21 Қазан, 2011

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

411 рет
көрсетілді
29 мин
оқу үшін
Әбен БЕКТАСОВ: “Қазақстандық төлем жүйесі халықаралық есеп айырысу банкінің барлық 10 қағидатына да сәйкес келеді” Ұлттық Банктің сол кездегі облыстық есеп айырысу-кассалық орталықтарының арасындағы өңіраралық электрондық төлем Ұлттық Банктің төлем жүйесі арқылы жүргізілген алғашқы электрондық құжат болғандығы ресми түрде танылды. Бұл оқиға 1992 жылғы 1 желтоқсанда тіркелген болатын. Құжатты жіберген Тұранбанк, ал алушы “Қостанаймұнайөнімі” болатын. Ақша рубльмен өткізілді, төлемнің мақсаты – экспортқа тиелген мұнай өнімдері үшін ақы төлеу. ҚР Ұлттық Банкінің төлемдер жүйесін іске қосқан сәтте 1992 жылғы қолма-қол жасалмайтын есеп айырысулар туралы уақытша ережемен реттелген бір төлемді өткізу мерзімі қала бойынша 3 күнді, облыс бойынша 9 күнді, республика бойынша 12 күнді құрады. Бүгінгі күнгі жылдамдық пен көлемдерді бұдан 19 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді: бүгіндері ірі төлемдер жүйесі арқылы секөнтіне 20-25 төлем өтеді. Олардың үздіксіз жұмысына үйренген пайдаланушылардың ішінде олардың тетігі туралы ойланғандары кемде-кем екені рас. Байланыс арнасы бойынша қалайша белгі берілетінін, пульттің бір түймесін басу арқылы қалайша музыкалық жүйені, үй теледидарын басқаруға немесе гараждағы мәшинені жылытуға болатынын ойлағандар да аз. Соған қарамастан, елдегі ақша айналысының тетігін түсінгісі, сондай-ақ төлем жүйелері, төлем карталары және электрондық ақша туралы білгісі келген білімпаздарға ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Әбен БЕКТАСОВ әңгімелеп береді.   FIFO қағидаты: Біріншісі кіріске, біріншісі шығысқа – Әбен Ағыбайұлы, көптеген адамдар төлем жүйесін төлем карталары жүйесі деп қате түсінеді. Шындығында, Қазақстанда  қандай төлем жүйелері жұмыс істейді және олардың ерекшеліктері қандай? – Дәлірек айтқанда, дамыған төлем жүйесі ғана Қазақстанға төлемдердің осы түрін өте тез әрі жеңіл енгізуге мүмкіндік берді. Қазір республикада екі ұлттық төлем жүйесі жұмыс істейді. Біріншісі – Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ). Екіншісі – Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ). ҚР ҰБ еншілес ұйымы - “ҚР Ұлттық Бан­кінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орта­лығы” РМК олардың операторы болып табылады. Әр жүйенің өз ерекшелігі бар және нарықтың белгілі бір бөліктеріне бағдарланған. Біріншісі, жүйелік маңызы бар төлем жүйе­сін­де төлемдер есебі нақты уақыт режімінде жүзеге асы­рылады, яғни әрбір төлем құжаты жүйеге түскеннен кейін бірнеше секөнт ішінде есептеледі. Жүйе мереке және демалыс күндерін қоспа­ған­да, аптаның бар­лық күндерінде жұмыс істейді. Оның операциялық күні таңертеңгі 9-да басталып, сағат 19-да жабы­ла­ды. Алайда жүйені пайда­ла­ну­шы­ның өтінімі бойын­ша Ұлттық Банк опера­ция­лық күнді ұзарта алады. Төлем құжатының есебі үшін шоттағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда жүйеге келіп түскен­нен кейін құжат бірден кезекке қойылады. Кезекте тұрған төлем құжаттары басымдық кодтарына сәй­кес өң­деледі. Осы кодтар шегінде төлем құ­жат­тары олар­дың келіп түсу тәртібімен FIFO қағидаты бойынша орындалады: біріншісі кіріске, біріншісі шығысқа. Жүйені пайдаланушылар тө­лем құжаттарының ор­ын­далу кезектілігін белгілеуге және өзгертуге құқы­лы.  