19 Қазан, 2011

Жүздесулер жүгі салмақты

317 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Ортақ мүдде – орынды байланыстар бастауы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Германия та­рабына тағы да бір рет риза­шы­лы­ғымызды білдіреміз. Германия ал­ға­шқылардың бірі болып біздің еліміздің тәуелсіздігін таныған еді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Германия Федеративтік Республикасы Бундес­та­гы­ның Президенті Норберт Ламмертпен кездесуін осындай жылы лебізбен бастады. Қос ел парламенттері жетек­ші­лерінің кездесуі Берн қаласында Парламентаралық Одақ Ассам­блея­сының 125-ші отырысы шең­бе­рінде өткен болатын. Мәжіліс Төр­ағасы Қазақстан Германияны Еуропадағы саяси және эко­но­ми­калық әріптесі деп санайтынын, барлық салада және барлық дең­гейде ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екенін жеткізді. Өткен жылы арнайы сапармен ГФР Федералдық канцлері Ангела Мер­кельдің Қазақстанға екі мәрте келгені белгілі. Орал Мұхамеджанов Қазақстан тарабы Ангела Меркель­дің 11 жылдан кейін өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысқанына риза екенін жеткізді. Астана Декларациясы ЕҚЫҰ-ның беделі арта түсуіне және қоғамдағы қауіпсіздіктің ны­ғаюына қызмет етеді. Кездесуде биыл Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) жетекшілік ету міндетін өз қолына алғаны туралы сөз болды. Осы тұрғыда біздің мемлекетіміз ха­лықаралық және аймақтық қауіп­сіз­дікті нығайтуға, Ислам әле­мі мен Ба­тыс арасындағы үн­қа­ты­суды оңтай­лан­дыруға басты назар аударып отыр. Жуырда ғана Астанада өткен «Яд­ро­лық қарусыз әлем үшін» халық­ара­лық форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев әлем жұртшылығын беделді де қуатты Жаһандық анти­ядро­лық қозғалыс құруға шақыр­ды. Және оны ғаламшарымыздың барлық құрлы­ғын­да ұйымдастыру­ға кірісу керектігін айтты. Форум қо­рытындысында қабылданған Яд­ролық қарусыз әлем жөніндегі Астана Декларациясы ядролық қару­сыз­дану және таратпау үдерісінде барлық халықаралық қоғамдас­тық­тың күш-қуатын біріктіруге шақы­рып отыр. Мәжіліс Төрағасы Ламмерттің өткен жылы қазан айында Қазақ­стан­ға келген сапарынан кейін парламентаралық байланыстың арта түскенін айтты. Қазақстан парламентшілері Бундестагтағы «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының мүшелерімен жиі кездесулер өткізіп жүр. Келесі жылы қазақстандық депутаттардың Берлинге сапармен баратыны жоспарлануда. Кездесу барысында саяси түсініктердің арқасында екі ел­дің экономикалық байланысы өріс­тей түскені атап өтілді. 2010 жыл­дың қорытындысында Германия сауда айналымы бойынша Қазақ елінің алдыңғы қатардағы (6-орын) сенімді әріптесі болып табылды. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсті. Қа­зақстан Германияның алдыңғы қатарлы инновациясы мен жаңа тех­нологияларына қызығушылық та­нытуда және екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық ын­ты­мақтастықтың дамуына ынталы болып отыр. Мәдениет пен гумани­тар­лық саладағы ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. 2010 жылы Германияның Қазақстандағы жылы табысты өтіп, тараптардың саяси, экономикалық және мәдени байланыстары өркен жаюына ық­пал етті. Қазақстандағы ұлты неміс азаматтар мен Германияда тұратын бұрынғы қазақстандықтар мен эт­ностық қазақтар екі елдің ара­сындағы байланысты жалғастырып отыр деуге толық негіз бар. Мәжіліс Төрағасы Германия жа­ғына 2010 жылы Гумбольд атын­дағы Берлин университетінде «Қазақстан және қазақ тілі» дәріс­ха­насының ашылуына ризашылы­ғы­н білдірді. Бұл – алыс шет елде жасалған қазақстандық тұңғыш жоба. 2009 жылғы мамырда Берлин қаласында «Болашақ» бағдарла­ма­сының өкілдігі ашылған болатын. Содан бері Германияда «Болашақ» бағдарламасының студент-стипен­диаттары көбейіп келеді. Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықтың көк­жие­гін ке­ңейте беретіндіктеріне сенім білдірді.   Үнқатысу арқауы – ынтымақтастық Екі жақты өзара байланыс­тың қарқынды дамуы нәтиже­сін­­де біздің ынтымақ­та­с­ты­ғы­мыз жо­ға­ры деңгейде жалғасын табаты­ны­на сенімдіміз. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжі­лі­сінің Төрағасы Орал Мұ­ха­мед­жа­нов Швейцария Кон­феде­ра­ция­сы Парламенті Ұлт­тық Ке­ңе­сінің Президенті Жан-Рене Жерманьемен кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Мәжіліс Төрағасы әріптесін Берн қаласында Қазақстан депутаттары Парламентаралық Одақ Ассам­блея­сының 125-ші отырысын та­бысты өткізуімен құттықтады. Кездесу барысында бейбітшілікті ны­ғай­туда ядролық қарусыздану және таратпау үдерісіндегі Қазақстан­ның бастамасы ерекше орын ала­ты­ны айтылды. Мәжіліс Төрағасы жуырда Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем жұрт­шы­лығын беделді де қуатты Жа­һандық антиядролық қозғалыс құ­ру­ға шақырғанын мәлімдеді. Және Елбасы ондай қозғалысты ғалам­ша­рымыздың барлық құрлығында ұйымдастыруға кірісу керектігін айтты. Форум қорытындысында қа­был­данған Ядролық қарусыз әлем жөніндегі Астана Декла­ра­циясы ядролық қарусыздану және таратпау үдерісінде барлық халық­аралық қоғамдастықтың күш-қуа­тын біріктіруге шақырып отыр. Орал Мұхамеджанов өз сөзінде Қазақстан тарабы Кальми-Рейдің 11 жылдан кейін өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысқанына риза екенін атап өтті. Астана Декларациясы ЕҚЫҰ-ның беделі арта түсуіне және қоғамдағы қауіпсіздіктің ны­ғаюына қызмет етеді. