Кезінде Олжас Сүлейменовтің өткен тарихты ақын көзімен зерделегені мәлім. Мына кітапта автор халқымыздың ұлттық мемлекет құру орайындағы алты ғасырлық тарихын журналистік тұрғыдан пайымдауға әрекет жасапты. Қазіргі қоғамның проблемаларын, өткен тарихты да жақсы білетін талантты қаламгер алдына қойған мақсат үдесінен шыққандығын тұсаукесер рәсіміне жиналғандар тілге тиек етті. Институт директоры Болат Сұлтанов дәл осы күнгі нөмірінде «Егемен Қазақстан» газетінің кітаптың «Қазақстан. Өз жолы. Назарбаев дәуірі» деген тарауын шағын кіріспемен жариялап, әріптестің игі ісін тілектестікпен сүйіншілеген сергектігін басқа журналист ағайындарға үлгі ете сөйледі.
Кітап «Эдельвейс» баспа үйінен 2000 дана таралыммен шыққан. Мұнда Керей мен Жәнібек хандардан бастап, қазақтың соңғы ұлы ханы Кенесарыға дейінгі қатпарлы тарих, қазақ ордасының басындағы шырғалаңдар кезең-кезеңмен, алып тұлғалардың өмір тарихтарымен сабақтастыра пайымдалған. Қазақстанның кеңестік дәуірдегі 14 басшысының ғұмырнамалары арқау етілген эсселер де өте тартымды. Сол 14-тің төртеуі ғана қазақ. Еңбегін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тарту еткен автор осынау кітабы оқырманға жол тартқан бүгінгі күнді өзінің бақытты әрі қуанышты күні деп есептейтінін айтты.
Заманымыздың аса көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов жас досының қуанышына құтты болсын айтып: «Бүгінге дейін жартысынан аудара оқып шықтым. Сонда мұның өте пайдалы кітап екеніне көзім жетті. Бұл өзі кең түрде һәм егжей-тегжейлі жасалған энциклопедиялық түсіндірме сөздік сияқты екен», деді. Сонымен бірге, Әбең Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан алдағы бір айдың бедерінде 9 мың таралыммен шыққалы жатқан атақты «Қан мен тердің» тұсаукесерін дәл осы залда өткізу жөніндегі Болат Сұлтановтың ұсынысын қабыл алғандығын мәлім етті. Алдағы 22 қазан күні 87 жастың сеңгіріне шығатын қазақ әдебиеті корифейінің Ғабдуллин кітабының тұсаукесеріне қатысып, өзін мұндай жиындарда соңғы кезде сирек көретін көпшілікке көзайым болуының өзі де бір ғанибет-ау деп ойладық.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Суретті түсірген Борис БУЗИН.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше