21 Қазан, 2011

Кедендік комиссия мен нотариат жұмысы заңнамалық тұрғыдан жетілдірілді

452 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен палатаның кезекті жалпы отырысы болып өтті. Бұл жолғы отырыстың күн тәртібінде депутаттар Кеден одағы комиссиясы мен нотариат мәселелеріне қатысты заңдық құжаттарды қарады. Алдымен депутаттарға «2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағы­ның комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын Сырт­қы істер министрінің орын­ба­сары Қайрат Сарыбай таныс­тыр­ды. 2007 жылы Душанбе қа­ласында Еуразиялық эконо­ми­ка­лық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) Мемлекетаралық кеңесінің оты­ры­сы барысында ЕурАзЭҚ-қа мү­ше мемлекеттер басшылары Кеден одағы комиссиясы туралы шартқа қол қойса, араға үш жыл салып, комиссия жұ­мы­сының  тиімділігін арттыру мақ­са­тында атал­ған шартқа өзге­ріс­тер мен то­лықтыруларды қарас­ты­ратын хаттама  өмірге келген еді. Хаттамада Кеден одағы ко­мис­сиясының шешімі  30 күн ішін­де күшіне енетіні көзделген-тін. Сонымен бірге, кезек күттір­мей­тін жағдайлар үшін басқа мер­зімге ауыстыру да қарас­ты­рылған еді. Комиссияға жекелеген мәселелер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұсы­ныстарын қарау және ұста­нымдарымен келісу, сондай-ақ комиссияға тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін үйлестіруші және кеңесуші органдар құруда  көмек беру де көзделген. Бүгінгі таңда Кеден одағы аясында  кеңесуші және көмек беруші органдар жұ­мыс атқаруда. Сыртқы сауданы реттеу мәселесі бойынша тех­ни­ка­лық реттеу, санитарлық, вете­ри­нарлық, фитосанитарлық ша­ра­ларды қолдану жөніндегі үй­лес­тіруші комитет қызмет жа­сайды. Сенат депутаттары заң жо­басын бірауыздан қолдап, қа­былдады. Күн тәртібінде екінші қарал­ған мәселе «Нотариат туралы» Қа­зақстан Республикасының за­ңы­на өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы» заң жобасы болды. Ол бойынша баяндаманы Әділет министрі Рашид Түсіп­бе­ков жасады. Министр заң жобасы нотариат саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру және де сыбайлас жемқорлық жағдай туғызатын нормаларды алып тастау мақсатында әзірленгендігін жеткізді. Нотариаттардың санына шектеу қою жойылады. Ал бұл лицензиясы және мол тәжірибесі бар 2 мыңнан астам адамды жұ­мысқа алдырып отыр. Қазіргі уақытта нотариаттыққа кандидат адамға кіру жарнасы 1-ден 3 миллион теңгеге дейінгі көлемде белгіленіп отыр.  Сондай-ақ, кадрлық резерв туралы ережені және бос тұрған нотариус қызметіне орна­ла­суға конкурс өткізуді жою, но­та­риаттық қызметтің ұйымдас­ты­ры­луын, нотариаттық кеңселер­дің үй-жайларына қойылатын талаптар белгіленуін регламенттеу және де құқықтық және техни­ка­лық сипатта көрсетілген қызмет­тер ақысын нақты белгілеу қарас­тырылған. Жоба бойынша депутаттар қой­ған сауалдарға Р.Түсіпбеков пен оның орынбасары Ә.Аманбаев жауап берді. Министрдің орын­ба­са­ры сенатор Қ.Баймахановтың сұ­ра­ғына орай жауабында нота­риат­тық кеңселердің құжаттары қазіргі кезде келісім-шарт негізінде Мемлекеттік мұрағатқа та­бысталып жатқандығын жеткізді. Қазіргі таңда мұндай шаралар Ал­маты, Қызылорда және Сол­түстік Қазақстан облыстарында жүзеге аса бастаған. Ал С.Жал­ма­ғамбетова сауалына қатысты министр жеке нотариаттық кең­се­лерге Елтаңбаны қолдану бой­ын­ша рұқсат етілгендігін алға тартты. Осылайша талқылау ба­рысында заң жобасына 30-дан астам өзге­ріс­тер енгізілді. Соңынан «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы­ның заңына өз­геріс­тер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы  Мәжіліске жіберілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.