Рамазан 62 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекеновтің айтуынша, Рамазан бірінші белдесуде Голландиядан келген қарсыласынан басым түскен.
«Сондай-ақ болгарлық атлетпен айқасқанда жеңіске қол жеткізді. Рамазан финалға шығатын кезде бар күшін салып, тәжік спортшысын еңсерді. Ол ақтық сында Моңғолиядан келген қарсыласына бір де бір мүмкіндік бермей, әлем чемпионы атанды», - деді Манарбек Бисекенов.
Тағы бір маңғыстаулық спортшы Жалғас Қаспаев 15 қазан күні чемпионатта өнер көрсетеді.