Қазақстан • 10 Шілде, 2017

ИДМ-де комитет басшысы тағайындалды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлан Жазылбек ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұл жайында аталған министрліктің Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

ИДМ-де комитет басшысы тағайындалды

Ұлан Еркінұлы 1962  жылы туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Д.Қонаев атындағы университеттің құқықтану бакалавры дипломын алған. 2005 -2008 жылдары Алматы қаласының сәулет-құрылыс бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2009-2011 жылдары Алматы қалалық инвестициялық жобалардың мониторингін бағалау департаментінің және «Қорғас «ШЫХО» АҚ күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізу департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.  Одан кейінгі жылдары Алматы қалалық сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының орынбасары болды. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры қызметін атқарған еді.