Әлем • 05 Шілде, 2017

АҚШ-Үндістан: Өзара әріптестіктің өрісті қадамы

325 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өткен аптада Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди АҚШ-қа сапармен келді. Бұл оның Ақ үй басшылығы ауысқаннан кейінгі Вашингтонға алғашқы сапары болды.

АҚШ-Үндістан: Өзара әріптестіктің өрісті қадамы

Алғашқыда Президент Дональд Трамп Үндістанға онша көңіл аудармайды деген күдік болған еді. Әсіресе, оның Қытай тарапына және сол елдің көшбасшысы Си Цзиньпинге ай­тылған мақтауынан кейін бұл «қорқыныш» үдей түс­кен болатын. Алайда, кез­де­­с­уден кейін күмән сейі­л­ді. «АҚШ Үндістанды қор­ға­ныс саласындағы өзінің жа­қын одақ­тастары және серік­тес­терімен тең дәрежедегі ірі әріп­тесі ретінде көргісі келеді», деп мә­­лім­деді Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі.
Келіссөздердің қорытын­ды­сын­да Трамп екі ел арасында бұ­рын-соңды болмаған байланыс орнағанын атап көрсетті. Ал Нарендра Моди болса, президент Трамптың көшбасшылығы «екіжақты стратегиялық серік­тес­тікті жаңа деңгейге көте­ре­тініне» сенім білдірді.
Сарапшылардың пікірін­ше, Модидің АҚШ-қа сапа­ры өте жемісті болды. Үндістан премьер-министрі Дона­льд Трам­ппен, АҚШ-тың мем­ле­кеттік хатшысы Р.Тил­лерсон­мен және қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен келіссөздер жүргізген. Дәл осы күні Ақ үй­де Нарендра Моди мен Дональд Трамптың командалары қатысқан кеңейтілген құрам­да­ғы кездесу өтіп, келісімдер жа­салған. Үндістан премьері АҚШ-тың 45-ші президентімен Ақ үйде кешкі ас ішкен алғашқы шетелдік көшбасшы болғанын айта кету ләзім.
Келіссөздерден кейін екі ел­дің басшылары Ақ үйде бір­лес­кен баспасөз мәслихатын өткіз­ді. «Бүгінгі кездесуден кей­ін түйгенім, АҚШ пен Үндіс­тан арасындағы байланыс дәл мұндай бекем әрі жоғары дең­гей­де болмаған. Біз айтылған мә­се­лелердің көбіне қосыламыз, түп­тің-түбінде, бәріне де келі­се­міз», деді Дональд Трамп риза кейіппен.
Әрине, Үндістан-АҚШ қа­рым-қатынасының жарқын жақ­тарымен қатар, күңгірт тар­тқан тұсы да бар. Әсіресе, екі­жақты байланыстың түйткілді мәселелерінің бірі – виза жа­йы. Үндістан жағы АҚШ-тың жо­ғары білікті мамандарға бе­рілетін қысқа мерзімді H1-B визасының сақталуына мүдделі. Сандарды сөйлетсек, был­тыр осы нұсқадағы виза Үн­діс­тан­ның 200 мың азаматына бе­ріл­ген екен. Бұл құжаттар үн­ді­нің ІТ-саласындағы маманда­рын жұмысқа шақыратын аме­ри­ка­лық компанияларға да ти­імді. Олар Үндістан аза­мат­­­та­рына жалақыны аме­ри­ка­лық­тардан азырақ төлейді.
Егер Б.Обама тұсындағы бас­шы­лық кезінде бұл проблема ре­тінде саналмаған. Ал АҚШ азаматтары үшін жұмыс орнын көбейтуді және America First сая­сатын жүзеге асыруды көздеп отырған Трамп H1-B визасын алып тастауы мүмкін.
Кездесудің нәтижесінде Үндістан мен АҚШ арасындағы сау­­да тапшылығын қысқарту жос­парланып, бірлескен әске­ри-теңіз жаттығуын құру, антитеррористік серіктестікті ны­ғай­ту көзделіп отыр.
Қауіпсіздік мәселелері тұр­ғы­­сындағы келіссөздер де тараптар үшін маңызды. «Әсіресе, өзара қауіпсіздік жөніндегі бай­ланыстарды тереңдету керек» деген Трамп екі елдің де «тер­рористердің шабуылына ұшырағанын» алға тартты. Оның мәлімдеуінше, Үндістан мен АҚШ радикалды ислам терроризмін жоюға уағдаласып отыр және террормен күрес жөніндегі әріптестікті нығайту бағытындағы жұмыстарды кү­шей­тпек. 
Сондай-ақ, Дональд Трамп пен Нарендра Моди арандату пиғылымен әлемге қауіп төн­діріп отырған Солтүстік Корея­ның мәселесін талқылады. Екі ел бас­шылары Солтүстік Кореяның бағ­­дарламасына қарсы үн қо­су­ға уағдаласып, Пхеньянды ха­лық­аралық құқық шеңберінде жұ­мыс істеуге шақырды.
Осыдан жарты айдай бұрын Нарендра Моди Ресейге келіп, Санкт-Петербургте өткен ха­лық­­аралық экономикалық фо­рум-
­ға қатысқан болатын. Ресей пре­­зиденті В.Путинмен де кез­десіп, жаңа келісімдер мә­се­лесін талқылаған. Содан кей­ін Қазақстанға атбасын бұр­ды. Н.Модидың осы сапа­рын­да Үндістан Шанхай ын­ты­мақ­тас­тық ұйымының то­лық­қанды мүшесі болып қабыл­дан­ды. 
Содан кейін АҚШ-та жал­ғас­қан сапар Үндістан бас­шы­лығының сыртқы саясат мә­се­лесінде дұрыс шешімдер қа­был­дап отырғанын тағы бір мәрте дәлелдегендей. 

Руслан ІЗІМОВ, саясаттанушы