09 Қараша, 2011

Болашақтың баяндылығына біздің бүгінгі істеріміз дәлел

273 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
Қазақстандықтардың бү­гін­гі өмір сүру деңгейі мына бір нәрсені анық аңғартады: Қазақстан – нарықтық эко­но­микалық дамуды бетке ал­ған, әлемдік экономикалық жүйемен барынша ықпал­дас­қан демократиялық мемлекет. Расында, бүгінгі күні жасампаз­дық­қа толы әр жы­лы­мыз егемендіктің елең-ала­ңындағы қысыл-таяң шақ­ты артқа тастап, даму­дың даңғылына түсті. Шығыс халықтарында: «Құдайым өзгерістер кезеңінде өмір сүруден сақ­та­сын», деген сөз бар. Шындығында, бұл тіпті қарғыспен қатар айтылатын тіркес іспетті. Десек те, мен барлық қазақ­стан­дықтар секілді өткен ғасырдың 90 жыл­дарындағы қиындықтарды еңсеріп, өзі­міз­дің ұлттық мемлекетіміздің қалып­та­сып, қарышты дамуына бірқанша үлес қосқанымды әркез мақтанышпен еске аламын. Сол жылдары тәуелсіз елдің тұңғыш сайланған Парламентінің барынша ын­та­лы жұмысын еске ала отырып, елдің бү­гінгі жетістігін нақты сезінуге болады. Ра­сында, тәуелсіздіктің алғашқы жы­лын­да қалыптасқан егемен елдің заң шығару билігі күні бүгін ұлттық нормативтік актілерді халықаралық стандарттарға сәй­кестендіруді табысты жаңғыртып отыр­ған базаның іргетасы ретінде қаланды. Сол жылдары елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қоян-қолтық жұмыс істеген депутаттар жасампаз­дық­тың ауқымды үдерісіне өздерінің сүбелі үлестерін қосты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қа­был­данған заңдардың әлеуеті әлі күнге сезіліп келеді. Мәселен, алғашқы жыл­да­ры «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Мемлекеттік қыз­мет туралы», «Білім беру туралы», «Неке және отбасы туралы», «Зейнетақымен қам­сыздандыру туралы» және басқа да өміршең заңдар қабылданғаны есімде. Бұдан бөлек, бірқатар халықаралық келісімдер, оның ішінде әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция алғаш­қы­лар қатарында қабылданды. Тоқтала кететін жәйт, дәл осы құжаттың еліміз үшін мүлдем керексіз болмағаны айдан анық. Бұл ретте Мемлекет басшысының қазақ­стандық әйелдер ісі туралы сара саясаты Қазақстан Президенті жанындағы От­ба­сы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияны құрумен астасты. 1998 жыл­дың соңына таман қызметке кіріскен Ұлт­тық комиссияға жетекшілік етуді Мем­лекет басшысы маған министр қыз­метімен қоса атқаруды жүктеп, үлкен сенім білдірген еді. Ұлттық комиссиядағы бірінші кезектегі міндет ұлттық заңнамалар топта­ма­сын қалыптастыру еді. Сол жылдары Сара Назарбаеваның бастамасымен комиссия елімізде тұңғыш рет «Қазақстан Рес­публикасындағы балалар құқы туралы», жетім балаларға арналған «Отбасы тү­рін­дегі балалар ауылдары және жасөспі­рім­дер үйлері туралы» заңдарды қабылдауға мұрындық болды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы халықаралық қалыптас­қан құқықтық актілерді зерделей отырып, Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақ­сарта түсетін заңнама нормаларын қа­лыптастыру туралы тапсырма жүк­те­ген-ді. Олардың арасында 1995 жылғы Бүкілдүниежүзілік әйелдер форумында қабылданған Бейжің іс-қимылдар тұғыр­намасы да бар болатын. Аталған форум­да­ғы іскерлік ахуал, оған қа­ты­сушы біздерге Ұлттық комис­сия­ның жұ­мысын тиянақты ұйым­дастыруға, әйелдердің жағдайын жақсартуға бағыт­тал­ған Ұлттық іс-қимыл жос­парын әзірлеуге жігерлендіріп те жіберді (1999 жылы). Кейіннен өз тара­пы­мыздан Қыл­мыстық және қыл­мыстық-процессуалды кодекстерге гендерлік сараптама жасауды бастама етіп көтердік. Нәтижесінде, ұлттық заңнамада әйел­дерге қарсы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін тағайындалатын жаза қатайтылды. Бұдан бөлек, Ұлттық комиссиясының жұ­мысы арқасында әйелдер мен балаларды саудаға салатын трафиктер туралы мә­селе көтеріліп, Қылмыстық