Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қарсаңында Жазушылар одағында да көптеген игілікті іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі «Тәуелсіздік сабақтары» атты тақырып аясында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-журналист Балғабек Қыдырбекұлының «Алатау» романы мен халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, белгілі ақын Несіпбек Айтовтың «Шапырашты Наурызбай» дастанының таныстырылымы өтті.
– Елдің, ұлттың өміріндегі елеулі кезеңдерінде, – деді жиынды ашқан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Нұрлан Оразалин, – сөздің тарихы мен сөздің тағдыры қалай байланды дейтін бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған дүние – қазақтың көрнекті қаламгері Балғабек ағамыздың кешегі Кеңес одағы тұсында «Алатау» романы «қайшыға» түсіп, толық жарияланбаған еді. Бүгін сол үлкен еңбектің толық нұсқасы қолымызға тиіп отыр.
Екінші кітап қазақтың баһадүр батырларының бірегейі Шапырашты Наурызбай жөніндегі поэма. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, арқалы ақын Несіпбек Айтовтың бұл поэмасының толық нұсқасы кезінде «Егемен Қазақстанда» жарияланған-ды. Автор ғасырлар қойнауына кететін тарихымызды өлеңнің өрнегімен, өлеңнің тілімен жырлап, соңғы кездері ұмытылып бара жатқан дастан, поэма жанрына қайта қанат бітіріп отыр дей келіп, демеушілік жасаған, өнердің, әдебиеттің жанашыры Серікбай Нұрғисаевқа ол жұртшылық атынан ризашылық білдірді.
Алғаш сөз кезегін алған белгілі сыншы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев Б.Қыдырбекұлының шығармашылығы, романның қазақ әдебиетіндегі орны туралы сөз етсе, Алматы облысы мәслихатының хатшысы Ардақ Садықов Б.Қыдырбекұлының бұл туындысы ХХ ғасырдың басынан елуінші жылға дейінгі елімізде болған саяси-әлеуметтік ахуалды жан-жақты баяндайтын энциклопедиялық еңбек екенін атап өтті.
Сондай-ақ ақын-жазушылар Сәкен Иманасов, Смағұл Елубай, Қуанышбай Құрманғалиев, Нұрдәулет Ақышев, Жұмабай Шаштайұлы, композитор Балнұр Қыдырбек және т.б. қос еңбек туралы өз ойларын ортаға салды.
Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.
––––––––––––––––
Суреттерді түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Бүгін, 22:33
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 21:52
Олимпиада-2026: Ростислав Хохлов тау шаңғысынан слалом-гигантта сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 21:27
Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті
Референдум • Бүгін, 20:32
Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
Қоғам • Бүгін, 20:25
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 19:40
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Бүгін, 18:40
Ауа райы • Бүгін, 17:44
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Бүгін, 17:37
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Бүгін, 16:12
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Бүгін, 15:45
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Бүгін, 14:47