07 Қазан, 2011

Жаңару жағдайында

473 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Павлодар облысы білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға ар­налған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдық тиім­діліктің, азаматтардың жеке және әлеуметтік әл-ауқа­тының кепілі болып табылатын білім беру сапасының басымдықтары белгіленген. Бүгінгі күні мектеп сапалы білім алуда ата-аналардың сұранысын іске асыратын мекеме ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді. Мемлекет алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін ауқымды жұмыс атқарады, тәрбиеленушілердің зияткерлік, эстетикалық, адамгершілік тұрғыдан дамуына барынша жағдай жасалады. Облыс білім беру жүйесінің жағдайы сапалы өз­ге­­рістердің тұрақты тенденциясын дәлелдейтін бір­қа­тар нақты көрсеткіштермен сипатталады. Облыс білім беру мекемелерінің желісіне 756 мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кә­сіптік бі­лім беретін мекеме, балалар үйлері мен балалар ау­ыл­дары, түзету және мектептен тыс ұйымдар енгізілген. Бағдарламадағы стратегиялық бағыттардың бірі мектепке дейінгі білімге деген қолжетімділікті қам­та­масыз ету болып табылады. Аталған жұмыс 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарла­масы шеңберінде жүзеге асырылады. 2011 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша об­лыста контингенті 34 мыңнан астам баланы қамтитын 381 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Облыста 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың саны – 42873 бала. Бұл жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету 79,4%-ды құрайды. 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың саны – 49971, аталған санатты қам­ту көрсеткіші 68,1 %-ды құрайды. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны – 26469, аталған санаттың қам­тылуы 81,5 %-ды құрайды. Ағымдағы жылы бес-алты жастағы балалар мектепке дейінгі оқытумен 100% қамтылған. 2011 жылы 318 орындық 19 шағын орталықтың ашылуы, 2315 орындық 18 балабақшаны қайта қал­пына келтіру жоспарлануда. Ақсу, Павлодар, Екі­бас­тұз қалаларында 960 орындық 3 балабақшаның құрылысы жалғасуда. Жалпы орта білім беру жүйесінде мемлекеттік күндізгі орта білім беретін 416 мектептің оқу­шы­лар контингенті 92 мыңға жуық оқушыны құрайды. Мектептердің материалдық-техникалық база­сын нығайту жөніндегі жұмыс жалғасуда. Облыс мектептері 203 мультимедиялық, 214 физика кабинетімен, 135 биология кабинетімен, жаңа үлгідегі 85 химия кабинетімен жарақтандырылған. Компьютерлік парк 8546 бірлікті құрайды, ауылдық жерде 1 компьютерге 11 оқушыдан келсе, қалалық жерде – 12,8 оқушыдан келеді. Облыста мемлекеттік тілде білім беретін мек­тептердің санын арттыру жөнінде мақсатқа сай бағытталған жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын мемлекеттік тілде оқитын балалардың саны артып келеді. Қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны - 150 (36,1%), онда 22 мыңнан астам оқушы білім алады. Былтырғы жылмен салыстырғанда, олардың саны 5 мектепке артты. Аралас мектептер – 155, қазақ тілінде оқитын ондағы балалар саны 15747 оқушы (40%). Облыс мектептерінде барлығы 37936 (41,5%) оқушы қазақ тілінде білім алады. Облыста білім берудің жоғары деңгейін қамта­ма­сыз ететін гимназия мен лицейлер, гимназия және лицей сыныптары бар мектептер желісін дамыту жө­нін­де мақсатқа бағытталған жұмыстар атқарылады, жаңа үлгідегі 17 мектептің жұмыс істеуі осыған дәлел. 