Медицина • 04 Шілде, 2017

МӘМС есепшоты ашылды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мін­детті әлеу­мет­тік медициналық сақ­тандыру шең­бе­ріндегі аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы есеп шоты ашыл­ға­нын ескертеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС Қазақ­станда жұмысын бастағаны белгілі.

МӘМС есепшоты ашылды

Әрбір жұмыс беруші өзі үшін және өзінің қыз­мет­керлері үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорына аударымдар мен жарналарды аударатын болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­порациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері не­гізінде аударымдар мен жарналарды есептеу жә­не оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді. 
Ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер ашылған ағымдағы шотқа аударым­дар мен жарналарды келесі деректемелер бойын­ша тұрақты түрде аударуы тиіс:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акци­о­нер­лік қоғамы;
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкі­мет» мем­лекеттік корпорациясы» ком­мер­ция­лық емес ак­ционерлік қоғамы;
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ92009MEDS368609103
БСН: 160440007161
Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың ке­ле­сі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған: 
121 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыруға аударымдар;
122 -Міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­ды­ру­ға жарналар;
123 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­ды­руға аударымдардың уақтылы аударылмағаны үшін өсімақы;
124 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыруға жарналардың уақтылы аударылмағаны үшін өсімақы.

«Егемен-ақпарат»