29 Қазан, 2011

«Амангелді» кенішінің сегіз жылдық белесі

438 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Осыдан тура 8 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Амангелді» газ конденсаты кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану үрдісінің тұсаукесерін өткізген еді. «Амангелді Газ» ЖШС-ның ең­беккерлері осы кен орнын игеру жұ­мысын бастаудан бұрын бұл жерде үлкен дайындық жұмыстарын жүр­гіз­ді. Қажетті жабдықтар жеткізілді, кеніштің қалыпты жұмысын бастау­ға қажетті құрылыс нысандары бой көтеріп, 193 шақырым қашықтыққа созылған 530 мм диаметрлі «Амангелді» кеніші – КС-5» магистралдық газ құбыры салынды. Сөйтіп, 2003 жылдың қазан айында жаңа кен орнын өнеркәсіптік негізде пайдалану жұмысы басталды. Амангелді жобасы еліміздегі газ кеніштерінің ішіндегі бірегей жоба болып табылады. Оның геологиялық күрделі сипаттамасына байланысты мұндай тәсілмен газ өндіру тәжі­ри­бесінің Қазақстанда баламасы жоқ. Бұл кенішті игеру қазақстандық ком­паниялардың және отандық маман­дардың күшімен жүзеге асырылды. «Амангелді» кен орнының пайдала­нуға берілуіне байланысты еліміздің оңтүстік өңірі Өзбекстан газын импорттаудан арылып, энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізді. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылып, отандық мамандардың кәсіби шеберлігі шыңдалды. Қазір «Амангелді» кенішінде Жамбыл облысының 190 тұрғыны тұрақты түрде еңбек етеді. Республика аумағында нақ осындай жаңа кен орындарын игеру және пай­­далануға беру үшін қажетті ұлт­тық кадрлар әлеуеті қалыптаса бастады. Бүгінде бұл кен орнында 24 ұң­ғы­ма жұмыс істеп тұр. Орташа есеппен тәулігіне бұл жерде 942 мың текше метр табиғи газ және 76 тонна газ конденсаты өндіріледі. 2010 жылы мұнда 344,1 млн. текше метр газ және 24,15 мың тонна конденсат алынды. Осы жылы жоба бойынша 323,6 млн. текше метр газ және 27,7 мың тонна конденсат өнді­ріледі. «Амангелді» кенішінің пай­далануға берілуіне байланысты Жам­­был облысының тұрғындары және жылу өндіретін компаниялары басқа өңірлермен салыстырғанда тұ­рақты түрде арзан әрі сапалы газбен қам­тамасыз етілу мүмкіндігіне ие болды. Газ және конденсат өндіру жоспары жүйелі орындалып келеді. Бұл ретте МемСТ-5542-87 талапта­рына сәйкес өндірілген өнімнің са­па­сына айрық­ша мән беріледі. Өнді­рілетін өнім сапасы осы кен орн­ын­да қоныс тепкен, аккредитациядан өткен зертханада тексеріліп отыра­ды. Амангелді кеніші газының кало­рия­лық қуаты им­портталатын өзбек газымен салыс­тырғанда 5-10 пайыз жоғары. «Амангелді» кенішіндегі газ өн­діру жұмысы 15 күндік вахталық әдіс бойынша жүзеге асырылады. Вах­талық жұмысшылар үшін тұр­мыс­қа қажетті барлық жағдай жаса­лынған. Вахталық кентте қазіргі заман тала­бы­на жауап беретін тұрғын үй блок­та­ры, асхана, медициналық қызмет көрсететін, кір жуатын орын, мәдени-спорттық кешен, арнаулы техника­ларға қажетті жылы бокс, жылу орта­лығы және басқа әлеумет­тік-тұрмыс­тық нысандар жұмыс істейді. Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың 2007 жыл­ғы сәуір айында берген тапсырма­сына байланысты «Қаз­ТрансГаз» АҚ және «Амангелді Газ» ЖШС Амангелді тобындағы газ кеніштерін зерттеу жұмыстарын дамы­ту жөніндегі жұмысты жүйелі жүр­гі­зіп келеді. «ҚазТрансГаз» АҚ-қа қа­рас­ты келі­сім-шартты аумақта сейс­мо­логиялық зерттеу жұмыстары жүр­гізілді. «Жар­құм», «Айрақты» және «Анабай» кен орындарын те­рең­дете зерттеу жұ­мыс­тары жалға­су­да. Кен орнын игеру және пайдалану барысында эколо­гия­лық шара­лар­ға айрықша көңіл бө­лінеді. «Қаз­ТрансГаз» АҚ-тың Жам­был облысы аумағындағы газ кеніш­терін игеру барысындағы жетіжыл­дық қызметін қорытындылай келіп, бұл мақсат­тағы Қоғамның атқарып отырған жұ­мысы еліміздің оңтүстік өңірі тұр­ғындарының әлеуметтік жағ­дай­ын жақсартуға, экономиканы да­мытуға өлшеусіз үлес қосатынын атап көрсету ләзім. Иә, игілікті іс одан әрі шапағатын төгіп, жалғаса бермек. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.