05 Қазан, 2011

Дерек пен дәйек

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
21 400 000 000 Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарына қарағанда, облыста алдағы 2011-2015 жылдары жалпы құны осыншама млрд. теңге тұратын 61 жоба жүзеге асырылмақшы Бұл күндері осы ауқымды бағытты дамытуға арналған арнайы бағдарлама жұмыс жасауда. Осы шаралар бары­сында агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобаларды жү­зе­ге асыру үшін «Қаз­агро­қар­жы» АҚ арқылы 7,6 млрд. тең­геге 7 жоба қаржыланды­рыл­са, «Бизнестің жол кар­та­сы-2020» бағдарламасы ар­қы­лы құны 5,9 млрд. теңге тұра­тын 10 жоба дайындалуда. Бұл сандарға жергілікті жердегі шаруашылықтардың өз қаражаттары есебінен 7,9 млрд. теңгенің 44 инвести­ция­лық жобасының саны кеп қо­сылады. Мысалы, осы жыл­дың алғашқы жарты жылды­ғында құны 146,1 миллион теңге тұратын 2 диірмен, жы­лы­жай, сүт өңдейтін цехтары бар 4 жоба іске қосылды. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.   70 000 000 Текелідегі экологиялық жағдайды сауықтыруға өткен жылы бюджеттен осыншама қаржы бөлінген Текелі кен байыту ком­би­на­ты­ның Рудничныйдағы кезіндегі қалдық сақтау орны залал­сыз­дан­ды­рылып, түрлі хи­ми­каттардың ауаға тарал­мау­ына барынша кө­ңіл бө­лінген. Кенттегі 44 гектар аумақты залал­сыздандырумен «Мо­нолит» ЖШС айналы­су­да. Жұмыс ма­мыр айында басталса, оған 22 техника мен адам күші жұмыл­дырылған. Мем­лекеттің қос­алқы қоры са­налған жер қой­науында 7,5 млн. тонна кен бар, дейді мамандар. Экологиялық жағдайды жақ­­сар­ту мақсатындағы бөлі­нетін қар­жы көлемі артып келеді. Тұр­ғындар шаһардағы кен қалдық­та­рын сақтау ор­нын жабу туралы мәселе көтерген. Өткен жылы бұл мә­селе өз шешімін тауып, об­лыстық бюд­жеттен 70 млн. тең­ге бө­лінген-тін. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.   21 313 Қостанай қаласында осынша шағын кәсіпкерлік нысаны бар Олар өндірген өнім мен көрсеткен қызмет үстіміздегі жылы 36800 миллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 106 пайыз болады. Жылдан жылға дамып келе жатқан шағын кәсіпкерлік халықтың экономикалық белсенді бөлігінің отыз пайызын жұмыспен қамтып отыр. Бү­гінде қалалықтар да, ауылда­ғы­лар да нарықтың осы сала­сының қыр-сырын жақсы тү­сін­ген. Қарап отырмай іс ашу­ға талаптанған жанға қаржы көз­дерін табу да қиынға соқ­пайды, өйткені, шағын бизнесті дамыту үшін мемлекеттік көмек әрқашан даяр. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.