09 Қараша, 2011

Дерек пен дәйек

266 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
32 200 000 000 ӨТКЕН 9 АЙДА ӨНДІРІЛГЕН МАЛ ӨНІМДЕРІ ОСЫНШАМА ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН Еліміздегі азық-түлік «кәрзең­ке­сінің» басым бөлігін мал өнім­дері құрайтыны белгілі. Сон­дық­тан болар, осы аса маңызды өнім­дерді өндіруде облыс шаруа қо­жа­лықтары биыл айтарлықтай табыс­қа қол жеткізді. Атап айтсақ, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, қой-еш­кінің, жылқының, түйенің, шош­қаның саны 1-3%, ал ет, сүт, жүн және жұмыртқа өндіру 1-3%-ға артқан. Ал теңгеге шаққанда өткен жылдың 9 айында өндірілген мал өнімдерінің жалпы көлемі 26, 5 миллиард теңге болса, ол биылғы дәл осы кезеңде 32, 2 миллиард теңгеге жеткен. Облыс малшыларының мұндай зор табысын ауыл шаруашылығы мамандары өңірдегі асыл тұқымды мал өсіретін субъектілердің арта түсуіне байланыстырып отыр. Мысалы, 2001 жылы облыс бой­ын­ша 17 асыл тұқымды мал шаруа­шы­лығы болса, қазір олардың саны 104-ке жетіпті. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы. ___________ 1 230 000 000 АҚТӨБЕДЕГІ АЙНАЛМА ЖОЛҒА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН ОСЫНШАМА ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ  БӨЛІНЕТІН БОЛДЫ Бұл туралы облыс активімен республикалық ақпараттық-на­си­хат­тық топтың кездесуінде ҚР Кө­лік және коммуникация вице-министрі Асылбек Дүйсебаев жинал­ған­дарды хабардар етті. Үсті­міз­де­гі жылы облыстың автомобиль жол­дарын дамытуға  респуб­ли­ка­лық бюджеттен 15 млрд. теңге бө­лінген, оның 14,7 млрд. теңгесі рес­публикалық маңыздағы авто­жол­дарға қаралған. Бөлінген қар­жы­ға  ұзындығы 489 шақырым 6 жол учаскесін қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылы жалпы пайдаланылатын об­лыс жолдарын дамытуға 18,5 млрд. теңге қаралған. Оның 17,4 млрд. теңгесі республикалық желі жол­да­рына бөлінеді деп күтілуде. Қа­ла­ның оңтүстік айналма жолының  қашан басталатыны «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық кө­лік дәлізі құрылысы аяқталған соң белгілі болмақ. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы. _________ 22 000 000 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ОБЛЫСТЫҢ ЖЕР ҚОРЫ ОСЫНШАМА ГЕКТАРДАН АСТАМ Жер – асыраушымыз. Демек, оған ерекше күтім, қамқорлық қа­жеттігі белгілі. Сондықтан да елі­міздің өңірлерінде жылдар бойы қа­раусыз қалған ауыл шаруа­шы­лы­ғы мақсатындағы жер телімдерін анықтау мен заң ауқымында мемлекетке қайтару қолға алынып отыр. Нәтижесінде ауыл шаруа­шы­лығы алқаптары 16 млн. 400 мың гектар, тыңайған жері 127,1 мың гектар, шабындық 470,7 мың және 14,7 мың гектар жайылымдық бар екені анықталған. Ал бақша мен қызметтік үлес жерлерінің аумағы 6,9 мың гектарды құрайды. Өңірдегі 913 ауыл шаруа­шы­лы­ғы тауарын өндірушілер мен 60227 шаруа қожалықтары 2 млн. 24,4 мың гектар, орта және шағын кә­сіп­керлікпен айналысатындар 97,5 мың гектар жерді тиімді пайдалануда. Десек те әлі де қолдағы жерлерін мақсатты пайдаланбай отыр­ғандардың да кездесетіні анық­талуда. Мұндай жердің жалпы аумағы – 381,6 мың гектар. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жалғасуда. Қазіргі кезде облыстық жер қоры 22 млн. 400 мың гектарды құ­раса, жылдан-жылға оны игеру мен ел игілігіне айналдыру жұмыстары нәтижелі жүргізіліп келеді. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.