Бұдан басқа кезекте тұрған құжатты кері қайта­ра алады. Жүйе қаржы секторының: бағалы қағаз­дармен, банкаралық депозиттермен, банктердің және олардың клиентт­е­рінің меншікті қаражатын аудару операциялары, шетел валютасымен және қымбат металдармен операциялар бойынша ірі және басымдық берілген төлемдерді жүргізуге бағдарланған.   Клиринг формуласы: Т+3 Банкаралық клиринг жүйесі (өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу) қатысушылардан келіп түскен төлемдерді нетто-негізде күніне тек бір рет қана есептейді. Клиринг нәтижелері бой­ын­ша ақша сомасы БААЖ арқылы аударылады, себебі клиринг жүйесінде нақты ақша жоқ. Тө­лем­дерді болашақтағы Т+3 валюталау күнімен жіберу мүмкіндігі, сондай-ақ бір төлемнің ең жо­ғар­ғы сомасы бойынша шектеу­лердің болуы банк­ара­лық клиринг жүйесінің ерекшеліктері болып та­бы­лады. Бүгінгі күні ол 5 млн. теңгені құрайды. Бұл жүйе тәулік бойы аптасына 7 күн жұмыс істейді. Бұл ретте мұнда негізінен шаруа­шылық жүр­гізуші субъектілердің тауарлар мен мате­риал­дық емес активтер, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар бойынша төлемдері, сондай-ақ бюджетке төленетін төлемдер мен бюджеттен төленетін төлемдер жүргізіледі. Ақша төлемдері мен аударымдарының уақты­лы жүргізілуін қамтамасыз ететін Қазақстан тө­лем жү­йелерінің жоғары тиімділігі мен сенімділігін ХВҚ, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық қаржы ұй­ымдарының сарапшылары бірнеше рет атап өткенін айта кетейін. ХВҚ консуль­тант­та­ры­ның бағалауы бойынша біздің төлем жүйелеріміз жүйелік маңызы бар төлем жүйелері үшін Халық­аралық  есеп айы­рысулар банкі белгілеген барлық негізгі 10 қағидатқа толығымен сәйкес келеді.   Жаңарту басталды… – 1992 жылдың соңында алғашқы элек­трондық төлем жүргізілген сәттен бастап тө­лем жүйелерін құру жөнінде үлкен жұмыс жүр­гі­зілді, оларды дамыту жөнінде соңғы жыл­да­ры қандай жобалар, қадамдар жасалды? – Жұмыстың бірінші төлем жүйеден өткенге дейін басталғаны түсінікті. Қазақстанның төлем жүйе­лерін жаңарту үдерісі 1991 жылы басталды және бірнеше маңызды даму кезеңдерінен өтті. Мә­селен, 1991 жылы коммерциялық банктердің фи­лиаларалық айналымдар (ФАА) шоттары ҚР ҰБ филиалдарында ашылған корреспонденттік шот­тарға ауыстырылды. Бұл ФАА-ны жауып, банк­­аралық есеп айырысуларды ұйымдастыруды нақтылауға мүмкіндік берді. 1992 жылы Ұлттық Банкте ТМД елдерінің ұлттық/орта­лық банктері үшін корреспонденттік шоттар ашыл­ды. Сол жы­лы барлық аудандарда, қалаларда, облыс орталық­тарының қалалық аудандарында және Алма­тыда есеп айырысу-касса орталықтары құрылды. 1993 жылы төлемдерді жылдамдату, сондай-ақ жал­ған авизоларды пайдаланудың алдын алу мақсатында Қазақстан облыстары арасындағы есеп айрысу­лар­да электрондық төлемдер енгізіле бастады. 1995 жылы алғашқы Алматы клиринг палатасы құрылды. 