Күрес • 03 Шілде, 2017

Астанада самбодан әлем кубогы өтеді

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік дәрежедегі спорттық сайыс 6 шілде күні басталады.

Астанада самбодан әлем кубогы өтеді

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутованың айтуынша, сайыс ерлер арасында және әйелдер арасында өтеді.

Әлем кубогін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған. ҚР Президенті сыйлығына арналған Әлем кубогының кезеңдері спорттық және жауынгерлік самбо бойынша өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлағандай, самбодан әлемдік кубок 6-8 шілде аралығында «Дәулет» спорт кешенінде өткізілмек. Әлемдік дәрежедегі сайысқа 20 елден 300-ге жуық спортшы қатысады.