Аймақтар • 11 Шілде, 2017

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов «Азғыр» полигонында тұрғындармен кездесті

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтің Атырау облысындағы сапары жалғасуда. 10 шiлдеде Ресей шекасындағы Азғыр ауылдық округiнде болған сенатор өңір тұрғындарымен кездесті.

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов «Азғыр» полигонында тұрғындармен кездесті

Сәрсенбай Еңсегенов және бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері кеңес одағы кезінде 17 жер асты ядролық сынақ өткізілген «Азғыр» полигонын тік ұшақпен үстінен ұшып қарап шықты.

Депутат пен іс-шараға қатысушылар Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан «Балқұдық» бақылау-өткізу бекетіне барды.

Тұрғындармен «Балқұдық» ауылдық мәдениет үйiнде өткен кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев, Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов, бірқатар министрліктер мен  Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметінің өкілдері қатысты.

Шара барысында өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына байланысты Жол картасының орындалуы туралы мәселе қаралды. Сонымен бiрге, Балқұдық-Қарабалы шекарадан өту орнын ек жақты автомобиль өту пунктiне ауыстыру туралы атқарылған жұмыстар талқыланды.

Өңір тұрғындарымен кездесу барысында әлеуметтік мәселелер, оның ішінде ауыз су тапшылығы да сөз болды. Аймақ тұрғындары су құбырын салуды аяқтау туралы талаптарын жеткізді.

Кездесу барысында жергілікті халыққа Азғыр полигонында орналасқан Ресейдің №13 Я «ЯВА» қондырғысы туралы ақпарат берiлдi.