1996 жылы Ұлттық Банктің облыстық филиалдары жаны­нан өңірлік клиринг палаталары құрылды, олар өңі­рішілік төлемдердің банкара­лық клирингін жүзеге асырды. Сол жылы “элек­трондық төлем тапсырма­сы” деген ұғым нормативтік тұрғыдан бекітілді, тө­лем жүйесі қаты­су­шы­ларының арасындағы төлемдер бойынша ақп­а­рат алмасу үшін SWIFT-ке бағдар­ланған элек­трон­дық хабарламалар форматтары әзір­леніп, енгізілді. Сонымен қатар 1996 жылы Алматы клиринг палатасы Қазақстан банкаралық есеп айы­рысулар орталығы (ҚБЕО) болып қайта ұйымдас­тырылды. Екінші деңгейдегі банктердің ҚР ҰБ орталық аппаратындағы корреспонденттік шоттарын орта­лықтандыру маңызды іс-шара болды. Бұл жұмыс 1998 жылғы қазан-қараша аралығында жүргізілді. Корреспонденттік шоттарды орталықтандыру Ұлт­тық Банкке есеп айырысу банкінің және банк­тердің банкі функцияларын оралымды жүзеге асыруға, тө­лем жүйесін және жалпы банк жүйесін бақылау функ­цияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. 1999 жылы Ұлттық Банк амери­ка­лық автомат­тан­дырылған клиринг палатасына ұқсас орталықтан­дырылған клиринг жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Банк­ара­лық клиринг жүйе­сі құрылып, қазіргі кезде тиімді жұмыс істеуде. Есеп айырысуды жалпы негізде жүзеге асы­ратын және перспективалы RTGS (нақты уақыт режімінде жалпы есеп айырысу жүйесі) сипа­тын­дағы ірі төлем­дер жүйесін (ІТЖ) құру 1996 жыл­дан басталған болатын. Швейцария тәжірибесі, атап айтқанда SIC - Swiss Interbank Clearing жүйе­сін құру тәжірибесі негізге алынды. 2000 жылғы ақпанда ІТЖ Банкаралық ақша аудару жүйесі бо­лып қайта құрылды. Оны ендіру жүйе монито­рин­гінің және жүйеге қатысушы банктердің өтімділік тәуекелдерін басқарудың тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік берген еліміздің төлем жүйелерін да­мы­тудың келесі кезеңі болды. Ұлттық Банк республиканың төлем жүйелерін жаңарту, операциялық сенімділігін және өнді­ріс­тік тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ халық­аралық стандарттарды ендіру жөнінде үнемі жұмыс жүргізіп отырады. Мысалы, 2008 жылғы 1 желтоқсанда рес­публиканың төлем жүйелері 1048-2002 ҚР СТ стан­дартына негізделген, қазақ тілінің символдары бар жаңа кодты кестені пай­да­лануға көшті. 2010 жылғы 7 маусымда  төлем жүйелері қауіпсіздік деңгейі жо­ға­­ры және өткізу мүмкіндігі айтарлықтай ұлғайған жаңа нұсқаға өтті. Интеграциялық үдерістерді дамы­ту және ЕС стандарттарына жақындау мақсатында банк және төлем жүйелеріне банк шоттары мен банктік сәйкестендіру кодтары нөмірлерінің тиісінше ISO 13616: IBAN және ISO 9362: BIC халықаралық стандарттары енгізілді. 2009 жылдан бері ҚР ҰБ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұлттық төлем жүйелерін және екінші деңгейдегі банктердің ақпарат жүйе­лерін “Сәй­кестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiм­дерi туралы” ҚР Заңының нормаларын іске асыру шеңбе­рінде сәйкестендіру нөмірлерін пайда­ла­ну­ға ауысты­ру жөнінде жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ Астана қа­ласында жаңа резервтік орталық құру Ұлттық Банк­тің төлем жүйелерінің тиімді жұмы­сын қамтамасыз ету саласындағы басым бағыт­та­рының бірі болып табылады. Бұл шара негізгі орталық орналасқан ауданда штаттан тыс және апат жағдайлары туындаған жағдайда Ұлттық Банктің және төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Республика тәуелсіздігі жылдары жүргізілген жұ­мыс қорытындылары бойынша ұлттық төлем жүйе­лері арқылы жүргізілген төлемдер көлемі айтарлық­тай өсті. Мысалы, 2010 жылы төлемдер көлемі 187,7 трлн. теңге сомасына 29,7 млн. тран­зак­цияны құра­ды,  бұл 2010 жылмен салыс­тыр­ған­да саны бойынша 2,8 есе және сомасы бойын­ша 18,3 есе көп.   