119 мектеп республикалық және облыстық экспери­мен­тал­ды алаң болып табылады. Пәндерді тереңдетіп оқы­татын мектептер мен сыныптардың саны көбею­де, олардың пайыздық көрсеткіші 49,8 % (207 мектеп). Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету бағытының тұрақталғанына жоғары нәтижелерге ие болған өткен оқу жылының қорытындысы дәлел бола алады. 6029 мектеп бітірушінің ішінен 5064 бітіруші 2011 жылғы тестілеуге қатысты, олардың жалпы санынан бұл көрсеткіш 84%-ды құрайды. Облыс бойынша ҰБТ-ның орташа балы – 91,27 балды құрайды (2010 жылы – 88,79). «Алтын белгі» аттестатына 163 үміткердің 129-ы (79%) өз білімдерін растады (2010 ж. – 78%). Облыста «Зияткерлік ұлт – 2020» жобасы ой­да­ғыдай іске асырылуда. Жалпы алғанда, маман­дан­ды­рылған мектептер өз міндеттерін толықтай атқарып келеді. Аталған мектептердің оқушылар рейтингі елімізде ғана емес, еліміздің тыс жерлерінде де жоғары бағаланады. Облысымыздың оқушылары ең айтулы халықаралық зияткерлік конкурстарда, ғылыми сай­ыс­тар мен пән олимпиадаларында өз білімдерін шың­дап, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отыр. 2010-2011 оқу жылында халықаралық интеллектуалдық сай­ыстарда олар 67 медальды қанжығаларына бай­ла­ды, оның ішінде 18 алтын, 26 күміс, 23 қола медаль. Оқушылар ара­сындағы 2011 жылғы республикалық пән олимпи­да­ларының қорытындысы бойынша облыс құрамасы «Үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды. Жалпы орта білім беру саласының маңызды мәселесі – негізгі буын оқушыларының бағдаралды дайындығын қарастыратын 12 жылдық білім беруге көшу болып табылады. 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуге жағдай жасау үшін материалдық-техникалық базаны нығайту жө­нін­дегі жұмыс жүргізілуде. Облыс мектептерінде 110 ойын бөлмелері жабдықталған, 2011 жылы тағы 60 ой­ын бөлмелерін жабдықтау жоспарлануда. Түрлі жас ере­к­шелігі бар оқушыларға арналған мектеп жиһа­зы­ның 1898 жиынтығы сатып алынды, ағымдағы жылы оқушы жиһазының 832 жиынтығын сатып алу жоспарлануда. Мектеп асханалары қазіргі заманға сай жаб­дық­тармен жарақтандырылған, аула әжетханалары ретке келтірілуде, 334 спорт залы жұмыс істейді. 12 жыл­­дық білім беру үлгісін мақұлдау жөніндегі экспе­ри­мент режімінде облыстың 7 білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 6-уы республикалық алаң. Жоғары буында 12 жылдық білім беру үлгісін мақұлдау облыстың 12 мектебінде жүзеге асырылады. Облыс бойынша оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. 2011 жылы облыста білім беру саласын қар­жы­­ландыру көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге артты (2010 жылы – 27,4 млрд. теңге) және 33,4 млрд. теңгені құрайды. 2011 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жобалық қуаты 2190 орындық 4 нысанның, оның ішінде Павлодар қаласында 1200 орындық мек­тептің құрылысы (апаттық мектептің орнына), сон­дай-ақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында әрбіреуі 330 орындық 3 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Тәрбие беру қызметінің негізгі бағыттары азамат­­­тық-патриоттық, құқықтық және мәдениетті, адамгершілік-рухани, отбасы, эстетикалық, дене тәрбиесі және саламатты өмір салтын қалыптастырудан құра­ла­ды. 2011 оқу жылы облыс білім беру мекемелеріндегі тәрбиелік қызмет Қазақстан Республикасы Тәу­ел­сіздігінің 20 жылдығын атап өтуге арналған. Қосымша білім беру мекемелерінің желісі кеңеюде. Облыстың қосымша білім беру жүйесінде: 20 мыңға жуық баланы қамтыған 38 мектептен тыс ұйым, 9 мыңнан астам баланы қамтыған 84 аула клубы жұмыс істейді. Мектептен тыс қызметпен қамтылған оқушылар контингенті 28918 (32,5 %). Облыстағы біліктілік кадрларды даярлау тех­­никалық және кәсіптік білім беретін 55 оқу орны, оның ішінде 26 кәсіптік лицей және 29 колледж жүзеге асырады. ТжКБ жүйесінде оқушылар контингенті 29,7 мың адамды құрайды. Оқушылардың жалпы санынан кәсіптік лицейлерде 6,9 мың оқушы, колледждерде – 22,8 оқушы білім алады. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау үшін 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс 5303 адамды құрайды, және өткен оқу жылымен салыстырғанда 332 адамға артық «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін облыстың колледждері мен кәсіптік лицейлерінде 11-сынып оқушылары қатарынан респуб­ликалық бюджет қаражаты есебінен 953 адамды дайындау жоспарлануда, бұл былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 653 адамға артық. Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту міндеттерін орындау жөніндегі әлеуметтік серіктестіктің жарқын бейнесі аймақтағы жетекші кәсіпорындардың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін жаңартуға қатысуы болып табылады. Осылайша, 2011 жылы «ENRC» корпорациясы Павлодар қаласының №7 кәсіптік лицейін жаңартуға  73,3 млн. теңге және «Қазақмыс» корпорациясы – 33,9 млн. теңгені құрайтын қаражат бөлді. Ақсу ферроқорытпа зауыты 27,3 млн. теңге қаражат бөліп, Ақсу қаласы № 19 кәсіптік лицейінің жаңартылуына қатысты. Мүгедектер мен психологиялық дене қозғалы­сын­да ерекшеліктері бар тұлғалардың кәсіптік білім алу мүмкіндігі кеңейе түсті. 10 кәсіп бойынша жастардың бұл санатын дайындауды 15 білім беру ұйымы жүзеге асырады. Облыс білім беру мекемелерінің Ресей Федерациясы, Норвегия арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыс жалғасуда. Тәрбие-білім беру үдерісін 18613 педагог қызметкері жүзеге асырады: Жоғары білімді педагогтардың үлес көрсеткіші жыл сайын көбейіп және 82,6%-ды құрайды, жоғары және бірінші санаты бар педагогтардың саны бойынша көрсеткіш – 58%. Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасу қорытын­дысы бойынша 2011 жылы облыс мектептеріне 448 адам жіберілді. Білім беру саласы қызметкерлерінің үздіксіз кә­сі­би дамуы, олардың әрдайым жаңалықтарға ұмтылуы, инновациялық технологияларды енгізуге дайын болуы білім беру сапасын арттырудың негізі болып табылады. Облыстық біліктілікті арттыру институты талаптардың өзгеруіне қарай жедел әрекет етеді. Жұмыстың енгізіліп жүрген нысандарының ішінде тиімді деп мыналарды айтуға болады: • үздік мектептер базасында басшылар мен олардың орынбасарларына арналған тағылымдама • қашықтан оқыту сайтының жұмысы (оқытудан 900-дан астам педагог өтті) • аудандар мен қалалардың әдістемелік қызметіне арналған он-лайн режиміндегі бейне-консультациялар • ақпараттық технологиялар жөніндегі міндетті модульді барлық пәндер курсына енгізу Қанатқақты жобаға қатысушылардың ішінен облысымыз біліктілікті арттырудың ваучерлік жүйе үлгісін мақұлдау жөніндегі жұмысты бастайды. Білім беру жүйесінің жаңа жай-күйі – бұл оның ай­­қындылығы, жылдамдығы, өзгерістерге әрекет ету са­па­сы мен жаңалықтарға деген жаңаша көзқарасы. Шы­ғар­ма­­шылық әлеуетін және өз жұмысының сапа­сына деген жауапкершілікті сезіне білетін ұстаздар қауымы мемлекет қойған міндеттерді орындау үшін аянбай еңбек етуде. Орал ОРЫНБАСАР. Павлодар.