Қазақстан • 20 Маусым, 2017

Жаңғыруға Ассамблея атсалысуда

170 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Тәуелсіз Қазақстанның дамуында біздің поли­этностық мемлекетіміздегі жалпыұлттық бірліктің, бейбітшілік, келісім мен ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды рөл атқарып келе жатқаны анық. Дәл осы құндылықтар мемлекетіміздің трансформациялы бағдарламасының іске асу мүмкіндігін көп жағынан қамтамасыз ете білді.

Жаңғыруға Ассамблея атсалысуда

Біздің жеткен жетістіктеріміз көп, бірақ уақыт бір орнында тұрмайтындықтан, Қазақстан бүгінгі таңда ең дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жаңа тари­хи кезең – Үшінші жаңғыру кезеңі­не аяқ басып отыр.

Жаһандық трансформациялық үрдістер мен жаңа технологиялық төңкерістер дәуіріндегі осы өр­шіл мақсаттың шешімі, сондай-ақ жалпы әлемдік саяси және экономикалық тұрақсыздық тек материалдық қана емес, сонымен бірге ұлттардың рухани қуатын да талап етеді.

Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында қолға алынып жатқан шаралардың қоғам­дық сананы тек саяси және эко­номикалық тұрғыда ғана емес, рухани жағынан да жаң­ғыр­туы қажеттігін  атап өтуі кездей­соқтық емес.

Жаңа тарихи жағдайлар жаңа­ша ойлаумен қатар, қоғамдық сана­ның да жаңартылған моделін та­лап етеді. Бұл ретте, қоғамдық сана­ны жаңғырту үрдісінде оның негізін қалаушы бірегей мә­де­ни кодтарымыз жоғалған жоқ, ке­рісінше, жаңа, өміршең түр­ге ай­на­лып, тиімді рухани жаңғырудың драйвері бола білді. Ұлттық мәдениет, тарих пен дәс­түр­лер бұл аталған үрдістің алғы­шарты және негізі болуы тиіс.

Мемлекет басшысының бас­тама­сын іске асыруда Қазақ­стан халқы Ассамблеясының рөлін бағаламау қиын. Өйткені, бүгін­де ол Қазақстанда тұратын бар­лық этностардың бірегей де төл мәдениетін сақтап, дамы­ту негізінде ұлтаралық қаты­нас­­тарды жетілдіру мен үйлес­тіру­дің, нығайтудың басты инс­титуты болып отыр.

Біртұтастық қағидатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын қоғамдық сананы жаңғыртудың жаңа векторы Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының және оның өңір­лік бөлімшелерінің алдағы кезең­ге арналған қызметінің не­гіз­гі бағыттарының біріне ай­налуда. Ал ол үшін қажетті тәжі­рибе мен ресурстарымыз бар­шылық. Осы этносаралық қаты­нас­тар саласындағы жұмыс­ты ұйы­мдастыруда Алматы об­лысының тәжірибесін бір мы­сал ретінде қарастыруға бола­ды. Себебі, Жетісу өңірі тари­хи тұрғыда еліміздегі ең бір көп ұлтты аймақ болып есеп­теледі. Сондықтан, этносаралық қатынас­тар саласы мен мемлекеттік ұлт­тық саясат мәселесі аймақтық би­лік органдары мен қоғамдық ұйымдардың тұрақты назарында болып келеді.

Атап айтқанда, Елбасының бастамаларын бағдарламалық тұрғыда өңірде іске асыру мақ­сатында арнайы комиссия құ­ры­­лып, оның құрамына бел­гі­лі қоғам және мәдениет қай­­­рат­керлері, мемлекеттік ор­­ган­дардың, саяси пар­ти­я­лардың, этномәдени бірлес­тіктердің, ұйым­дардың, үкіметтік емес сек­торлар мен бұқаралық ақпа­рат құралдарының өкілдері кір­ді. Комиссияның қызметі халқы­мыздың рухани және мәдени құн­дылықтарын сақтауды қам­тамасыз етуге арналған.

Осы жұмыс аясында облыс­тық Қазақстан халқы Ассамблея­сында 200-ден астам түрлі мә­дени, білім беру және басқа да іс-шара өткізілді. Бүгінгі таң­да өңірде этносаралық про­цес­терге тұрақты мониторинг жүр­гізудің тұтас жүйесі құ­рыл­ған. Бұл жүйенің негізгі эле­мент­тері қоғам­дық келісім Кеңестері, Ана­лар Кеңестері, Достық Үйлері мен ме­д­иация кабинеттері болып отыр.

