Бокс • 31 Тамыз, 2017

ӘЧ-2017. Василий Левит – қола жүлдегер

14 реткөрсетілді

Ол жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонды жеңді.

Бүгін бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесі басталды. Қазақстандық боксшылардан төртінші болып ринг төріне 91 килодағы отандасымыз Василий Левит шықты. Ол 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола, 2015 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері кубалық боксшы Эрисланди Савонмен жұдырықтасып, ұпай саны бойынша басым түсті.

Бір-біріне жақсы таныс көне қарсыластар алғашқы раундты өте сақтықпен бастады. Екеуі де ашық айқасқа тәуекел жасаған жоқ. Дегенмен, Левит көп соққы жасамаса, жеңіске жете алмайтынын түсініп, шама келгенше соққы жасауға тырысты.

Екінші раундта да боксшылар өздеріне оңтайлы сәтті күтіп, ара-арасында соққы жасаумен болады. Үшінші раундта Василий қарсыласына қарағанда ширақ қимылдап, анық соққы жасаған болатын. Алайда, төрешілер жеңісті кубалық боксшыға берді. Есеп – 2:3.

Айта кетейік, екі боксы бұған дейін екі рет жолығып, бір реттен жеңіске жеткен. Алғаш 2015 жылы WSB жобасының финалында жұдырықтасып, кубалық боксшы жеңген. Араға бір жыл салып ескі қарсыластар Рио Олимпиадасының жартылай финалында кездесіп, отандасымыздың жеңісімен аяқталған болатын. Қос боксшының арасындағы жеке есеп – 2:1. Сафонның пайдасына.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар