Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2017

Астанаға Әзербайжан Президенті келді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанаға Әзербайжан Президенті Илхам Әлиев келді, деп хабар береді «ҚазАқпарат»

Астанаға Әзербайжан Президенті келді

Елорда әуежайында жоғары мәртебелі қонақты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев және Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов қарсы алды.

Бұрын хабарланғанындай, 10-11 қыркүйек күндері Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен тарихта алғаш рет Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі Саммиті өтеді. Саммитке ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысады.

Бұдан тыс, 10 қыркүйек күні Астанада ЭКСПО-2017 хадықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.