15 Қараша, 2011

Көп күрмеуді шешетін күрежол

263 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы туралы баян Жоспарлы жұмыс жетістікке жеткізеді «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ха­лық­аралық автожолының жалпы ұз­ын­­дығы 8445 шақырым болса, оның 2787 шақырымы біздің елдің аумағынан өте­ді. Ал осы жобадағы Қызылорда об­лы­­­сының үлесі – 812 шақырым. Еліміздегі автомобиль жолдары саласын дамы­ту­ға негізделген мега-жобаны жү­­зеге асы­руға қомақты қаржы бөлінуде. Өт­кен жылы еліміз бойынша автобанның 417 шақырымдық құрылыс жұмыс­та­ры үшін 79,1 млрд. теңге бөлінсе, би­ыл екі есеге артты. Яғни, үстіміздегі жы­лы салынуға тиіс 850 шақырым жол­ға бөлінген 153 млрд. теңге мақ­сат­ты иге­ріліп жатыр. Халықаралық дәліз еліміз бойынша өндіріс орындары мен ша­­­ғын және орта кәсіпкерліктің дамуына да жол ашты. Бүгінде 21 өндіріс оша­ғы мен 200-ге жуық кәсіпорындар ел экономикасына сүбелі үлес қосып отыр. Демек, олар айына 4,17 млрд. теңгеге қызмет көрсету мүмкіндігіне ие. Еліміз осы халықаралық жобаға қа­тысу мүмкіндігіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қау­ым­дастық алдындағы беделі арқасын­да қол жеткізіп отырғандығын айрық­ша атап өткен жөн. Әлем эконо­ми­ка­сын­да қаржы дағдарысы басталған тұс­та, автомобиль жолдары саласын дамы­ту­ға бағытталған жобаға 10 млрд. АҚШ дол­лары көлемінде қаржы бөлуі тәуе­келді іс еді. Ресей, Қазақстан және Қы­тай мемлекеттерін жалғастыратын автобан құрылысын қаржыландыруда үлесі ба­­­­сым Бүкіләлемдік банк өзінің 65 жыл­дық тарихында алғаш рет жол саласына осынша мөлшерде қаржы құйып отыр. Облысымыз бойынша биыл 79 млрд. теңгенің жұмысын жүзеге асыру және 500 шақырым жол салу жоспарлануда. Күрежол құрылысы басталғалы бері 66,3 млрд. теңге игерілді. Жоба бойы­н­ша өңірімізде 5 бас мердігер компания жұмыс істеуде. Олар: «Салини» АҚ, «Ак­корд Окан» біріккен кәсіпорыны, «Импреза» АҚ, «Азеркорпу» АҚ, «Тоди­­ни» АҚ. Аталған компаниялардың бар­лығы биылға жоспарланған жұ­мыс­ты уақы­тын­да аяқтап келеді. Осы жоба бой­ынша аймақта 17 мыңға жу­ық адам жұмыспен қамтылып отыр. Соның іш­ін­де тікелей жол құрылысына 5140 адам жұмыл­­ды­рылған. Ондағы 346 адам шетел ма­мандары болса, 3384 жұмысшы жергілікті жердің тұрғы­н­дары. Ал 1410 адам басқа облыстардан келіп жұмыс істеп жатыр. Бұдан басқа 11808 адам жол құрылысы материалд­а­рын дайын­дай­тын, автокөлік, темір жол көлігі және сервистік қызмет көрсету жұ­мыс­тарына жұмылдырылған. Жо­ба­ға үш мыңнан аса құрылыс техника­ла­ры тар­тылған. Со­­нымен бірге, 18 асфальт-бетон зауы­ты, 6 цемент-бетон за­уыты және 13 тас ұн­тақ­тау қон­дыр­ғы­лары бар. Мер­дігер­лер­ді темір-бетон бұй­ым­­дары­мен Қызыл­о­р­да қала­сын­дағы «КСМиК» ЖШС, «Құ­ры­лыс» АҚ және Қазалы ау­­­данындағы «Мес­тоотряд-1» ЖШС қамтамасыз етуде. Бүгінде облыс аумағындағы жұ­мыс­тар жүйелі және жоспарлы түрде іске асып жатыр. Ерұлан ЖҮНІСОВ, Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаментінің директоры.   