Аймақтар • 05 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда «Сабантой» мейрамы тойланды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірін мекендейтін 12 мыңнан астам татар-башқұрт этносының өкілдері ұлттық мейрамы «Сабантойды» жоғары деңгейде атап өтті.

Солтүстік Қазақстанда «Сабантой» мейрамы тойланды

Айтулы мерекені «Дуслук» татар-башқұрт мәдени орталығы ұйымдастырып,  облыс орталығындағы  мәдениет және демалыс саябағы жұртшылықтың  көтеріңкі көңіл күйіне ұласты.

«Мыңжылдық тарихы бар «Сабантой» өңірде 1989 жылдан бері  аталып келеді. Содан бері барша тұрғындардың белене атсалысуымен әр халықтың салт-дәстүрлері,  әдет-ғұрыптары дәріптеледі.  Молшылық пен достықтың  меререкесі ретінде тойланады», деді құттықтау сөзінде  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Наиль Салимов.

 «Сабантойға» Қазаннан арнайы келген Татарстанның  еңбек сіңірген әртісі  Алмаз Ишмуратов бірнеше тілде  әуелете ән  шырқап, сонымен қатар «Дуслык» вокалдық тобының, «Қуанамын», «Алуа» би топтарының өнерлері  тамашаланды.  Спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы