Қазақстан • 30 Маусым, 2017

Тәжірибе зерделеудің берері көп

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми Ұлыбритания Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы, лорд Гэри Вульфпен кез­десті, деп хабарлады Жо­ғарғы соттың баспасөз қызметі.

Тәжірибе зерделеудің берері көп

Кездесуге «Астана» Халық­ара­лық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келім­бетов пен Астанадағы Лорд өкілі, АХҚО-ның  Сот және  Халық­аралық төрелік  орталығын құру және дамыту бойынша сарапшысы Кристофер Кэмпбелл қатысты.
Әңгіме барысында Қ.Мәми жақында құқық мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік ор­ган­дардың бірінші басшылары­нан құралған қазақстандық деле­­га­­цияның Ұлыбританияда сапар­­мен болғанын атап өтті.  Сапар­­дың жемісті өткендігін айта келе, Қазақстан Жоғарғы соты­ның төр­ағасы Англия мен Уэльстің Баррис­терлер қауымдас­тығының, Лондонның Орталық криминалдық сотының және Күрделі алаяқтық қылмыстарды тергеу кеңсесінің өкілдерімен бір­қатар кездесулер өткізгенін атап өтті. Бұған қоса, шетелдік мей­манға қазақстандық судьялардың Ұлы­британияға «Болашақ» халық­аралық стипендиясы шеңберінде ағылшын құқығының негіздері мен принциптерін неғұрлым терең тәжірибелік тұрғыдан зерделеу үшін оқуға жіберілгені айтылды. 
Кездесуге қатысушылар сот пен төрелік  орталығының мәр­те­бесін анықтау, Қазақстан мен өзге елдерде сот пен төрелік актілерінің күшіне енуі туралы мәселелерді талқылады. Әңгіме барысында мейман Қазақстандағы  АХҚО-ның соты мен төрелік орталығын құру бойынша әрекетін жалпы қолдайтындығын жеткізді.