Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 80 жылдығына орай Ресей Жазушылар одағының мүшесі Аманғали Сұлтанның «Скифиада» атты екі томдық тарихи кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. «Скифиада» тарихи дастаны Еуразия аймағында өмір сүрген сақ-скиф тайпаларының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрі мен әйгілі билеушілері, батырлары хақында және сақтардың Мысыр, Қытай, Вавилон, Ассирия секілді ежелгі өркениеттермен қарым-қатынасы жайында, жалпы көшпелі қауымға тән адами асыл қасиеттер мен құндылықтар туралы толғайды. Бұған дейін «Айдын шалқар», «Жазғытұрым жаршысы», «Кең дала», «Құтты мекен», «Талтүс», «Уақыт уағызы» атты жыр жинақтары жарық көрген ақын Аманғали Сұлтан сақ-скифтер туралы тарихи дастанын жиырма бес жыл бойына талмай, тарихи ізденістерге сүйене отырып жазып шыққан. Тұсаукесерге тіл білімінің маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шора Сарыбаев, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Смағұл Елубай, «Мұхтар Әуезов қоры» қоғамдық қорының президенті Мұрат Әуезов және ғылым мен қоғамға үлес қосқан басқа да қайраткерлер, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты. Көне грек пен парсы тарихшыларының жазбаларында асқақ рух иелері ретінде суреттелетін сақ-скифтер туралы дастан қазақы оқырман қауымға Гомердің «Илиадасынан» кем әсер етпейтіндігін айта кету керек. Шығарма тартымды да қарапайым мәнерде, тарихи дәлдіктен еш ауытқымай жазылған. Қанат ЕСКЕНДІР, Алматы.
Ассамблея жастары: Жаңа Конституция – болашақ ұрпақтың сенімді және тұрақты дамуының негізі
Ата заң • Бүгін, 21:03
Коалиция өкілдері Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті
Ата заң • Бүгін, 20:50
Үкіметте қаржы секторына салық салу мәселелері қаралды
Салық • Бүгін, 20:29
Сарапшылар жаңа Конституциядағы отбасы мен неке нормаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 19:37
«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді
Референдум • Бүгін, 19:16
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Ауа райы • Бүгін, 18:43
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 18:15
Халықаралық қауымдастық Конституциялық реформаның ашықтығын бағалады
Референдум • Бүгін, 17:56
Теңге неліктен нарықтағы бағаға әсер ете алмай отыр?
Қаржы • Бүгін, 17:50
Жапонияның Ұлттық күніне орай Астанада жапон салты орындалды
Мереке • Бүгін, 17:34
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жарысының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 17:31
Әуе билетіндегі қате жазылған деректер қандай жағдайда тегін түзетіледі?
Қоғам • Бүгін, 17:21
Таза пайда 7%-ға өсті: Өсім бойынша қай банк көш бастап тұр?
Экономика • Бүгін, 17:12
Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:06