Бұл жоба несімен құнды? Тәуелсіз Қазақстан биыл өзінің азат­тық алғанына 20 жыл толуын атап өтіп жатыр. Бұл ел өміріндегі елеулі оқиға­лардың бірі екені анық. Ел егемендігін алып, даму бағытымыз нарықтық эконо­микаға көшкеннен кейін мемлекетімізде мыңдаған мекемелер құрылды. Соның бірі – «Дорстрой» ЖШС 1996 жылы іргетасын қалады. Біздің компания би­ыл нарықтағы 15 жылдығын атап өтті. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін жол құрылысы саласында жұмыс істедім. Қарапайым жұмысшыдан инженерге дейін көтерілдім. Дегенмен, 90-жылдар­дың басындағы тоқырау кезінде біздің мекеме де жабылып қалды. Сөйтіп, жұмыссыз қалдық. Содан жігіттер бірігіп, өз ісімізді қолға алуды жоспарла­дық. Соның негізінде осы «Дорстрой» компаниясы өмірге келген еді. Ал­ға­шында жұмыстың ірі-ұсағына қарамай істей бердік. Аула, ауыл жолдарын жөн­дедік. Өйткені, тәжірибе жинау керек еді. Сонымен қатар, өзіміздің біліктілігімізді де дәлелдеу алдымызда тұрды. Сөйтіп мұнай компанияларынан ұсы­ныс­тар түсе бастады. Кейіннен Қызыл­орда – Жезқазған автожолының құры­лы­сын қолға алдық. Солайша, жыл өт­кен сайын жұмыс ауқымы да арта түсті. Бүгінде біздің ұжымда 600-ге жуық адам жұмыс істейді. 2008 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы баста­лады деген шақта біз рыноктағы өз ор­нымызды тауып, тәжірибелі мекеме­лер­дің біріне айналған едік. Дегенмен, ма­мандардың жетіспеушілігі байқалды. Ойлана келе, мекеменің жанынан «Техмаман» қайта даярлау мектебін ашуды көздедік. Сол бойынша жол құрылы­сы­ның мамандарын дайындадық. Осы күн­ге дейін «Техмаман» 800 адамды қай­та оқытып шықты. Олардың барлы­ғы жол құрылысы саласында еңбек етіп жатыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» кү­режолына қатысты тендерлік жұмыстар 2009 жылы өтті. Әрине, жол құры­лы­сын салуды шетелдік компаниялар же­ңіп алды. Содан былтыр жұмыс бастал­ғанда олар жергілікті жердегі мекемелерді өздеріне қосалқы мердігерлікке ша­қыра бастады. Біз италиялық «Салини» АҚ-пен келісім-шартқа отырып, жұмысты бастап кеттік. Қазіргі кезде Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қа­ласының арасындағы 70 шақырым жол­ды салып жатырмыз. Осы уа­қыт­қа дейін біз жұмыстың 65 пайызын аяқтап қойдық. Келер жылы өзімізге жүктелген міндетті толығымен бітіреміз деп отырмыз. Бұл жоба несімен құнды? Ең ал­дымен біз халықаралық дәрежеде тә­жірибе жинаймыз. Одан кейін өзіміз­дің кадрларымызды дайындаймыз. Мы­­салы, жол құрылысына біз жоғары оқу орындарын енді бітірген маман­дарды тарттық. Олар осы бір жылдың ішінде 3 жылдық тәжірибе жинады десек, артық айтқандық емес. Тех­ни­калық базамызды да халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жасақ­тадық. Осы арқылы біз халықаралық автожол құрылысына тікелей қа­ты­су­ға мүмкіндік аламыз. Алдағы уақытта шетелдік компаниялармен иық тіресетіндей жағдайға жетеміз деп ой­лаймын. Бұл ел экономикасы үшін де, жекелеген компаниялар үшін де үл­кен пайда болмақ. Мұратбек ТІЛЕУЛИЕВ, «Дорстрой» ЖШС директоры.   