кодекске, сон­дай-ақ «Қазақстан Республи­ка­сын­дағы туристік қызмет туралы» Заңға әйел­дер мен балаларды сексуалдық, сондай ақ басқа да мәжбүрлі зорлық шара­ларға тарту мақ­сатында елден заңсыз әкетулердің жолы кесілді. Зорлықтан жапа шеккен әйел­дерге, балаларға арналған дағдарыс орта­лықтары біртіндеп ашыла бастады. Мұн­дай орталықтар Елбасының тапсырмасы бойынша ішкі істер орган­дары құры­лы­мында жасақталған арнайы бөлім­ше­лер­мен әлі күнге тығыз байла­ныста. Әйтсе де, менің ойымша, әйелдерді қорғап қана қою жеткіліксіз, олар үшін мүмкіндіктер жолы ашыла түскені игі. Бұл жайында Мемлекет басшысы өзінің бір сөзінде: «Әйелдер – бейбітшілік пен тұрақтылық негізі» деп айтқаны есте. Президенттің көрегендік пайымын бас­шы­лыққа ала отырып, біз де әуел бастан ісімізді осындай негізбен қалыптас­ты­ру­ға тырыстық. Соның арқасында 2001 жылы еліміздегі әйел кәсіпкерлерді қол­дап, олардың ісін дамыту үшін бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді. Бұл «2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында жеке тармақша болып жазылды әрі дәл осы мақсатқа бө­лінген қаражаттың тең жартысын құрай­тын еді. Ал 2003 жылы Ұлттық комиссия мен республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры арасында жасалған меморандум арқасында әйелдердің іскерлігі үшін аталған қордан бөлінетін заемдар ставкасын 12 пайыздан 9 пайызға дейін төмендетуге қол жеткіздік. Сол жылдары «Микрокредиттік ұйымдар туралы» Заң­ды жетілдіру нәтижесінде кәсіпкерлердің несие алу үдерістері де жеңілдеді, оның мөлшері де айтарлықтай ұлғая түсті. Нә­тижесі көзге ұрып тұр: бүгінгі күні Қазақстандағы кәсіпкерлердің 40%-ы – әйелдер. Елбасы Н.Назарбаевтың әйелдер қауы­мын ел экономикасына кеңінен тарту туралы ауқымды бастамаларының ар­қа­сында 2009 жылдан бері Әйелдер кә­сіпкерлігін шағын несиемен қамтамасыз ету бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Бағдарлама 2015 жылға дейін деп белгіленген. Үстіміздегі жылдың 1 қаңта­рына дейін-ақ аталған бағдарлама шең­берінде әріптес банктермен жалпы сома­сы 1,4 млрд. теңгені құрайтын жобалар қаржыландырылыпты. Бизнестің байы­бын терең меңгерген әйел кәсіп­керлер орта есеппен 3,8 млн. теңгенің заемда­рын иеленген. 2011-2012 жыл­дары осы бағдарлама бой­ынша 2,2 млрд. теңге қара­жат бөлін­бекші. Осы­лайша, біздің баста­ма­мыз­бен бұдан 10 жыл бұрын қолға алынған шара осындай ауқымды деңгейге жетіп отыр. Альберт Эйнштейн: «Өмірде бір нәр­сеге болса да қол жеткізу үшін ойды өзгерту керек», деп жазады. Әйелдер құ­қығын қамтамасыз ету саласында қызмет ете жүріп, біз біртіндеп Гендерлік теңдік стратегиясын қабылдау қажеттігін ны­санаға алдық. Мұндай тапсырманы Президент IV Әйелдер форумында 2004 жылы жүктеген еді. Кейіннен 2006 – 2016 жылдар аралығын қамтыған стратегия қазір табысты жүзеге асуда, оның шеңберіндегі барлық іс шара бюджеттік қаржымен қамтамасыз етілген. 2009 жылы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде мен Гендерлік теңдік стратегиясында қарастырылған екі заңды – «Ерлер мен әйелдердің теңдей құқығы мен бірдей мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілі туралы» және «Тұрмыс зорлық-зомбылығының алдын алу туралы» заң­дарды талқылауға және қабылдауға бар ықыласыммен атсалыстым. Бұл заңдар, бұған дейінгі Прези­дент­тің басшылығымен атқарылған басқа да жұмыстар секілді, қазақстандық заңна­ма­ның гендерлік құрамдылығын жаңа әрі аса жоғары сапаға жетелейді. БҰҰ-да Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің бар­лық түрлерін жою жөніндегі конвен­ция­ның атқарылуы туралы Қазақстанның есе­бі екі жыл қатарынан тыңдалған кезде біздің ұлттық заңнамамыздың халық­ара­лық құқық нормаларына сәйкестігі атап өтілген болатын. Мұнда да Елбасының ерен еңбегін айтпай кетуге болмайды. 