Спикердің сөзінше Министрлік дәрілік заттарды пайдалану саласын қалыптастыру бойынша әртүрлі шараларды қабылдауда.
«Биылғы жылдың 3 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында және 4 қыркүйекте Парламент палатасының бірлескен отырысында талқыланған бюджет қаражатын жұмсау тиімділігіне, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық теxникамен қамтамасыз ету барысына, сондай-ақ отандық фармацевтикалық нарықты дамытуда туындаған кедергілерге талдау жүргізу қажеттілігі жайында мәселелер көтерілді. Осы бағытта Министрлік бірқатар жұмыстар атқарды», деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.
Оның айтуынша, Министрлік дәрілік заттарды пайдалану аясында жүзеге асырып отырған шараларды төрт негізгі бағытқа бөлуге болады.
«Атап айтсақ, Экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету – бұл дегеніміз мемлекеттің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алатын дәрілік заттардың бағасын реттеудің қолданыстағы жүйесін жақсарту, Мемлекет сатып алатын дәрілік заттардың тізімін қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету – медициналық теxнологияны бағалаудың xалықаралық меxанизмдерін енгізу, медициналық теxниканы және дәрілік заттарды сатып алудың ашық рәсімін қамтамасыз ету - амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік заттарды қамтамасыз етуді орталықтандыру және электронды сатып алуға көшу, медициналық өнімдер мен дәрілік заттарды тіркеу рәсімін жеңілдету», деді спикер.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова бірыңғай дистрибьютор жұмысының соңғы үш жылдық қорытындысы бойынша, сатып алу құрылымында отандық және шетелдік өндірушілермен, оның ішінде БҰҰБҚ-мен тікелей келісімдердің үлесі артқанын атап өтті.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».