Айта кететін жайт, осы жеңілістен кейін «Шахтер» футбол клубының басшылығы мен бас бапкері отставкаға кетті.
«Астананы» өкшелеп келе жатқан «Ордабасы» сырт алаңда ойнағанына қарамастан, «Оқжетпесті» тізе бүктіріп, маңызды үш ұпайға ие болды. Ал үздік үштікті түйіндеген «Қайрат» болса, Қызылордада жергілікті «Қайсардан» аса тартысты өткен ойында басым түсті.
Бұл турда «Атыраудың» тағы да жеңіске жеткенін атап өтуге болады. Каспий жағалауының ойыншылары өз алаңында «Ақжайықтың» қақпасына жауапсыз екі гол соғып, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Осы жеңістен кейін бұған дейін көш соңында жеңілістен көз ашпай келген «Атырау» турнир кестесінің жетінші сатысына көтерілді.
Үздік үштіктің соңынан қалмай келе жатқан «Тобылды» бұл турда «Тараз» тоқтатты. Сондай-ақ, «Ақтөбе» өз алаңында Павлодардың «Ертісіне» жол берді. Мұның өзі үздік алтылық ішіндегі тартысты тіпті күшейте түсті.
Премьер-лига командалары өткен 14-турды мынадай нәтижелермен аяқтады:
«Тараз» – «Тобыл» – 1:0 (0:0), Байжанов, 81 (1:0). «Ақтөбе» – «Ертіс» – 1:2 (0:0), Ткачук, 56 (0:1). Зенькович, 73 (1:1). Фонсека, 87 (1:2). «Оқжетпес» – «Ордабасы» – 1:2 (0:2), Нөсербаев, 20 (0:1), Тұңғышбаев, 39 (0:2), Генков, 90 (1:2). «Қайсар» – «Қайрат» – 1:2 (1:2), Курьор, 9 (0:1), Исламхан, 32 – пенальтиден (1:1), Гоу, 36 (1:2). «Астана» – «Шахтер» – 4:1 (3:0), Кабананга, 10 (1:0), Кабананга, 20 (2:0), Мұжықов, 24 (3:0), Тәттібаев, 52 (3:1), Кабананга, 55 (4:1). «Атырау» – «Ақжайық» – 2:0 (2:1), Двалишвили, 30 (1:0), Двалишвили, 59 (2:0).
Сұрмергендер бәсекесіндегі жағдай мынадай:
Жерар Гоу («Қайрат») – 11, Жуниор Кабананга («Астана», 1) – 9, Алексей Щеткин («Тобыл», 1) – 8, Таңат Нөсербаев («Ордабасы») – 6, Бауыржан Исламхан («Қайрат», 2) – 5.
Маусым айының 3-і күні өтетін 15-турда командалар мынадай жұп құрап, күш сынасады:
«Астана» – «Атырау», «Ақжайық» – «Ақтөбе», «Ертіс» – «Оқжетпес», «Ордабасы» – «Тараз», «Тобыл» – «Қайсар», «Қайрат» – «Шахтер».
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»