Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары К.Воллебекті қабылдады. Кездесу барысында екі жақ Қазақстан мен Жоғарғы комиссар офисі арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады.
Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімді сақтау мәселелері Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екеніне әрі еліміздің тұрақты дамуының басты кепілі болып саналатынына айрықша назар аударды. Е.Қазыханов Қазақстан мен Жоғарғы комиссар офисі арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды сипатын атап өтіп, К.Воллебекке Қазақстан ЕҚЫҰ-да төрағалық атқарған жылы көрсеткен көпжақты көмегі үшін, соның ішінде 2010 жылы маусым-шілде айларында ЕҚЫҰ төзімділік және кемітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейлі конференциясын, сол жылы шілдеде «Аз ұлттар білімі: теңдік мүмкіншілігі мен интеграция» тақырыбы бойынша екінші қосымша жиналысын және қыркүйекте Варшавадағы ЕҚЫҰ шолу конференциясын өткізу барысында қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді.
К.Воллебек ұлтаралық келісімді күшейту бойынша ашық диалог пен жүйелі жұмысы үшін Қазақстан тарапына ризалығын білдіріп, екі жақ арасындағы ынтымақтастық одан әрі дами береді деген сенімін жеткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.