19 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №891

346 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2011 жылғы 1 тамыз,  Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы  ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 471-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы №891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС) ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қатынастарды реттейді. 2. МҒТС сараптау қорытындыларының тәуелсіз, объективтілік, құзыреттілік, кешенділік, сенімділік, толық және дәлелділік қағидаттарында ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға талдамалық бағалауды дайындау мақсатында жүзеге асырылады. 3. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар сараптамасын әкімшілендірудің, тәуелсіздігінің, айқындылығының және жариялылығының біртұтастығын қамтамасыз етуді Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүзеге асырады. 4. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС-ті құзыретті шетелдік және қазақстандық сарапшылар жүргізеді. 5. Ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – Кеңес) ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру (іске асыру) туралы шешімдер қабылдауы МҒТС нәтижесі негізінде жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың субъектілері мен объектілері 6. МҒТС субъектілері: 1) өтінім беруші – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері; 2) ұйымдастырушы – Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы; 3) сарапшылар – МҒТС объектілерін талдамалық бағалауды жүзеге асыратын және сараптамалық қорытынды ұсынатын, тиісті біліктілігі бар құзыретті шетелдік және қазақстандық мамандар болып табылады. 7. МҒТС объектілері: 1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар; 2) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру нәтижелері бойынша есептер; 3) халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар; 4) Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға, үздік ғылыми-зерттеулерге және жұмыстарға берілетін жыл сайынғы сыйлық алуға ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады. 3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізудің міндеттері мен қағидаттары 8. МҒТС-тың негізгі міндеттері: 1) МҒТС объектілерінің ғылымды дамытудың әлемдік деңгейіне және ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған басымдықтарға сәйкестігін бағалау; 2) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар бойынша нәтижелерді бағалау; 3) халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың есебін бағалау; 4) Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға, үздік ғылыми-зерттеулерге және жұмыстарға берілетін мемлекеттік ғылыми стипендиялардың жыл сайынғы сыйлығын алуға ұсынылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау; 5) әлемдік және ұлттық ғылымның жай-күйін және даму үрдістерін талдауды, ғылыми-техникалық әлеуетті жетілдіру мен ғылымды дамытудың басым бағыттарын негіздеу бойынша ұсыныстарды қамтитын ғылыми зерттеулерді бағалау болып табылады. 9. МҒТС-ты жүргізудің негізгі қағидаттары: сарапшылардың тәуелсіздігі мен құзыреттілігі; МҒТС жүргізген кезде МҒТС объектілерінің жасырындылығы; МҒТС объектілерін зерттеудің ғылыми тәсілі, жан-жақтылық, объективтілік; сараптама қорытындыларының толықтығы мен негізділігі; МҒТС нәтижелерінің жариялылығы болып табылады. 4. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру 10. МҒТС жүргізу мақсатында өтініш берушілер ұйымдастырушыға қағаз жеткізгіште және (немесе) шынайы уақыт режимінде интернет-ресурстар арқылы мынадай материалдарды ұсынады: 1) байланыс деректері, ғылыми-зерттеу тақырыбының атауы мен ғылымды дамытудың басым бағыты, ғылыми және практикалық тәжірибе туралы мәлімет, ғылыми дайындамалар (жарияланым­дар, авторлық куәлік патенттері және т.б. тізімі), кәсіби біліктілігі мен МҒТС объектісінің атауы көрсетілген өтініш берушінің ілеспе хаты; 2) гранттық қаржыландыруға немесе ғылыми, ғылыми–техникалық жобалар мен бағдарламаларды (бұдан әрі – ғылыми-зерттеулерге арналған өтінімдер) және МҒТС объектілерін іске асыруға қатысуға арналған өтінімдер. 