06 Қазан, 2011

Ықпалдастық дами түседі

329 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-­тың Бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады, деп хабарлады Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Президентінің бас­па­сөз қызметі. Т.Мансұров Мемлекет бас­шы­сына ЕурАзЭҚ-тың қызметі ту­ра­лы және Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді дамы­тудың серпіні жайлы хабарлады. – Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап барлық кедендік ресімдеулер мен бақылау Кеден одағының шека­ра­сының сыртқы контурына ауыс­ты­рылды. Мүлде жаңа кескін үйлесімі пайда болуда. Мұндай жағдайда бизнес қо­ғам­дастығы өз бизнестерін қалай қамтамасыз ететіні туралы, өз­де­рінің тиімділіктері мен ерекшеліктері туралы толық хабардар болулары үшін Мәскеу мен Ал­ма­тыда екі ірі бизнес-форум өт­кіз­дік. Егер Мәскеудегі бизнес-форум үш мемлекет – Беларусь, Қазақстан және Ресей өкілдерінің қатысуымен өтсе, ал Алматыға біз ЕурАзЭҚ-тың барлық елдерінің бизнес қоғамдастығын жи­надық. Мен Президентке 19 қазанда Санкт-Петербургте ЕурАзЭҚ-тың үкі­мет басшыларының оты­ры­сы өтетіні туралы баяндадым. Сондай-ақ Кеден одағының жо­ғары органының отырысы өтеді, онда Бірыңғай экономикалық ке­ңістікті одан әрі дамыту жөнін­дегі 8 халықаралық шарт қара­лып, мақұл­да­на­тын болады. Өт­кен жылы мемлекет басшылары мен үкімет басшылары та­рапы­нан 17 құжат қабылданды, 2011 жыл бойына үш тарап жақтан рати­фи­кацияланды, енді бұл құжаттар 2012 жылдың 1 қаң­та­рынан күшіне енеді. Тиісті шешімді мемлекет басшылары 19 желтоқсанда Кеден одағының жо­ға­ры органының кезекті оты­ры­сында қа­былдайды, бұл Бір­ың­ғай экономикалық кеңістіктің қыз­метінің басталуы болып та­бы­лады. Бірыңғай экономикалық ке­ңістіктің толық жұмыс істеуі және тауарлар, қызметтер, капитал мен еңбектің еркін қозға­лы­сын қамтамасыз етуі үшін бізге әлі де 5 жылдай уақыт керек. 2011 жылдан 2015 жылға дейін біз Бірыңғай экономикалық ке­ңіс­тіктің жұмысын то­лық қам­тамасыз етуге мүмкіндік беретін 55 халықаралық құжаттар мен өз­ге актілерді әзірлеп, қабыл­дауы­мыз керек. Мысалы, 2012 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап әр ел мен оның үкіметі темір жол та­сы­малының бірыңғай тарифі болу үшін өздеріне міндеттеме алған. Қа­зір Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің әрқайсысында – ішкі та­сы­мал, экспорт және импорт үшін – үш тариф бар. Оларда едәуір айырма­шы­лық бар. Сон­дықтан 2012 жылдың 1 қаң­тарынан бастап ішкі тасымал үшін және тауар өндірушілер үшін қолайлы болатындай, бірыңғай тариф болады. Жалпы, ЕурАзЭҚ-ты дамыту серпіні өте жоғары деңгейде деуге болады. ЕурАзЭҚ 2000 жылы 10 қазанда Астанада құрылды, бірнеше күннен кейін ЕурАзЭҚ-тың құрылғанына 11 жыл толады, осы уақыт ішінде еркін сауда аймағы мен Кеден одағы құрылды. 