Президент • 06 Шілде, 2017

Теміртаудағы құтты шаңырақ һəм Елбасы тұрған үй

168 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Осыдан бірер жыл бұрын астаналықтарға жаңа пәтер кілтін табыстап тұрып, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Үй дегенің – құр қабырғалар мен төбеңдегі пана ғана емес, бұл ең алдымен адамның өз шекарасы, бала-шағасы өсетін жайлы орын. Бәріміз, тіпті, мен де сарыла күткен алғашқы шағын пәтерімді ешқашан естен шығармаймын», деген болатын.

Теміртаудағы құтты шаңырақ һəм Елбасы тұрған үй

Елбасы содан кейінгі сөзін былай деп жалғаған еді: Қарағанды металлур­гиялық комбинатында ме­таллург болып қызмет етіп жүргенімде ол Совет Ода­ғындағы қайталанбас завод болатын. Біз ол жерге жолдамамен келдік. «Жақ­­­сы жалақыларың, пә­терлерің болады» деген соң, бәріміз сонда ағылдық. Мен 22 жасымда үйлендім. Сөйтіп, алдыңғы қатарлы металлург ретінде цех басшысы маған мекен-жайы жазылған пәтер кілтін ұсын­ды. Асығып-үсігіп әл­гі мекен-жай бойынша бар­сақ, ол жерде тек қандай құрылыстың жүргізілетіні ғана белгіленген екен. Ме­­­кен-жайын өмір бойы ұмытпаймын: Комсо­мол­дар даңғылы 25 үй, 28 пәтер. Ол – аумағы небәрі 27 шар­шы метрді құрайтын пә­тер еді. Алайда, ол маған пәтер емес, хан сарайындай көрінетін». 
Міне, бүгін Астана күні қарсаңында Елбасымыз еңбек жолын бастаған Те­міртау қаласына жолға шық­тық. Мақсатымыз – Мем­лекет басшысы тұрған көк төбелі үйлерді көру. 
Күн санап көркейіп келе жатқан шағын қала­ның шырайы көз тойдырады. Көше бойлай сап түзеген көп қа­батты үйлерге, салынып жат­қан түрлі ғимараттарға қарап, қайран қаласың. Кенет, әлдененің тарсылы назарымызды аударсын. Трамвай. Жоқ, бұрын көр­медік емес, көрдік. Ойлап тұр­сақ, еліміздің бірен-са­ран қалаларында ғана бар бұл темір тұлпарлар ке­шегінің келмеске кетіп бара жатқан бір-бір тарихы сынды ғой. Қарағандының өзінде қал­маған. Көліктің таптырмас бұл түрі шынымен өте қолайлы. Кептелек, ке­шігу дегенді білмейсің. Баратын жеріңе уақытында жеткізеді.
Баратын жер дегендей, Президентіміз тұрған бір­неше мекенжайдың арасынан таңдағанымыз – осы қалада тұрғандағы соңғы баспанасы Димитров көше­сінде орналасқан 83-үй­дегі 6-шы пәтер (суретте). Жалпы, Елбасы Те­мір­тауда тұрған жылдар­да төрт рет қоныс ауыстырыпты. 
Жоғарыда айтқан ме­кен-жайдан бөлек, Қара­ғанды индустриалды уни­­­верситетінің проректоры Оксана Гуменчук нақ­­­тылағандай, оқудан кейін Елбасы Теміртау қа­ласындағы үшінші шағын аудандағы Республика даң­ғылындағы 63/2 үйінің 5 пәтеріне орналасқан. Үш бөлмелі пәтер, болашақ Елбасының сол баспанасы, комбинаттағы жақсы қызметі үшін берілген сы­йы екен. Аталмыш үйдің қазіргі тұрғыны Геннадий Титовскийдің айтуынша, үйдің жобасы бойынша, есіктер басқа жақтан болуы керек еді, алайда Нұрсұлтан Әбішұлы оны келесі беті­нен салдырған, және ол бүгінгі тұрғындарға өте ың­ғайлы көрінеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы­ның Теміртауда тұрған үшін­ші үйіне, яғни Қар.шоссе көшесіндегі 24/1-ші үйге, өкінішке қарай, біздің жол түспеді... Алай­да, әріптесіміз Әсем Мир­жекееваның сараптамасынан білетініміздей, ол үйде сексеннің сеңгіріне шыққан зейнеткер ана тұрады. Жур­налиске ша­ғымданған әжей тұрып жатқан үйдің біршама тозып қалғандығын айтқан. Алдағы уақытта ол үйге жөн­деу жүргізу керегін де қала басшылығына қа­перлей кеткеніміз жөн.