Оверсайт онша байқалмағанмен, маңызды – Республиканың төлем жүйелері қалай қадағалануда? – Төлем жүйелерін қадағалаудың (оверсайт) ма­ңызы туралы мәселені Ұлттық Банк 2000 жылдардың басында көтерген болатын. Оны қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары халық­аралық стандарттарға және шетелдік тәжірибеге негізделді. Төлем жүйелерін қадағалау ұғымы “ҚР Ұлттық Банкі туралы” Заңның 48-бабында айқындалған. Ол ҚР ҰБ қызметінің төлем жүйелерін ұйымдас­тыру­дың және жұмыс істеуінің талаптары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзір­леу; төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыру; төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексеру сияқты негізгі бағыттарынан тұрады. Ұғым сонымен қатар ақша төлемі мен аударымы, төлем жүйелерінің төлем жүйелері қатысушыла­ры­нан және операторларынан жұмыс істеу мәселелері бойынша ақпаратты жинақтауды және талдауды; төлем жүйелеріне қатысушылардың қызметін тексеруді қамтиды. БААЖ және БКЖ ұлттық төлем жүйе­лері, сондай-ақ банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар, төлем құралдары, төлем карточка­лары және халықаралық ақша аударымдары жүйесі нарығы төлем жүйелерін қадағалау объектілері ретінде айқындалған. Бұл ретте Ұлттық Банк төлем жүйелерін қада­ғалауды жүзеге асыру саласында басқа орталық банк­термен тәжірибе алмасу жөнінде белсенді жұ­мыс жүргізуде. Мәселен, 2001-2007 жылдары ҚР Ұлт­тық Банкі ТМД елдерінің, алыс шетелдердің орталық банктерінің өкілдері үшін төлем жүйелері бойынша жеті семинар өткізді, оларда да төлем жүйелерінің оверсайты мәселелері талқыланды. 2011 жылғы қыркүйекте ЕурАзЭҚ қатысушы елдердің орталық (ұлттық) банктерінің өкілдері үшін “Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) және оны жүргізу әдіснамасы” деген тақырыпта үш күндік семинар өткізілді.   Қашықтан қызмет көрсету: одан жақын болмайды – Банк қызметтерін электрондық тәсілмен көрсетуге көшу төлемдер жүргізу жүйесіне өзгеріс енгізді ме? – Әрине. Электрондық банк қызметтері – бұл Интернет-дүңгіршектерді қоса алғанда,  Интернетке шыға алатын компьютер, телефондар, электрондық терминалдар сияқты байланыс арналары бойынша банк операцияларын қашықтан жүргізуден тұратын банк қызметін жүзеге асырудың жаңа тәсілі, сапалық  тұрғыдан жаңа деңгейі. Ол үшін пайдаланылатын тә­сілдерден электрондық банк қызметтерін дамы­тудың бірнеше негізгі бағыттарын атап көрсетуге болады. Телефон банкингі – дауыстап хабарлаудың банк жүйесі негізінде. “Банк-Клиент” жүйесі – арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату арқылы клиентке (заңды тұлғаға) қашықтан қызмет көрсету. Интернет банкинг – дүниежүзілік желі арқылы қашық­тан қызмет көрсету. Мобильді банкинг – мобильдік технологиялар негізінде қашықтан қызмет көрсету. Өзіне өзі қызмет көрсетудің