05 Қазан, 2011

Жаңа кешенді модуль

374 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ата-бабаларымыз сан ға­сыр­лар бойы армандаған Тәу­ел­сіздігімізге қол жеткізгенімізге биыл 20 жыл толғалы отыр. Сонау 1992 жылы Қа­зақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан На­зар­баев­тың Жарлығымен құ­рыл­ған ҰҚК Шекара қызметі осы жылдар аралығында биік белестерді бағындырды. Солар­дың бастыларына тоқталар бол­сақ, 2000-шы жылдардың бас кезінде еліміздің ендіктері бойынша бірнеше өңірлік бас­қарма құрылып, жаңадан ашыл­ған шекара отрядтары мен шекара заставалары аз уақыт ішінде қалыптасу кезеңін басынан өткерді. Содан бері жаңа ортаға бейімделіп үлгерген шекара­шы­лар атадан балаға мирас болып қалған ұлан-ғайыр жерімізді көздерінің қарашығындай күзетуде. Олардың тұрмыстық жағдайларын оң шешу мәсе­ле­сі Елбасының, Үкіметтің үнемі назарында. Бұрындары шекара шептерінде жаңа заманға лай­ықталған шекара заставалары ашылса, ендігі кезек Мемлекеттік шекара шебін инженерлік құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналыса­тын инженерлерге де жетті. Міне, соның айқын дәлелі, мұнан былай шекарашы инженер-саперлар әлемдік стандарт­қа сай жаңа кешенді модульді баспанамен қамтамасыз етілетін болады. ҰҚК Шекара қыз­ме­тінің директоры, ге­нерал-майор Н.Мыр­залиевтің баста­ма­сы­мен қолға алынған ша­ра. Осы шараны іске асыру мақса­тын­да биылғы жыл­дың ішінде ҰҚК Ше­кара қызметі «Мо­дуль» кешенді-өнді­ріс бірлестігі» ак­цио­нерлік қоғамына 150-ге жуық модульді баспана жасауға тап­сырыс берген бо­ла­тын. Лайықты ба­ға­сын беру керек, аталмыш мекеме өздеріне артылған сенім үдесі­нен шыға білді. Нәтижесінде, күні кеше ҰҚК Шекара қызметі Орталық жөндеу зауытына кешенді жылжымалы модульдердің алғашқы легі жеткізілді. Атал­мыш орталық зауыттың дирек­то­ры, полковник И.Доронкин қа­был­дап алған жылжымалы модульдерде шекарашылардың қыз­меті мен тұрмыс-тіршілігіне қо­лай­лы жағдайлар толық жасал­ған. Атап айтар болсақ, осыған дейін далалық шатырларды уа­қыт­ша баспана етіп келген ин­же­нер­лердің базасы 18 модульден тұ­ратын кешенмен алмасты­рыл­ды. Әр модуль әмбебап қызмет атқарады. Мәселен, бір модульде асхана, ас үй болса, мұнда тіпті кішігірім наубайхана да бар, екіншісі жатын жайға лайықталып құрастырылған. Үшіншісі ақпа­рат және тәрбие жұмыстары бөл­месінің қызметін атқарады. Мұ­нан әрі, кеңсе, шека­ра­шы­лардың тұрмыс жағдайына ар­налған бөлме болып жалғаса береді. Бір модульде қалғандарын электр­мен қамтамасыз ететін дизельді құ­рыл­ғы орнатылған. Бір сөзбен айтқанда, 18 модульден тұра­тын жаңа кешен жылдың үш мезгілін шекара шебінде өт­кі­зетін инженерлер үшін тап­тырмас бас­па­наға айналмақ. Сонымен, жылжымалы су жаңа кешендер алдымен елі­міз­дің батыстағы шекара шебіне қарай жол тартты. Шека­ра­шы­ларды баспаналы еткен «Модуль» кешенді-өндіріс бірлестігі» акционерлік қоғамы­ның тех­никалық директоры А.Тим­ченконың айтуынша, бү­гінгі пайдалануға берілген жылжы­ма­лы кешендер үлкен істің бас­тамасы, қалғандары ал­дағы уа­қытта толық даяр­ланып болған соң шекара шептеріне жіберіледі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында осы­нау ауқымды жоба шека­ра­шыларға жасалған тамаша тарту болды. Мемлекеттік шекара күзеті­не қажетті мұндай жобалар ал­дағы уақытта да жалғасын таба береді. «Егемен-ақпарат».