Айнымас ата салттың ережесі,
Баламен толған бақыт кенересі.
Өмірдің қызығына не жетеді,
Болғанда әжесі мен немересі.
Әжеде мейірімнің арналары,
Әжедей кім айналып-толғанады?!
Қазақты қазақ қылған қашан дағы
Әжелік махаббаттың салған әні.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»