Қазақстан тарапы екі ел азаматтары үшін визасыз режім қалыптастыруды ұсынды. Екі елдің сыртқы саясат ведомстволары басшыларының орынбасарлары тиісті үкіметаралық келісімнің жобасын қарастыру процесін жылдамдатудың қажеттігі жөнінде ортақ пікірге келді.
Кездесудің қорытындысында тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның үшінші отырысын өткізу үшін Астанаға келген Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Вирасакди Футракулмен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени салалардағы жай-күйі мен келешегі туралы пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Саясат • Бүгін, 11:50
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:18
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент • Бүгін, 10:45
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 09:23
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26