2007 жылы Кеден одағын құру туралы шешім қа­былданды, ал 2011 жылы ол толық күшінде жұмыс істей бас­тады. Бірыңғай кеден аумағы, кеден кодексі бар. Үш елдің Кеден одағы жұмыс істеуі үшін қажетті нәрсенің бәрімен қамтамасыз еттік. Одан ары қарай тек әлеуетті арттыратын боламыз. Кеден ода­ғы бойынша істерді қарасты­ра­тын ЕурАзЭҚ-тың соты құрыл­ды. Бірыңғай экономикалық ке­ңіс­тікті құрудың қар­қы­нына келсек, мысалы, Еуропалық Одақта бірыңғай рынокты құру үдерісі 1968 жылдан 1986 жылға дейін со­зылды. Біз болсақ, 2009 жылы 19 жел­тоқсанда мемлекет бас­шы­лары шешім қабылдаған соң, бір жыл бойы базалық құжаттарды қалыптастырдық, оларды келісімге жібердік, қол қойдырдық, ал одан кейін 2011 жыл бойына ратифи­кацияладық. Еуропалық одақтың аяқ­талу кезеңі 1986-1992 жылға дейін со­зылды, біз аяқталу кезеңі тағы 5 жылға со­зылады деп жоспарлап отырмыз. Осы уақыт ішінде елдердің үкі­меттері тауарлар, қызметтер мен еңбектің еркін қоз­ғалысын қам­та­масыз ету үшін қажетті 70-тен астам міндеттемені орын­дау­лары керек. Қазақстан Президенті Нұр­­сұлтан Назарбаев Еура­зия­лық жоба­ның авторы болып та­бы­лады, ол 1994 жылы 29 нау­рызда Мәскеуде, ММУ-дің қа­бырғасында дезинтеграция шы­ңына жетіп отырғанда ұсынды. Мемлекет бас­шысы ұсынған жоба бүгінде жүзеге асырылуда. Бұл – Кеден одағы, Бірың­ғай эконо­микалық кеңістік, және бола­шақ интеграция, бірегейлендіру, ва­лю­­та­лық одақ құру. Сондықтан біз­дің ЕурАзЭҚ жөніндегі жұ­мыс­тарымыз кездейсоқтық емес, ол бәрінен бұрын, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың жобасы болып табы­лады. Бұл жоба біртіндеп іске асыры­лып келеді, ЕурАзЭҚ-қа мүше әр елдің, Кеден одағының дамуына мүмкіндік беретін халықаралық интеграцияға қа­рай қадам басуда. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытын­дысы бой­ын­ша Кеден одағы ел­дерінің тауар ай­налымы 35 пайыздан 45 пайызға дейін артты. Бұл үлкен игілік, – деді Т.Ман­сұ­ров журналистерге арналған брифингте. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.   *** Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Мамин Президентке «Қазақстан темір жолы» АҚ-тың ағымдағы қызметі жай­лы және ірі инвестициялық жоба­лар­ды іске асыру барысы туралы хабарлады. – Мен Мемлекет басшысына ком­пания­ның 9 айдағы қызметінің қоры­тын­дылары ту­ралы баяндадым. Барлық жоспар артығымен орындалуда. Негізгі өндірістік көрсеткіштер асыра орын­да­луда. Биылғы жылы ком­па­ния­ның таза пайдасы 90 млрд. теңге мөлшерінде бо­ла­ды деп күтілуде. Бірқатар ірі ин­вести­ция­лық жобалар іске асырылуда. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығына қарай Қытайға шығуға мүм­кін­дік беретін «Жетіген-Қорғас» темір жо­лы­ның құрылысы аяқ­та­лады, Түркі­мен­станмен шекарадағы Өзен темір жолы учаскесінің құрылысы аяқталды. Би­ыл­ғы жылы желтоқсанда жолаушылар ва­гондары өндірісі жөніндегі зауыттың құры­лысы аяқталады, ол Қазақстанның барлық аумағы бойынша жылдамдығы жоғары жо­лау­шылар қозғалысы бағ­дар­ла­масын іске асыруға мүмкіндік туғы­за­ды. Маршруттық және учаскелік жыл­дамдықтар екі есеге арт­тырылатын болады. 2008-2011 жылдар ара­лы­ғында компания темір жол мәшинелерін жасау көлемін 10 есе арттырды, яғни 10-нан 100 млрд.-қа жеткізді. Биылғы жылы компа­ния­дағы қазақстандық қамту 83 пайызды құрайды. Компания корпоративтік басқару бойынша ұлттық компаниялар арасында бір­қатар ірі әлеу­мет­тік жобаларды жүзеге асы­ру­да көш­бас­шы болып табылады. Президенттің Жол­дауы аясындағы тапсырмасына сәй­кес, «Саламатты Қазақстан» бағдар­ламасы бой­ын­ша үшінші пойыз іске қосылды, – деді А.Мамин журналистерге арналған брифингте.