ЭКСПО-2017 • 28 Маусым, 2017

Күймелері күмбірлеген керуен

439 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел мерейін асырған ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесіне орай мамыр айында тарихи Тараз шаһарынан «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені жолға шыққан болатын. Бір айдан астам уақыт бойы Әулиеатаның Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарын және көптеген елді мекендерін басып өткен этнографиялық керуен Мойынқұм ауданына келді.

Күймелері күмбірлеген керуен

Бұл күні Кеңес ауылында Тараз инновациялық-гумани­тарлық университетінің, об­лыс­тық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы халық шығармашылығы орта­лығының және Мойын­құм ауданы әкімдігінің ұйым­дас­тыруымен сегіз киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. 
Бұл сапар халқымыздың ежелгі тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін еске түсіретін ерекше күн болды. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәде­ниетіміз бен тарихымыз да этнографиялық керуеннің өн бойынан көрініс тауып тұрды. Сонымен қатар, жиналған көпшілік ауылдың тұрмысы да тамырымыздың бір бөлшегі екенін сезіне түсті. Ауыл ірге­сін­де бие сауу, ұршық иіру, диір­мен тарту және жүн сабау сияқты тұрмыс құндылықтары да насихатталды. Ал өңірге белгілі құсбегілер баптаған бүр­кі­тін айнала ұшырып, ежелгі дала мәде­ниеті­нің маз­­мұнын көрсетті. Құстың аспан­­ды айнала ұшып жүріп, кенет бүр­кіт­шіге керуеннің келе жат­қанынан белгі беруі де талайды таңдандырмай қоймады. 
Шудасы желмен желкілде­ген түйелердің тарпаң бейне­лері мен ұлттық киімдері сән-салтанатын келтіріп тұрған адамдар арасындағы өзара байланыс та Ұлы Даланың дегдар болмысын, көркем келбетін танытып тұрғандай әсер етті. Ал күймелері күмбір­леген көшті ауыл тұрғындары ұлттық дәстүрге сай қарсы алды. Қазақы дәстүрге сай қынама бел қам­зол киген қыз-келіншектер керуен­ші­лерге қымыз бен шұбат ұсынып, ілтипат көрсетті. 
Шара барысында қазақтың ба­ла­ны бесік­ке салу, тұсауын ке­су, тоқымқағар сияқ­ты ұлт­тық салт-дәстүрлері дәріп­тел­ді. Үлкендер жағы жастарға біл­ме­­ге­­нін үйретіп, үлгі көр­сетті. Әсіресе, бұл кө­рі­ніс бо­ла­­шақ аналар үшін де пай­да­лы ке­ңес болды. Сондай-ақ, жер­гілікті өнер­паз­дар мен сал­та­­нат қонақтары ән шыр­қап, Мойын­құм даласын әсерлі күйге бөледі. 
Халқымыздың ықылымнан келе жатқан ырысты салтының бірі – сапар­ға оң болсын айту болған. Бабалар өсиеті­мен жалғасып келе жатқан осынау игі дәстүр бүгінде қолдау тауып, жинал­ған көпшілік Ас­тана төріне бет алған кер­уен­ші­лерге сәт-сапар тіледі. Об­­лыс әкімінің орынбасары Ер­қанат Ман­жуов бастаған жам­был­дықтар Мойын­құм ауданы­нан этнографиялық керуен­­ді шығарып салды. Айта кетейік, Мойын­құм ауданы, Кеңес ауылы аталған кер­уен­нің Жамбыл облысындағы соң­­ғы беке­ті. Ал кеш түсе «Ұлы Жі­бек жолы. Көне Тараз­дан ас­қақ Астанаға тарту» кер­уені Қарағанды облысы, Сары­­­ш­аған ауылына қарай бет алды. Енді санаулы күндерден кейін күймелер күмбірі көрме алаңына да естіліп қалатын бола­ды. Айтулы көрмені тама­ша­лау­шы­лардың да ұлттың ұлы ерек­ше­лігімен танысатын күні алыс емес.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан» 

Жамбыл облысы