2000 жылдың өзінде-ақ Ұлт көш­бас­шы­сының гендерлік теңдікке қатысты нормативтік құқықтық базаны құру, сондай ақ оның атқарылу жолдары туралы бас­тамасын зерделеп шыққан БҰҰ сарап­шы­лары Қазақстанның осы салада Орта­лық Азия мен ТМД кеңістігінде сөзсіз көш­басшы саналуға толық құқы бар екендігін анық көрсетті. Сонымен қатар, 2011 жылдың наурыз айында өткен Әйелдер съезінде Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына жаңа міндеттер жүктеп, барлық саладағы қыз­мет­терде әйелдердің қатысу үлесін жоға­ры­лату туралы мәселе қойғаны белгілі. Сол тұста Министрлер Кабинеті, Президент Әкімшілігі мен Ұлттық комиссия (Қа­зақ­стан Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі) «Нұр Отан» пар­тиясымен бірлесе отырып шешімдер қабылдау дең­гейіне әйел­дерді тартудың 2016 жылға дейінгі Іс-қимыл жоспарын әзірлеп еді. Ал бүгінгі күні са­лалық министрліктердегі стра­тегиялық жоспарлардың өзі гендерлік индикаторларға ие: 2015 жылға дейін биліктегі әйелдер үлесін 30 пайыз­ға жеткізуді қамту, әйелдердің орташа жал­ақысының ерлер жалақысына арақа­тынасын кемінде 70% деңгейде қамта­масыз ету. Мінеки, Мемлекет бас­шы­сы­ның қа­зақстандық әйелдер қауымына деген әрбір бас­та­ма­сы түпкі нәтижесі кепілдендірілетін мұқият зерделенген жоспармен астасып жатыр. Екінші жағынан мұндай игі шараларды халықаралық қоғамдас­тық та мойындап отыр. Бұған тағы бір тың мысал: былтырғы жылдың соңына таман Алматы қала­сын­да Гендерлік мәсе­лелер және халықтарды орналастыру және дамыту жөніндегі халықаралық кон­ференцияның іс-қимыл бағ­дарламасы жөніндегі орталық азиялық парламенттік кездесу болып өтті. Бұл ретте Қазақ­станның үнқатысу алаңы ретінде бекерден-бекер таңдалып отыр­­мағанын атап өткеніміз ар­тық болмас. Вице төрайым ретінде гендерлік теңдік мәсе­лелерін алға жылжытуда Қазақстанның жетістіктерін фактілердің өзі-ақ қуаттап беріп отырғанын атап айтсам деймін. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жылында еліміздің заңды жетістігімен халықара­лық қоғамдастық алдында бөліскен бо­латынмын. Мамыр айында Варшавада «Саяси үдерістердегі саяси партия­лардың рөлі» атты тақырыпта семинар болып өтті. ЕҚЫҰ қолдауымен ұйым­дастырылған осынау басқосуда Қазақ­стандағы саяси партияларға әйелдер мен ерлердің теңдей қатысуы туралы баяндама жасадым. Содан бір-екі мәліметті келтіре кеткім келеді. Еліміздің саяси пар­тияларындағы әйелдердің үлес салмағы 30-55%-ды құрайды. Партия және оның жергілікті жерлеріндегі филиалдары басшы­ларының 19%-ы әйелдер болса, басшы орынбасарларының арасындағы әйелдер 22%-ды құрайды. Елбасының жетекшілігіндегі «Нұр Отан» ХДП та­ра­пынан Мәжіліске партиялық тізіммен 19 әйел ұсынылды. Соның нәтижесінде, әйелдер қауымының Парламенттегі саны бұған дейінгі шақырылымдармен салыс­тыр­­ғанда екі есеге дерлік артты және олар депутаттардың жалпы санының 14%-ын құрап отыр. Сөз соңында Мемлекет басшысының ағымдағы ел тәуелсіздігінің мерейлі жы­лын өткізуге қатысты айтқанына тоқтала кетсем, Елбасы: «Бұл тек бір ғана 2011 жылдың оқиғасы емес, тәуелсіздік жыл­дары өткерген, жүрген жолдарымыздың тұтастай мазмұны», деген болатын. Өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығы қар­саңында Отанымыз индустрияландыру толқынына шығып отыр. Үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағдар­ламасы сәтті жүзеге асуда. Соның нәти­жесінде көптеген жаңа кәсіпорындар құ­рылып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылатыны, сол арқылы халықтың өмір сүру деңгейі арта түсетіні көзделеді. Ендеше, Ұлт көшбасшысының дана басшы­лығындағы Қазақстанның елу жылдан кейінгі де, тіпті жүз жылдан кейінгі болашағы жарқын болады! Болашақтың баянды болуына біздің бүгінгі істеріміз дәлел! Айткүл САМАҚОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес төрайымы.