19 Қазан, 2011

Ардагерлерді еске алды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақын арада Шығыс Қазақстан облысының тарихи басылымы – «Дидар» газеті өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтпек. Мереке қарсаңында «Шығыс-Ақпарат» холдингінің директоры, белгілі қаламгер Нұржан Қуантайұлының бастамасымен «Тарихи жол», «Ауылдың айтқыштары» атты кітабы баспадан шықты. Жақында газет қызметкерлері мен ардагерлердің естелік кітабы жарық көрмек. Мұның алдында мерейтой құрметіне шахмат пен дойбыдан жарыс өткен. Өткен жұмада басылым журналистері газетте ұзақ жылдар еңбек етіп, қазір арамызда жоқ қаламгерлерге арнап құран-қатым түсірді. Қапан Сапарғалиев, Қуанбай Қозыбаев, Қапар Қабаев, Оразхан Көкебаев, Көпжасар Сақабаев, тағы басқа марқұм журналистер туралы жиналғандар естелік айтты. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.