автоматтандырылған терминалдары арқылы банк қызметтері. Көптеген қазақстандықтар олардың ыңғайлы екендігін бағалап үлгерді, себебі әрбір клиент үшін банк қызметтерін қашықтан көрсету – ең алдымен, уақытын және банк операцияларын кезексіз жұмсау­ға кететін өзінің ұйымдастыру шығындарын айтар­лық­тай үнемдеу, пайдалануда ыңғайлы және банк қызметтерінің аптаның 7 күнінде 24 сағат бойы жылдың 365 күнінде қолжетімділігі. Географиялық орналасқан жеріне қарамастан. Мұндай қызметтерді дамыту банктер мен олардың клиенттеріне ғана емес, тауарлар мен қызметтерді ұсынушыларға да пайдалы. Анық басымдығының арқасында қашықтан қол жеткізу жүйелері банктер мен олардың клиент­терінің арасында кеңінен қолданылуда.   Карточкамен қызмет көрсету халықты тарта түсті – Енді төлем карталарына тоқталсақ. Елде бұл нарық қаншалықты табысты дамуда? – Айтарлықтай серпінді. 2001 жылы орташа алғанда Қазақстанның 12 тұрғынына бір төлем карточкасы тиесілі болды, ал қазіргі уақытта 2 тұрғынға бір карточкадан келеді. Соңғы бес жылда айналыстағы карточкалар саны екі есе ұлғайып, қазір 9,1 млн. дананы құрап отыр. Оны ұстаушылар саны 8,5 млн. адамға жетті. Бұл елдің экономикалық тұрғыдан белсенді халқының жалпы санының 97%-ын құрайды. Айналыстағы карточкалардың негізгі бөлігі дебеттік карточкаларға тиесілі. Олардың үлесі карточкалардың жалпы санының 87,6%-ын құрайды. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың үлесі 1,6%-ды, кредиттік карточкалар 10,8%-ды, алдын ала төленген карточкалар 0,1%-ды құрайды. Бұл нарықты дамыту дәрежесі олардың тармақ­талған қызмет көрсету желілерінің болуына байла­ныс­ты. Қазір елде төлем карточкаларын қабылдай­тын 11 491 сауда кәсіпорны жұмыс істейді. Бұл олар­дың 2010 жылғы 1 қыркүйекте белгіленген санынан 9,6%-ға артық. Бұл ретте сауда кәсіпкерлері тауарлар мен қызметтер ақысын төлем карталары арқылы төлеуге мүмкіндік болу үшін жабдықтарды 17 489 сауда нүктесінде орналастырған. Өсу 11,6%-ды құрап отыр. Төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арнал­ған жабдықтар саны жыл сайын өсуде. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 27 409 сауда терминалы, 7 873 банкомат және 615 импринтер орнатылған. 2010 жылмен салыстырғанда сауда терминалдары санының 12,2%-ға, банкомат­тар­дың 6,2%-ға артқаны және импринтерлер санының 22,7%-ға азайғаны байқалады, бұл банктердің мәшинелер паркінің жаңаруымен және ескірген импринтерлерді өндірістен алумен түсіндіріледі. Төлем карточкаларына қызмет көрсететін жаб­дық санының өсуіне байланысты жалпы алғанда осы қондырғыларға түсетін жүктеме деңгейінің сақталу үрдісі байқалады. Егер 2000 жылдардың басында қолма-қол ақшаны алу жөнінде бір банкоматтан орташа алғанда күніне шамамен 70 транзакция жасалса, 2011 жылы бұл көрсеткіш шамамен 46 транзакция болып отыр. Бұл ретте 2011 жылы бір POS – терминалға күніне шамамен 3 транзакциядан келеді. Жабдық пен төлем карточкаларын ұстаушылар арақатынасында да оң динамика байқалады. 2001 жылы бір POS – терминал мен банкоматқа тиісінше 456 және 2182 карточка ұстаушыдан келген. 2011 жылы бір POS – терминал мен банкоматқа тиісінше 309 және 1 074 карточка ұстаушыдан келеді. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргі­зіл­ген операциялар көлемі нарықтың маңызды көр­сет­кіші болып табылады. Жылдың 8 айында (қаңтар-тамыз) қазақстандық эмитенттердің төлем карточ­ка­лары пайдаланыла отырып Қазақстан аумағында және одан тыс 2,7 трлн. теңге сомаға 97,8 млн. транзакция жүргізілген. 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда транзакциялар саны мен сомасы тиісінше 12,3% және 27,4%-ға өскен. Олардың ішінде қолма-қол жасалмайтын жолмен 359,7 млрд. теңге сомаға 19,5 млн. транзакция жасалған, бұл 2010 жыл­­дың осындай көрсеткіштерінен тиісінше 20,8% және 42,8%-ға артық. Қолма-қол ақшаны беру жө­нін­дегі операциялар өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда саны бойынша 10,4 %-ға және сомасы бойынша 25,3%-ға ұлғая отырып, 2 296,3 млрд. теңге сомаға  78,3 млн. транзакцияны құрады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшаны алу жөніндегі операциялардың басым үлесі банкоматтар арқылы жүргізіледі, жалпы саны­­ның 97,2%-ын, соманың 87,9%-ын құрайды. Тиісінше 2,8% және 12,1% POS-терминалдарға тиесілі. Қолма-қол жасалмайтын төлемдер көбіне POS-терминалдар арқылы жүргізіледі, жалпы санының және сомасының тиісінше 40,4% және 73,7% құрайды және банкоматтар арқылы тиісінше 49,6% және 19,4% құрайды. Соңғы уақытта қолма-қол жасалмайтын төлемдердің Интернет, мобильді телефондар, банк дүңгіршектері арқылы жасалуының оң динамикасы байқалады. Бұл қондырғыларға төлем карточкаларын пайдалана оты­рып жүргізілетін қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының 7,9% және 5,4% тиесілі.   Әмиян виртуалды, ақша нақты – Жақында электрондық ақша туралы заң күшіне енді. Ол қаншалықты өзекті? – Өте өзекті, себебі бүгінде Интернет көптеген қазақстандықтардың өміріне біте қайнасып кетті. Өз кезегінде Интернетті пайдаланушылар желіде он­­лайн арқылы сатып алуға деген сұранысты өсіріп отыр, ал кәсіпкерлерде өз қызметтерін жаңа бала­малы тәсілмен көрсетудің қосымша мүмкіндігі туып отыр. Электрон­дық ақшаны пайдалану артық­шы­лық­тарының екі жақ үшін де өзара пайдалы әрі қауіпсіз екендігін ескерсек, онлайн қызметтерінің жаңа түрлері әрбір желі пайда­ланушысының күнделікті тұрмысына шапшаң енуде. – Әбен Ағыбайұлы, электрондық ақшаны кім және қашан пайдалана алатынын оқырмандарға айта кетсек. – Электрондық ақша – бұл оны шығарушының (банктің) электрондық тасымалдауышта электрон­дық нысанда сақталатын ақшалай міндеттемелері. ҚР-ның қабылданған заңы электрондық ақша ұғы­мын алғаш рет енгізіп, оның құқықтық мәртебесін бекітіп отыр. Қабылданған заңға сәйкес ЭА-ны пайдалану басқа да төлем карточкалары, чектер, вексельдер, төлем тап­сыр­малары және т.б. секілді төлем құралдарымен қа­тар төлемдерді жүзеге асырудың тәсіліне жатқызылған. ЭА-ны электрондық коммерция саласындағы сау­да-саттық операцияларына тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа төлеу құралы деп қараған жөн. Электрондық ақшаны жеке тұлғалар сатып ала алады. Ол үшін эмитент-банкке қолма-қол емес немесе қолма-қол нысанда тиісті ақша сомасын алдын ала енгізу қажет. Содан кейін алынған сомаға эмитент-банк электрондық ақша шығарады. Рәсім пайдаланушының электрондық “әмиянына” оның енгізген ақшасының құнына баламалы ақшаны салу арқылы жүргізіледі. Осы сома шегінде ол элек­трон­дық ақша жүйесінде сауда және өзге де опера­цияларды жасай алады.   