09 Қараша, 2011

Білім сапасын жетілдіру жайы қозғалды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Сапалы білім беру Қа­зақ­станның индустрия­лан­­ды­ры­луы­ның және инно­ва­ция­лық да­муының негізіне айналуы тиіс». Мемлекет бас­шысының қазақ­стан­дық­тарға жолдаған биылғы Жол­дауында атап көр­сетілген бұл міндеттің маңызы зор. Ал­матыда өткен «ТМД мү­ше-мем­лекеттері білім қыз­мет­кер­лері­нің біліктілігін арт­тыру жүйе­сіндегі интеграция» атты ха­лық­аралық форумда кәсіби шеберлікті қалыптастыруда озық әдіс­тер­ді енгізу және өзге де мә­селелер кеңінен сөз болды. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаз тәжірибесі мен біліктілігі ең басты орын алатындығы сөз­сіз. Сондықтан да қазіргі жа­һан­да­ну мен интеграция жағ­дайында бүгінгі күннің жоғары талабын ескере оты­рып, педагогтардың ізденіс аясын, іскерлігі мен қа­бі­ле­тін кеңейте түсу басты шарт.  Бұл орайда қазіргі талап­қа сай білім беру техноло­ги­я­сын, сонымен қатар, элек­трон­ды білім беру жүйесін ен­гізу­дің берері мол. Ха­лықаралық форумды кіріспе сөз сөйлеп ашқан Білім және ғы­лым министрлігі Білім беру жүй­есі басшылары және ғы­лы­ми-педагогикалық кадр­лар біліктілігін арттыру инс­ти­туты­ның директоры Гүл­нас Ахме­то­ва­ның пікірінше, «Қазақ­стан­ның бүгінгі қар­қын­ды дамуы – біліктілікті арттыру жүйесінің қыз­мет­кер­леріне де, жаһандану дәуі­ріне қадам басқан жас­тарға да білім беруді жаңаша түрде жүзеге асыруға жетелейді». Халықаралық форумда сөз алған Украина Менеджмент және білім универ­си­тетінің бірінші проректоры Евгения Чер­нышева «Жа­һандану кезеңіндегі ғылым мен білімге қойылатын жо­ғары талап» төңірегінде ой қозғады: Сонымен, ТМД кеңіс­ті­гінде сала мамандарының білімі талапқа сай дамып,   одан әрі жетілдіріле түспек. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.