07 Қазан, 2011

Қазақстанмен танысу жылы

479 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ел мен елді жақын­дас­тырып, адамдардың өзара түсіністігін арттыруға септігін тигізетін игі  нәрсе бұл дүниеде аз емес қой. Мы­са­лы, Мәскеудің келесі жылы пайдалануға берілетін бір мет­ростансасын Қазақстан ел­шілі­гі­нің бастамасымен «Алматы» деп атауға қол жеткізілгендігі туралы жақ­сы хабар жария болғаннан бері осы маңайдағы Братеево ау­да­нында  тұратын мәс­кеу­ліктердің  елімізге деген ықыласы бұрын­ғы­дан да артып,  қазақстан­дық­тарды     жа­қын тартып, өзара ты­ғы­зырақ қарым-қатынас жа­сау­ға бет бұрғандық байқалады. Братеево – Мәскеу қала­сы­ның құрамына 60-жыл­да­ры кірген шағын селоның аты. Әуелі   му­ни­ципалды ок­руг бол­ған, кейін ауданға айнал­ған. Ал Братеево атауы­ның қай­дан шыққандығы жө­нін­дегі    аңызға бойлап көр­­се­ңіз, бәрі де адами  туыс­­қан­дық­тан (ағайынды екі жігіт, Братей есімді адам, белгілі тұлғаның іні­сінің аты) тарай­тынын бай­қай­сыз.  Соған қа­рағанда, бо­ла­шақ «Алматы» метро стан­сасы­ның туысқан­дық­­пен бай­ла­­нысты жерде пай­да болуын жаратылыстың өзі алдын ала заңдастырған сияқ­ты... Елшіліктің бастамасы­мен жү­зе­ге асырылған жа­ңа­ша байланыс  осы аудан­дағы №975 мектеп – білім орта­лығының  үстіміздегі жыл­ды Қазақстанмен таны­су жылы деп жариялауынан  серпін алды. Білім ұясын­да­ғы  сал­та­нат­ты линейкаға қа­тысқан елші Зауыт­бек Тұ­рыс­беков  ұс­таздар қауы­мы мен оқу­шы­ларға Қазақ­стан  тарихы, еліміздегі әлеу­мет­тік-экономика­лық өзгеріс­тер, қазіргі заманғы білім беру жүйесі туралы, ұлт­тық мә­дениет пен халықтық дәс­түр-салт, әдет-ғұ­рыптар жөнінде, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қаты­нас­­тар­дың даму болашағы жай­ында  ке­ңі­нен әңгімеледі. Мек­теп дирек­то­ры Александр Пименов­тің пікірінше, мұн­дай ын­тымақтастық мек­теп үшін де, мектеп оқу­шы­­лары үшін де өте пайдалы. Қа­зақ­стан­мен танысу жылы мектеп ұжымына ежелгі көрші – тәуелсіз Қазақстан мемлекеті туралы  көп­теген жаңа да тың мағ­лұ­мат­тар алуға жол аша­ды, аралас-құра­лас­тықты  арт­тырады,  жеткіншек ұр­пақтың  жан-жақты жетілуіне жәрдем­деседі, дейді ол. Сондай-ақ таяуда елшілік жер­гілікті  әкімшілікпен бірлесіп Братеево ауданы тұр­ғындарының қатысуы­мен атақты 8-ші гвар­диялық дивизияның Мәскеу  үшін шайқастағы ұлы ерлігіне 70 жыл толуына арналған іс-шара өткізді.  Жұртшылық алдында сөз сөйлеген елші З.­Тұ­рыс­бе­ков, Братеево ауда­нының басшы қы­з­мет­керле­рі, басқа да  ресейлік аза­маттар бүгінгі таңдағы Қа­зақ­стан-Ресей байланыс­тары­на, Ұлы Жеңіске қол жеткізген достық пен туыс­қандық  жайына, 8-ші гвар­дия­лық дивизия жауынгер­лерінің тарихи ерлігіне ай­рықша тоқталды. Алматы кө­шесіне таяу жердегі үл­кен саябақтың ашық ала­ңында аталған іс-шара шең­берінде ұйымдастырылған  мерекелік концертте  алғаш рет Алма­тыда тұсауы кесілген  атақты «А-студио» то­бы­ның   өнерпаз­да­ры  көп­ші­лік құрметіне бөленді. Болашақ «Алматы» ме­тро­стан­сасы өз атауымен бү­кіл Қа­зақстанды бейнелейтінін ескерсек, енді көп ұзамай  өзара бай­ла­ныс­тары­мыздың өрісі  бұрынғы­дан да кеңей­іп, туысқандықтың тағы бір төр­кі­ні  Мәскеудің Братеево ауда­ны  болатындығына  қа­зір­ден-ақ көз жеткізуге болады. Серікқали БАЙМЕНШЕ. Мәскеу.