Электрондық ақша үшін қатаң регламент – Электрондық ақшаның шығарылуын және айналымын заң қалай реттейді? – Кез келген банк ЭА-ны шығаруға құқылы. Бұл ретте банк өз бетінше, өзінің ішкі бизнес-страте­гия­сына сәйкес жұмыс моделін таңдау және электрон­дық ақша жүйесінің инфрақұрылымын ұйымдастыру жө­нін­­де шешімдер қабылдайды. Менің ойымша, бар­лық мүдделі эмитенттерді тарта отырып электрон­дық ақша­ның бірыңғай инфрақұрылымын құру элек­трондық коммерция нарығын одан әрі дамытудың айтарлықтай оңтайлы және ұтымды шешімі болар еді. Мұндай жү­йені ендіру банктер үшін инвес­ти­циялық жағынан да, тұтынушылардың қызметтерге қол жетімділігін ке­ңей­ту мүмкіндігі тұрғысынан да тартымдырақ болар еді. Бұл ұсынысты іске асыру жүйенің негізгі қаты­сушыларының жалпы шығасыларын төмендетуге, ЭА-ны ел көлемінде пайдалана отырып төлемдер жүр­гізу­дің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Қазақ­стан үшін электрондық ақшаны ендіру электрондық ком­мер­ция­ның одан әрі дамуына жаңа серпін береді, себебі оны халықтың қаржы операцияларын жүргізу үшін белсенді және барлық жерде пайдалануы логистиканың да­муы­на және сауда ұйымдарының қолма-қол жасал­май­тын төлемдерді қабылдауына өтуін ынталандыруға түрткі болады. Ұлттық Банк осы бағыт шеңберінде эл­ек­трондық ақша нарығы­ның тиімді жұмыс істейтін жә­не перспективалы моделін қалыптастыру жөнінде бір­қа­тар шараларды жоспарлап отыр. Электрондық ақша­ны айналысқа енгізумен байланысты 2012 жылы жаңа жобалар туындап, іске қосылады деп болжап отырмыз. Сонымен қатар, әрбір банк тек ішкі нарықтағы сауда операцияларына ғана қызмет көрсетуге бағыт­талған өзінің жеке электрондық ақша жүйесін құруға құқылы. Мұндай жағдайда ЭА-ға қызмет көрсететін әрбір банкте төлемдерді өткізудің түрлі технология­ла­ры мен стан­дарттары қолданылатын болады. Алай­да мұндай тәсіл түрлі банк жүйелері мен олар­дың клиенттері арасын­дағы ақпараттық-техно­логия­лық өзара іс-қимылмен байланысты белгілі бір про­блемалардың туындауына әкеп соғады. Нарықта бір-бірімен өзара іс-қимыл жаса­майтын бірнеше элек­трон­дық ақша жүйелерінің пайда болуы элек­трон­дық коммерцияның кеңінен және жыл­дам енгізілуіне кедергі жасап, сол арқылы инвести­циялардың ақта­луына және осы жүйелердің одан әрі технологиялық тұрғыдан дамуына қиындық келтіреді.   Эмитент– резидент емес пе? заңды емес! – Еліміздің заңнамасына сәйкес отандық банк­тер ғана ЭА-ның эмитенттері бола алады. Қа­зақстандықтардың шетелдік эмитенттер берген қолданыстағы электрондық әмияндары тура­лы не айтасыз? – Республика заңнамасының талаптары Қазақ­стан азаматтарының қызметімен және олардың ел аума­ғын­да түрлі операциялар жүргізуімен байланыс­ты қаты­нас­тарға ғана қолданылады. ҚР резиденті емес шетелдік компаниялардың электрондық ақша­сын қазақ­стан­дық заңнама реттемейді және олардың қызметі реттелмейтін болып табылады. Шетелдік эми­тенттер шығар­ған электрондық ақшаның ел аума­ғында есеп айыры­су­дың заңды тәсілі болып таныл­майтынын атап өткен