Негізгі межемізден адаса қоймадық. Ойымыз – Назарбаевтар отбасы тұрған бір пәтерді кө­ріп, көрші-қолаңмен әңгі­мелесу. Біз барған үй – Елба­сының Теміртаудағы төр­тінші баспанасы. Димитров көше­сіндегі көк сарай.
Алдымыздан шығып, өзін Лидия Ходырева деп таныстырған азаматша маған 16-шы пәтерге кө­теріліп, Валентина Ку­ликовамен әңгімелесуге кеңес берді. 83 жастағы Ва­лентина Михайловнамен әңгіме жарастырдық.
– Бұрын Теміртауда қала­лық №2 аурухана болатын. Қазір жоқ. Орны да қалмаған болар. Ұзақ жыл соның отоларинголо­гия бөлімшесінде жұмыс істедім. Шағын қалада адам­дар бір-бірімен жиі ұшы­расады ғой. Он­да тұрған түк те жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлының қара­луға келгені есімде. Кейін көрші болдық. Назарбаевтар шаңырағына жиі барып тұратынмын. Қонақ ретінде демей-ақ қоя­йын, дәрігер ретінде көп болдым. Сара Алпыс­қызын да жақсы та­ни­мын. Пәтеріміз бө­лек болғанымен, бір үй­де тұрғасын, талай көр­шіміздің отбасылық дәрі­гері болып кеттік қой. Ара­сында Назарбаевтар отбасы да бар, – деді Валентина Михаиловна.
Алғысымызды білдіріп, кетуге ниеттендік. Бізбен бірге ілесіп шыққан Лидия Александровна да тегін адам емес екен. Көп жылдар мұғалім болған, мектеп директорлығына дейін көтерілген. Аңқылдақ мі­незді. Ол кісіге де рах­ме­тімізді айтып, енді кейіп­керіміз тұрған пәтерге баратынымызды жеткіздік.
Шынымызды айтсақ, осы үйге келмес бұрын біраз материал ақтардық. Бұл қос қабатты үйлерді өткен ғасырдың 40-50-жылдары жапон тұтқындары салған екен. Тұрған жері де жаман емес. Қала орталығы. Бұл пәтерді Елбасына Теміртау қалалық атқару комитеті ұсынған көрінеді. Пәтерде көбінесе сол атқару коми­тетінің төрағалары тұрған. Себебі, пәтер қала атқару комитетіне бекітілген. Бұ­рындары мынадай ереже болатын: егер кәсіпорын өз қызметкерлеріне арнап үй салатын болса, тұр­ғын үйдің 10 пайызын ол қа­лалық атқару коми­тетінің иелігіне беруі тиіс. Бұл үйде қала басшыларымен бір­ге жұмысшылар, мұ­ға­лімдер, дәрігерлер сын­ды қарапайым адам­дардың тұр­ғаны сондықтан.
Қобалжып тұрып, о бас­тан көздеп келген 6-шы пә­терге көтерілдік. Жи­на­қ­ы, тап-тұйнақтай кіре­беріс. Түк өзгермеген сы­ңайлы. Баспалдақ шетін­­дегі сүйеніштер де ауыс­тырылмағанға ұқсай­ды. Қа­ғылған қоңырауға есік ашылды. Есіктің арғы жа­ғы­нан қазақтың көркем кел­бетті әйелі көрінді. Та­ныса келе Зәуреш Дайыр­бекова есім­ді азаматша екенін білдік. Президент тұрған пәтердің бүгінгі иесі осы кісі екен.
– Біз бұл үйге 1985 жы­­лы көшіп кірдік. Жұ­байым марқұм Бағдат Рахи­мов Гагарин аудандық ко­митетінде бірінші хатшы, қалалық атқару коми­тетінің төрағасы болды. Одақ құлағаннан кейін тоқ­­­саныншы жылдары пә­терді жекеменшіктеп ал­дық. Жетпісінші жылда­ры құ­рылыс техникумы деген болды. Кейін ол по­литех­никалық колледж болып өз­герді. Сол колледж­де 1970-2012 жылдар ара­лығында 42 жыл экономика, бухгалтерлік есеп пәндері бойынша сабақ бердім. Нұрсұлтан Әбіш­ұлымен кездесуім де қызық оқиға болды. Ол кезде Пре­зидентіміз комбинат хатшысы еді. Мен партияға өткен кезімде Нұрсұлтан Әбішұлы қалалық комитет мүшесі ретінде маған сұрақ қойып, жолдамамен келгенім туралы сұра­ған еді, – деді Зәуреш Дайырбекова.
Құтты қоныс, берекелі баспанадан қаншама ұр­пақ өрбіп, өріс кеңейген. Ша­ңырағы шашақты, боса­ғасы байлыққа толы бұл үйдің қандай да бір киесі бар дедік.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан» 
Қарағанды облысы,
Теміртау қаласы