Дерек пен дәйек (Мердігер компаниялар бойынша жұмыстың орындалу көрсеткіші) «Салини» АҚ - Жол жамылғысы бойынша жылдық жоспар 175 шақырым. Нақты орындалғаны 130 шақырым. - Негізгі қабатты орналастыру бойынша жылдық жоспар 150 шақырым. Нақты орындалғаны 128 шақырым. - Жер жұмыстары бойынша жылдық жоспар 3056 мың м3. Нақты орындалғаны 1992 мың м3. «Аккорд Окан» БК - Жол жамылғысы бойынша жылдық жоспар 47 шақырым. Нақты орындалғаны 22,4 шақырым. - Негізгі қабатты орналастыру бойынша жылдық жоспар 45 шақырым. Нақты орындалғаны 32 шақырым. - Жер жұмыстары бойынша жылдық жоспар 2398 мың м3. Нақты орындалғаны 1735 мың м3. «Импреза» АҚ - Жол жамылғысы бойынша жылдық жоспар 25 шақырым. Нақты орындалғаны 4,3 шақырым. - Негізгі қабатты орналастыру бойынша жылдық жоспар 22 шақырым. Нақты орындалғаны 8 шақырым. - Жер жұмыстары бойынша жылдық жоспар 1338 мың м3. Нақты орындалғаны 801 мың м3. «Азеркорпу» АҚ - Жол жамылғысы бойынша жылдық жоспар 7,1 шақырым. Нақты орындалғаны 0 шақырым. - Негізгі қабатты орналастыру бойынша жылдық жоспар 10 шақырым. Нақты орындалғаны 6,8 шақырым. - Жер жұмыстары бойынша жылдық жоспар 1387 мың м3. Нақты орындалғаны 944 мың м3. «Тодини» АҚ - Жол жамылғысы бойынша жылдық жоспар 206 шақырым. Нақты орындалғаны 206,3 шақырым. - Негізгі қабатты орналастыру бойынша жылдық жоспар 190 шақырым. Нақты орындалғаны 180,2 шақырым. - Жер жұмыстары бойынша жылдық жоспар 4389 мың м3. Нақты орындалғаны 3921 мың м3.   Талайға тәлім  берген «Техмаман» Осыдан екі жыл бұрын екі өкпеден қаржы дағдарысы қысты. Тек Қазақ-стан ғана емес, бүкіл әлем дағдарыс-тан шығар жолды іздеді. Кейбірі тапты, бәзбірі шығар жолды әлі іздеп жүр. Елбасының сындарлы саясаты­ның арқасында Қазақстан дағдарыстан тез шықты. Оған ұлттық қордың көмегі көп болғаны шындық. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарын қайта даярлау ісіне, екінші мамандық беруге басымдық жасалды. Осы күні аталған бастама өзін-өзі толықтай ақтады деп айтуға болады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы басталғанда осыған дейін жол құрылысымен айналысып келген «Дорстрой» мекемесі де жобаға қаты­суға ниет танытты. Дегенмен, маман тапшылығы бірден қолбайлау болды. Енді не істемек керек? Мекеме бас-шылығы ойлана келе, өздерінің жаны­нан мамандарды қайта даярлайтын орталық ашуды қолға алды. Атын «Техмаман» деп қойды. Басты мақсат – өздеріне жеткілікті маман дайындау, теориялық түрде оқытып қана қоймай, құрылыс басына апарып, нақты іспен тәжірибе жинату болды. Дәл осы сәтте Елбасы Финлиян­дияға сапар жасаған болатын. Онда азаматтарын қайта даярлау тәжірибесі іске асып жатқан. Бағдарлы бастама Елбасына бірден ұнай кетті. Елге келгеннен кейін шеттің