Олардың қызметінің ма­ңызды бағыттарының бірі – қақ­ты­ғыстардың алдын алу, қайы­рымдылыққа ынталандыру, тұр­ғындардың азаматтық жауап­кершілігі мен қоғамдық бел­сен­діліктерін көтеру болып табылады.

Қазіргі уақытта, облыста 600-ден астам қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Өткен жылы олар 500-ден астам әртүрлі ықтимал қақтығыстар мен әлеу­меттік дауларды шешуге ат­салысты. Сондай-ақ, өңірде 260-тан астам аналар кеңесі бар. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәл осы институт некені сақтау және нығайту, жас отбасыларға лекториялар ұйымдастыру, тұр­мысы төмен және толық емес отбасыларға көмек көрсету секіл­ді мәселелерді шешуде ең тиімді тетік болып есептеледі.

Сондықтан да, бір ғана «Ақ орамал» акциясының барысында Алматы облысы бойынша 150-ден астам іс-шаралардың ұйым­дас­тырылуы кездейсоқтық емес.

«Нұрлы болашақ» Ұлттық жобасын іске асыру аясында қазақ­стандық сәйкестік пен қо­ғам­дық келісімді қалыптасты­ратын құндылықтар белсенді түрде насихатталуда.

Білім беру мекемелеріндегі қолданыстағы оқу бағдар­ла­ма­сына тиісті арнайы курстар енгізіліп жатыр. Бұдан басқа да, өңірлік білім басқармасымен бірлесе отырып, Талдықорған қала­сындағы Оқушылар сара­йында арнайы орталық құрылса, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында аталған мәселелер бойынша ғылым, білім беру ор­талығы ашылып, белсенді жұмыс істеуде.

Мұның барлығы да, алдағы жылдарда қоғамдық сананы ауқымды түрде жаңғыртуда қазақ­­­стандық ұлттың және біз­дің ұлт­тық даму моделіміздің бәсе­­ке­ге қабілеттілігін арттыруға бағыт­­талған жаңа күн тәртібін қа­лып­тастыруда қосқан қомақты үлес болып табылады.

Бүгінгі күн үшін Мемлекет бас­­шысының бастамасы мен ұсы­­ныл­ған бағдарламаларды іске асы­­ру­д­ың негізгі аспектілерінің тұр­­ғындар тарапынан кең қолдау табуы мен түсінуі өте маңызды болып отырғаны сөзсіз. Осы мақсатта маусым айының басында Талдықорған қаласында «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сы азаматтардың бірігуі үшін маңызды фактор» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің вице-спикері, Қазақ­стандағы орыс, славян және казак ұйымдарының төрағасы Влади­мир Божко, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Шара барысында Елбасының бағдарламалық мақаласы кеңінен талқыланды әрі ұлтаралық қаты­нас­тар саясатын өңірлік дең­гейде іске асырудың негізгі ас­пек­ті­лері сөз болды. Жиында эт­но­мәдени бірлестіктердің көшбасшылары, құрылымдық бөлімшелердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкіл­дері және басқа да көптеген бел­сенді азаматтар қатысып, руха­ни жаңғыруға қатысты өз пайым­дарын жеткізді.

Шараға қатысушылардың барлығы да Елбасының бағдар­ламалық мақаласын, сондай-ақ Мемлекет басшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА ХХV сессиясында берген тап­сыр­­ма­ларын жүзеге асыру үшін алда үл­кен және салмақты жұ­мыстар күтіп тұрғаны туралы ортақ пікірге келді.

Президент атап өткендей, Қазақ­станның жаңа дәуірдегі тоғы­сында жаңарту және жаңа идея­лар арқылы өзінің жар­қын болашағын өз бетінше қалыптастыру секілді бірегей тарихи мүмкіндік тұр. Ал оны пайдалана білу үшін жалпы ішкі рухани жаңару мен дамуға ұдайы ұмтылып отыру, өзінің өміршеңдігін ғасырлар бойы дәлелдеп келе жатқан мәдени дәс­түрлерді, прогрессивті идея­ларды қабылдай білу қазақ­стан­дықтардың қоғамдық санасын қалыптастыруда жаңа парадигма болуы тиісті. Оның негізгі меже­лері белгіленіп, ұсынылып, нақты іс-шаралар, бағдарламалар мен жобалар әзірленіп, алғашқы қажетті қадамдар жасалып кетті.

Сонымен, жаңадан бас­тау ал­ған жаңғыру проце­сінде Қазақ­стан халқы Ассамблея­сы­ның және оның өңірлік құры­лымдарының қызметі бүгінгі күні оның ажырамас және маңызды бөлігі болып отыр.

Ғабит ТҰРСЫНБАЙ,
Алматы облыстық Қазақстан халқы  Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі