12 Қараша, 2011

Қатерлі ісік жазылмайтын ауру емес

703 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қатерлі ісік ауруларының жағ­дайы бүгінгі таңда өзекті мәсе­ле­лердің бірі болып тұр. Дүние­жү­зі­лік Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы бойынша жыл сай­ын Жер шарында 10 млн.-нан аса адам қатерлі ісік ауруына ұшы­райды екен. Оның 6 млн.-нан көбі қай­­­­тыс болады. Егер осы бағытта кете берсе, 2020 жылы бұл көр­сет­кіш­тер 2 еселенетін көрінеді. Яғни, жы­лына 15 млн.-нан аса адам ауы­рып, 10 млн. адам қайтыс болады. Ал біздің елімізде қатерлі ісікпен аурушаңдық пен өлім тұ­рақтанғанымен жылда қатерлі ісікпен есепке алынып жатқан аурулар саны көбейіп келе жатқаны алаңдатады. Болжам бойынша бұл аурулар саны жыл сайын 5 пай­ызға өседі деп күтілуде. Қазіргі таң­да қатерлі ісікпен өлім рес­пуб­ликамызда жүрек, қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында тұр. Осы аурумен ауырған ауру­ларды алғашқы сатысында анық­тауға мүмкіндіктің аздығынан елі­мізде көп жұмыстар атқа­ры­лу­да. Шынымен, қатерлі ісік жазыл­майтын ауру ма? Осыған орай біз облыстық онкологиялық диспан­сер­дің бас дәрігері Нұрғали Ор­ма­новты әңгімеге тартқан едік. – 2010 жылдың 29 қараша­сында Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ден­сау­лық сақтау саласын дамы­ту­дың 2011-2015 жылдарға арнал­ған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылдан­ған­дығы белгілі, – дейді Нұрғали Керімбекұлы. – 2015 жылға дейін медицина қызметкерлерінің алдарына қой­ыл­ған талап – аурудың алдын алу­­­ды жандандыру, ерте анықтап, сапалы ем қолдану. Өлім-жітімнің алдын алу мақсатында халықтың орташа өмір сүруінің ұзақтығын 2015 жы­­­лы 70 жасқа дейін ұзарту мәселесі тұр. Осы мақсатта 2011 жылдың 14 қазан күні Астана қаласында Ден­саулық сақтау министрі С. Қай­ырбекованың басқаруымен бүкіл республикадағы аудандық онко­ло­г­тардың үлкен жиналысы бо­лып өтті. Бұл Қазақстан онкол­о­гия­сының тарихындағы аса ма­ңызды оқиға болды. Аудандық онкологтардың Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен бас қо­суы бірінші рет өткізіліп отыр. Ау­дандық онколгтар жылдар бо­йы шешілмей жатқан мәселелерді Денсаулық сақтау министріне ашық айтуға мүмкіндік алды. Шешілмей жүрген біраз мәселе­лер­дің түйіні тарқатылды, шешуін күт­кен мәселелер министрдің на­зарына алынды. Жиналыста онкологияда қиындық туғызып отыр­ған мәселелер Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен талқы­ла­нып, шешім қабылданды. Әр деңгейдегі аудандық, облыстық, республикалық медицина меке­ме­ле­рінің міндеттері анықталып, тап­сырмалар берілді. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында елімізде 2008 жылдан бері скринигтік бағ­дарламалар жүруде. Жатыр мой­ны қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 30 бен 60 аралығындағы әй­е­л­дер тексерілуде. Сүт безі қа­терлі ісігін анықтау үшін 50-60 жастағы әйелдер алдын ала тексеруден өтеді. Осы жылдың аяғы­нан бастап тік ішек және тоқ ішек қатерлі ісігін алдын ала анықтау үшін 50-70 жастағы азаматтар ал­дын ала тексеруден өтеді. Бұл жұ­мыс бастапқы санитарлық-меди­ци­налық көмек көрсету мекемелеріне міндеттендірілген. Халық арасында қатерлі ісікпен ауырған аурулар жазылмайды деп ем алудан бас тартулары кездеседі. Қа­терлі ісіктер алғашқы сатысында анықталған жағдайда аурулардың 80-85 пайыз жазылып кету мүм­кіншілігі болады. Ал ауру кеш анықталған жағдайда жазылып кету мүмкіншілігі 15-20 пайыз ға­на. Сондықтан, әрбір азамат өз­де­рі қарайтын емханаларға барып ал­дын ала тексеруден өтуі міндетті. Онколог дәрігер осылай дейді. Бұдан ұққанымыз, қатерлі ісік ауруының белгісі байқалған кезде ем қабылдаған азаматтар сау-саламат өмір сүреді екен. Бақтияр ТАЙЖАН. Шымкент.