тәжірибесін өзімізде пайдалану керектігін айтып, тапсырма берді. Соның негізінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарла-масы іске асты. Алғашында «Техмаман» тек өзде­ріне ғана мамандарды даярлады. Одан кейін мемлекет тарапынан тапсырыс алып, басқа мекемелерге де кадр даярлай бастады. Тіпті, Қазалы ауданы да өздерінің тұрғындарын жіберіп, арнаулы білім беруге өтініш білдірді. «Техмаман» жол құрылысына қа­тысты барлық мамандарды даярлап жатыр. Осыған дейін оның қабыр­ға­сында 800-ге тарта азамат қайта даяр­ланып шықты. Еліміздегі қайта даярлау орталықтары көбіне егде адам­дарға екінші білім бермейді. Ал «Техмаман» елуді еңсерсе де, білім алуға, екінші мамандық иесі атануға ниеті бар адамдарды да оқытты. Бүгінде аталған орталықты бітірген азамат­тар­дың барлығы тұрақты жұмыс орында­ рын тапты. Ал «Техмаман» ел эконо­микасына қажетті мамандарды қайта даярлаумен әлі күнге дейін айналысып келеді. Серік ТОЛЫБАЕВ, «Техмаман» қайта даярлау орталығының директоры.   Өздері оқытып, өздері жұмысқа алды Мектеп бітіргеннен кейін университетке құжат тапсырдым. Бірақ оқуға түсе алмадым. Әр жұмыстың басын бір шалып жүрдім. Қо­лыңда дипломың болмағаннан кейін еш жер жұмысқа да алмайды. Оның үстіне жас бол­ғасын, тәжірибенің жоқтығы да өз әсерін тигізеді. Осындай себептермен біршама жұмыс­сыз жүріп қалдым. Бір күні «Техмаман» қайта даярлау орталығы туралы естідім. Онда оқи­мын, білім алып, жұмысқа орналасамын деген ойым болған жоқ. Бірақ қандай орталық екенін көргім келді. Келсем, жасы бар, жасамысы бар, арасында егде тартқан адамдары да бар, жұрт жаппай оқып жатыр екен. Қызығу­шы­лы­ғым оянып, мен де құжат тапсырдым. Солайша, «Техмаманның» қатарына қабылдандым. Шыны керек, «Дорстрой» мекемесі өздері тегін оқытты. Одан кейін өздеріне жұмысқа алды. Көктен іздегенім жерден табылды десем болады. Бұл мекеме жалғыз мені ғана жұмысқа алған жоқ. Жүздеген жұмыссыз жігіттер жұмыспен қамтылды. Біздің нысан Қар-мақшы мен Байқоңырдың арасы. Сол арадағы жолды салып жатырмыз. Жұмыс жақсы. Жалақысы да жоғары. Онда қазақтың жігіттері екі қолға бір күрек тауып, нәпәқаларын айы­рып жүр. Барлығы да мен секілді жұмыссыз жүрген жігіттер еді. «Дорстройдың» арқа­сында барлығымыз жұмысқа орналастық. Жалпы, жол құрылысымен айналысып жат­­қан жалғыз біздің мекеме емес қой. «Техмаман» тәрбиелеген жігіттердің білікті маман екенін шамалаймын. Өйткені, біздегі қыз­мет­керлерге басқа мекемелер жиі хабарласып, ақыл сұрап, тіпті өздеріне жұмысқа шақырып жатады. Бірақ жұмыссыз жүрген шағымызда оқытып, өздеріне қызметке алған мекемені қалай қиып кетесің? Солайша, білікті мамандар бір мекеме шаңырағы астында бір үйдің баласындай болып қызмет атқарып жатыр. Осы күнімізге барлығымыз да шүкіршілік етеміз. Ғалымжан АЙМАХАНОВ, «Дорстрой» ЖШС жұмысшысы. Айқарма бетті дайындаған «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Ержан БАЙТІЛЕС.