11. Ұйымдастырушы: 1) ғылыми дәрежесінің болуы мен мамандығы бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі, мамандығы бойынша соңғы бес жылдағы, оның ішінде шетелде жарияланған дәйектелетін ғылыми жұмыстардың дәрежесі ескеріле отырып, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың құрамын сапалы іріктеуді қамтамасыз етеді; 2) кандидатурларын жетекші шетелдік университеттер, ғылыми-зерттеу мекемелері, ұлттық ғылыми академиялар және ғылыми қоғамдастықтар ұсынатын шетелдік сарапшылардың автомат­тандырылған дерекқорын қалыптастырады; 3) мамандануына және МҒТС объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес сарапшыларға іріктеу жүргізеді; 4) МҒТС объектісіне байланысты шетелдік және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, кешенді (комиссиялық) сараптама жүргізу туралы шарт жасасады; 5) сарапшылармен МҒТС-ты жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарт жасасады; 6) кемінде үш сарапшыға МҒТС объектілерін жібереді; 7) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба және (немесе) бағдарлама бойынша өтініш беруші, бірлесіп орындаушылар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аффилирленген субъек­тілері туралы ақпаратты жарияламау арқылы МҒТС объектілерінің анонимдігін қамтамасыз етеді; 8) сарапшы шарт талаптары мен осы Қағидада белгіленген МҒТС жүргізу қағидаттарын бұзған жағдайда, оны автоматтандырылған дерекқордан шығарып тастайды; 9) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың деректер банкін қалыптастырады; 10) МҒТС-ты әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 12. МҒТС жүргізу және сараптамалық қорытынды дайындау кезінде сарапшы МҒТС объектісі бойынша мынадай бағалау өлшемдерін негізге алады: 1) ғылыми жаңашылдығы, ғылыми-техникалық деңгейі, перспективалығы, ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың әзірлену дәрежесі; 2) ғылыми-зерттеулер үшін қолданылатын әдіснама; 3) ғылыми-зерттеулердің күтілетін нәтижелері; 4) күнтізбелік жоспар мен шығыстар сметасы негізінде ғылыми-зерттеуді орындау үшін қаржыландырудың сұратылатын көлемінің экономикалық негізділігі; 5) ғылыми-зерттеулерді орындау үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу; 6) пайдаланылған ғылыми еңбектер мен әдебиеттердің сәйкестігі. 13. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытындыны шығару үшін сарапшы МҒТС объектілерін бағалаудың балдық жүйесін қолдану арқылы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір бағалау өлшемінің жиынтығы бойынша балдарының жиынтығы МҒТС объектісінің жалпы бағасын құрайтын жоғары, орта және төмен бағасын айқындайды. 14. Ұйымдастырушының МҒТС объектілері бойынша сарапшылардың қорытындысына негізделген, жоғары немесе орта шекті баға алған ресми сараптама қорытындысы МҒТС-тің нәтижелері болып табылады, олар мұндай қорытынды алынған сәттен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей Кеңеске жіберіледі. 15. Әрбір МҒТС объектісі бойынша МҒТС жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайды. 16. Ұйымдастырушы МҒТС нәтижелерін өтініш берушіге Кеңес шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді. 17. МҒТС объектілерінің мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын сараптамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 18. Ұйымдастырушыға және (немесе) сарапшыға өтініш берушінің өкілдері және МҒТС жүргізуде мүдделі өзге де адамдар тарапынан қысым жасауға не өзге де әсер етуге жол берілмейді. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 1-қосымша САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ______________________________________ (МҒТС объектісінің атауы көрсетіледі) Бағалау өлшемдерінің атауы    Балдық бағалау *    Күшті және әлсіз тұстары көрсетілген сарапшының түсініктемелері жоғары (7-ден 9-ға дейін)    орта (4-nен 6-ға дейін)    төмен (1-ден 3-ке дейін) Ι    Ғылыми жаңашылдығы, ғылыми-техникалық деңгей, перспективалығы, ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың әзірлену дәрежесі ΙΙ    Ғылыми-зерттеулер үшін қолданылатын әдіснаманы бағалау ΙΙΙ    Ғылыми-зерттеулердің күтілетін нәтижелерін бағалау ΙV    Күнтізбелік жоспар мен шығыстар сметасы негізінде ғылыми-зерттеулерді орындау үшін сұралатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін бағалау V    Ғылыми-зерттеулерді орындау үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін бағалау VΙ    Пайдаланылған ғылыми еңбектер мен әдебиеттердің сәйкестігін бағалау Жиыны: Сарапшы__________________________(Қолы) Қаралған күні: 20__жылғы «___» ____________ Объектіні бағалау өлшемдері сараптама объектілеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасына 2-қосымша МҒТС объектісін бағалау жүйесі Шекті бағасы    Балдар    Баға    Күшті және әлсіз тұстарын көрсете отырып бағалауды сипаттау Жоғары    9    Керемет     Әлсіз тұстары жоқ 8    Көрнекті     Әлсіз тұстарымен 7    Үздік     Кейбір әлсіз тұстары елеусіз Орта    6    Өте жақсы    Көптеген әлсіз тұстары болмашы 5    Жақсы    Айтарлықтай бір әлсіз тұсымен 4    Қанағаттанарлық    Кейбір күшті тұстары және қалыпты әлсіз тұстарымен Төмен    3    Қанағаттанарлықсыз    Кейбір күшті тұстарымен, бірақ айтарлықтай бір әлсіз тұсымен 2    Аса қанағаттандырмайды    Болмашы күшті тұстарымен және көптеген әлсіз тұстарымен 1    Нашар    Күшті тұстары жоқ, әлсіз тұстары айтарлықтай