз жоқ. Ал Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқаннан кейін бүкіл әлемде Қазақстанға деген сенім мен құрмет барынша өсіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев өзі­нің осы шешімімен елінің тұрақ­ты дамуына негіз қалап қана қойған жоқ, сонымен бірге ол ай­мақтық және халықаралық қауіп­сіздік пен тұрақтылықты қамта­масыз етуге зор үлес қосты. Өт­кен жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Менің ойымша, бұл сіздердің Президенттері­ңіз­дің орасан зор  еңбегінің жемісі. Марк ШНАЙДЕР, Этнос­ара­лық өзара түсіністік қоры­ның президенті: – Қазақстан АҚШ үшін ғана емес, сонымен бірге, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бүкіл­әлем­дік қоғамдас­тықтың айрықша серіктесі болып табылады. Сондықтан да Қазақ­станның және Президент Н.Назар­баевтың барлық бастамала­ры маңызды сипатқа ие. Мен Қазақстанда екі рет болдым. Осы сапарларым барысында сіздердің елдеріңіздің дамуына, әсіресе, сәул­етті де сал­танатты Астана­ның келбетіне ерекше таң қалдым. Қа­зақ­стан сонымен бірге,  дінаралық үнқатысу және ұлтаралық келісім мәселелері бойынша үлгі болып табылады. Мен Қа­зақстанда барлық конфессиялар арасындағы өзара сый­лас­тық пен толеранттықтың нақты көріністеріне куә болдым.