жөн. Тиісінше, ел ішінде республика резиденттері ара­сында сауда және өзге операцияларды жүргізу кезінде оларды пайдалану ҚР заңнамасының талап­та­рына қай­шы келеді. Бұл ретте заңнама Қазақстан азаматтары­ның шетелдік компаниялардың элек­трон­дық ақша жүйеле­рінің қатысушылары болу құқығын шектемейді. Резидент еместердің электрондық ақша­сы жеке шетелдік төлем жүйелері құнының элек­трон­дық бірліктері болып табылады. Олар түрлі елдер­дің юрисдик­ция­сында. Со­ған байланысты шетелдік жүйелердің ЭА-ның Қазақ­стан­дағы иелері заңнамамен қорғалмаған, шетелдік ком­паниялар – шетелдік эмитенттердің тара­пынан олар­дың талап­тарының өтелуіне нақты кепілдік жоқ, тиісінше барлық тәуекелдерді азаматтар өздері жеке көтереді.   Электрондық коммерцияның болатындығы сөзсіз! – Сіздің ойыңызша Қазақстанда электрондық коммерцияның дамуына не кедергі? – Электрондық коммерцияны дамыту – мемлекет саясатының халықты қол жетімді (елдің кез келген өңірінен), ең бастысы қауіпсіз төлем қызметтерімен қамтамасыз етудегі басым міндеттерінің бірі. Бұл бағытта бірқатар мәселелерді шешу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, қазір электрондық коммерция саласындағы заңнама құқықтық сипаттағы проблемалық мәселелерді шешу бағытында жетілдірілуде. Мұндай жұмыстың мысалы - өткен маусым айында қабылданған “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы” Заң. Құжатқа электрондық ақшаны шығару және оның айналысы мәселелерін реттейтін түзетулер енгізілді. Менің ойымша, республикада Интернет төлем­дер сегментінің қарқынды дамуына кедергі келтіретін мынадай мәселелерге көңіл бөлуге болады. Біріншісі – төлем сервисінің дамымауы. Иесіне ашық құ­рал пайдалануына мүмкіндік беретін, сатушылар үшін де, тұтынушылар үшін де ақы төлеу тетігі та­лап­тары бойынша ыңғайлы электрондық ақша нарық­тың да­муына жаңа серпін беретін құрал болып табылады. Логистика – тауарлар мен қызметтерді жеткізудің да­мымауы кедергі келтіретін екінші фактор болып та­былады. Үшінші фактор – елдің сауда ұйымда­­рының, кәсіпкерлерінің баламалы on-line өткізуін айқын ынталандырудың болмауы. Бірақ бұл проблема уақыт өте келе шешілетін болады және көптеген қазақ­стан­дықтар жақын уақытта сервистің осы түріне өздері көшеді. Осы және басқа да қ­ұрамдас бөліктерді шешкен кезде бізде электрондық коммерцияны қарқынды дамытуға жақсы мүмкіндік туындайды. – Мазмұнды әңгімеңізге көп рахмет. Әңгімелескен  Алла ДЕМЕНТЬЕВА. *         *         * Материал басуға дайындалып жатқан кезде “ҚР ҰБ Банктік сервис бюросы” РМК-нің ашық конкурсты жеңіп, Түркіменстанның Орталық банкімен ұлттық төлем жүйесін жеткізуге және ендіруге келісім-шартқа қол қойғаны белгілі болды. Келісім-шартқа сәйкес БСБ нақты уақыт режімінде жалпы есеп айырысу жүйесінен (RTGS) және клирингтік есеп айырысу жүйесінен тұратын бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ басқа инфрақұрылымдық құрамдас бөліктерді жеткізуді және ендіруді қамтамасыз етеді.   RSS     Ондыққа! ХВҚ сарапшылары: Қазақстанның төлем жүйелері Халықаралық есеп айырысу банкі белгілеген барлық 10 негізгі қағидатқа сәйкес келеді. TW     Қазақстанның төлем жүйелері: халықаралық талаптарға толық сәйкестік