19 Қазан, 2011

Ер еңбегі – ел үшін

156 рет көрсетілді
Бүгін Астанадағы Президенттік мәдениет орта­лы­ғында «Ұлбике» атты музыкалық драма жұрт­шылық назарына ұсынылмақ. Шығарма авторлары – Мырзатай Жолдасбеков пен Несіпбек Айтұлы. Туын­ды халқы­мыздың атақты айтыс ақыны Ұлбике Жан­кел­ді­қызы­ның аяулы да аянышты өмірін көркем кес­телеуге құ­рыл­ған. Мәжіліс депутаты Камал Бұрханов өз мақа­ласында осы қастерлі шаңырақтың басшысы, халқы­мыздың қадірлі азаматы Мырзатай Жолдас­беков­тың өнегелі ісі жайында әңгімелейді. Бүгінде Астана – ресми қала деген түсініктің көбесі сөгіліп келеді. Бұл жерде елордамыз­дағы мәдени, әдеби шаралардың ұйытқысы болып жүрген рухани ошақтардың еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Әсіресе, Президенттік мәдениет орталы­ғы­ның Астананы шенеуніктер қа­ласы деген тар түсініктен арыл­ту­ға қосып отырған үлесі зор деп білеміз. Мұражай, ғылыми зертхана, кітапхана, концерттік зал секілді төрт түрлі құрылымды үй­лестіріп, халыққа қызмет көр­се­тіп, астаналық мәдениеттің ажа­рын ашып отырған Президенттік мәдениет орталығын бірнеше жылдан бері Мырзатай Жолдасбеков ағамыз басқарып келеді. Соның нәтижесінде оның ел мәдениеті мен өнеріне қосып отырған үлесін осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардың ауқымынан байқауға болады. Олай дейтінім, Мырзекең осында келгелі бері мұнда қа­лың жұртшылықты тарихи құн­ды­лықтармен, дүние­жү­зі­лік мә­дениетпен, өнер жетістіктерімен таныстыру мақ­сатын­да орасан жұмыстар ат­қар­ды. Атап айт­қанда, музей, кітапхана, ұлттық дәстүрлер театры (этнотеатр), концерттік қызмет көрсету, ғы­лы­ми зертхана және респуб­ли­калық «Мә­дени мұра» жур­налының ре­дак­циясы құрылды. Бұл ор­та­лық бүгінде қаламыз­дың зия­лы қауым өкілдері жиі бас қосатын, пікір алмасатын орынға айнал­ған. Иә, бұл жерде түрлі тақы­рып­тағы жүздесулер күн сайын өтеді. Орталықтың кон­­церт залы – Астанадағы өнер­сүйер қауымның өз үйіндей бо­лып кеткен. Өйткені, орталықтың концерт залында ғылым, білім, өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған әде­би-музыкалық кештер жиі өтіп тұрады. Бұл кештерді аста­налық тұрғындар қалт жібермейді. Өйт­кені, Мырзатай Жолдас­беков­тың басшы­лы­ғымен ұйымдас­ты­­ры­лып жүр­ген шығар­ма­шы­лық кештерден, түрлі кездесулерден, сондай-ақ қызықты да, мазмұнды көрмелер­ден алатын әсердің, рухани баю­дың жөні бір бөлек. Содан да шығар, өзіміз де жұмыс бабымен басқа қалаға немесе өзге елге жол жүріп кетсек, сол кезде өткен кешке қаты­са алмай қалғанымызға өкініп-ақ қалатын жайымыз бар. Өйткені, мұндағы әрбір кеш адамдардың дүниетанымын ке­ңейтіп, ой-санасына сәуле түсі­реді. Ең ға­жа­бы, Мырзатай Жолдасбеков бұл кеш­тер­дің барынша мазмұнды өтуі үшін жан аямай құлшына кіріседі және әрбір атқарған ісінен қуаныш табады. Бұл орайда Мырзекеңнің 2007 жылы өзінің ғұмыр бойы жинаған 5000-нан аса қоры бар бай кітапханасын оқырмандар игілігі үшін Орта­лыққа тапсыр­ғанын еске алсақ та жеткілікті. Иә, ұлттық мемлекетімізді жетілдіру, ұлттық мүдде, ұлт­тық құндылықтарды сақтау жә­не дамыту мәселелерімен Жол­дасбеков ғалым ретінде қанша­ма жылдан бері айналасып жүр. Соның нәтижесі іспеттес жа­қында «Қазақстан Республи­касы. Тәуелсіздік шежіресі» ат­ты тарихи дерекнамалық көп­том­дық жарық көрді. Бұл көп­том­дықтың жаңа Қазақстанның тарихи жылнамасына айна­латы­ны­на, ел тарихымен бірге жасай беретін дүние болмағына сенім мол. Бізді халықаралық қауым­дас­тық алдында, әлем алдында дербес мемлекет ретінде таны­лып, беделі әрбір күн сайын еселеніп келе жатқан еліміздің елдігін, еркіндігін, тіпті өз тари­хымызды өзгелер емес, өзіміз жаза бастағанымыз қуантады десем, бүгінде Мырзекең сияқ­ты азаматтарымызбен мақтану­ға тиіспіз. Данасы мен батыры көп қазақпын, Көрген талай қияметін азаптың. Аршындаймын көк туымды шалқытып, Жасай берсін, тәуелсіздік азат күн  – деген сөзді елдің мүддесі үшін жан аямай еңбек етіп жүрген, нағыз ұлт жанашыры, азамат­тық ары мен әділдікті ту еткен ұстаз-ғалым, мемлекет қайрат­кері Мырзатай Жолдасбеков аға­мызға ал­да да жаңа табыс­тарға жете беріңіз дегіміз келеді. Камал БҰРХАНОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор, Парламент Мәжілісінің депутаты.
Соңғы жаңалықтар

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Үкімет • Бүгін, 15:00

Елімізде 5,4 млн адам вакцина салдырды

Коронавирус • Бүгін, 10:45

Ұқсас жаңалықтар