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы биыл Қазақстанның Ислам Ынтымақ­тас­ты­ғы Ұйымына (ИЫҰ) жетекшілік етудегі еліміздің ұстанған басым бағыттарын жеткізді. Атап айт­қан­да, Африка елдеріне гуманитарлық көмек көрсету – басымдық берілген міндеттердің бірі. Қазіргі таңда аштыққа ұшырап жатқан Африка елдеріне азық-түлік, гуманитарлық және экономикалық көмек көрсету үшін Қазақстан 350 млн. АҚШ дол­ларынан астам қаражаттың жи­на­луын ұйымдастырды. Кедей елдерге экономикалық және гумани­тар­лық көмек көрсетуде Швей­ца­рия­ның халықаралық беделі мен тә­жірибесі бар. Осы орайда Мәжі­ліс Төрағасы Швейцария Қазақ­стан­ның экономикалық және гума­ни­тарлық мәселелерді халық­ара­лық институттар мен ұйымдар ар­қылы шешуге бағытталған баста­ма­сына қолдау білдіретініне сенімді екенін айтты. Екі елдің қарым-қатынасын арт­тыруда парламентаралық ынты­мақ­тастықтың рөлі зор екені, Қа­зақстан депутаттарын Швейцария парламентаризмінің тәжірибесі қы­зық­тыратыны сөз болды. Сондық­тан депутаттық топтардың өзара бай­ланыс орнатуы маңызды бол­мақ. Мәжіліс Төрағасы Швейцария Конфедерациясы Парламенті Ұлт­тық Кеңесінің Президентіне биыл желтоқсан айында Қазақстан Тәуел­сіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласында салтанатты шара өтетінін хабарлай келіп, Швейца­рия­ның парламенттік делегация­сын Астанаға достық сапармен келуге шақырды.   Жапония – Қазақстанның сенімді серіктесі Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Жапония Парламенті Өкілдер палата­сы­ның спикері Такахиро Йокомичимен кездесті. Мәжіліс Төрағасы: «Жапония – Қазақстанның сенімді әріптесі. Қа­зақстан Мемлекеті басшысының 2008 жылғы маусым айында Жа­по­нияға ресми сапармен барған кезінде қабылданған Бірлескен мә­лім­демеге сәйкес екі елдің ара­сын­дағы стратегиялық әріптестіктің жан-жақты дамуына ынталымыз», деді. Қазақстан мен Жапонияның халқы ядролық жарылыстардың зардабын шекті. Осы тақырыпта сөз өрбігенде Орал Мұхамеджанов: «2011 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассам­блея­сының 66-шы сессиясында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ядросыз әлемнің жалпыға ор­тақ декларациясын жасауды ұсын­ды. Және осы кезеңде атом қа­руы­на іс жүзінде ие мемлекеттерге өз­дерінің өктем ниеттерінен бас тар­тып, бүкіләлемдік шартқа қосылуы туралы әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық үндеуін қабылдауға ша­қырды», деді. Мәжіліс Төрағасы жуырда ғана Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлем үшін» ха­лықаралық форумына Жапония парламентшілерінің қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді. «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем жұртшылығын беделді де қуатты Жаһандық антиядролық қоз­ғалыс құруға шақырды және оны ғаламшарымыздың барлық құр­лығында ұйымдастыруға кірісу керектігін мәлімдеді. Форум қоры­тындысында қабылданған Ядро­лық қарусыз әлем жөніндегі Астана Декларациясы ядролық қару­сыз­дану және таратпау үдерісінде барлық халықаралық қоғамдастық­тың күш-қуатын біріктіруге шақы­рып отыр. Бірқатар мәселелер төңірегінде пікір алмаса келіп, тараптар кездесу соңында келешектегі ынтымақ­тастықтың одан әрі дамуына ынталы екендіктерін білдірді.   Ұйымдастыру ұсынымдары жарияланды Еуразиялық экономикалық қо­ғамдастық (ЕурАзЭҚ) Пар­ла­ментаралық Ассамблеясының Іс басындағы Төрағасы – Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұ­хамеджанов ЕурАзЭҚ ПАА-ның жауапты хатшысы Петр Зверевті қабылдады. Орал Мұхамеджанов аталған ұйымның бюро және тұрақты комиссиялары отырыстарының күн тәртібі жобаларын қалыптастыру туралы, сондай-ақ Парламентара­лық Ассамблея Хатшылығы мен парламентаралық ынтымақтас­тық­тың қызметін ұйымдастыру жө­нін­де ұсынымдарын айтты. ЕурАзЭҚ 2000 жылы 10 қазанда құрылған, бүгінгі таңда Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан осы ұйымның мүшесі болып табылады. ПАА құрамына ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің парламенттерінен 106 депутат енген. Орал Мұхамеджанов ЕурАзЭҚ ПАА-ның Төрағасы болып 2011 жылғы 14 мамырда сайланды. ЕурАзЭҚ-тың Парламентаралық Ас­самблеясы Санкт-Петербург қа­ла­сында орналасқан. Сайын ЕСМАҒИҰЛЫ,  арнайы «Егемен Қазақстан» үшін – Берннен.