Келісімнің мақсаты апаттық жағдайдағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару саласындағы екі мемлекеттің іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық болып табылады.
Келісім шеңберінде бір тарап мемлекетінің іздестіру-құтқару қызметі өз іздестіру-құтқару ауданындағы авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға туралы хабарлама алатыны көзделген, бұл ретте іздестіру және құтқару бойынша барлық қажетті шаралар дереу қабылданады. Көмек кез келген адамға, ол адамның азаматтығына немесе мәртебесіне не оның қандай жағдайда табылғанына қарамастан, көрсетіледі.
Бұған қоса, тараптардың іздестіру-құтқару қызметтері бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу, мемлекетаралық байланыс арналарын тұрақты тексеру, сарапшылардың өзара сапарлары, іздестіру-құтқару ақпаратын алмасу жолымен өзара іс-қимыл жасайды.
Құжат палата отырысының қарауына жіберілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.