16 Қараша, 2011

ОҚМУ-да аккредиттеу агенттіктері бас қосты

372 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары оқу орындарына үлкен страте­гия­лық міндеттер жүктелген. Дәлірек айтар болсақ, білім мен білім беретін бағдарламалар деңгейін халықаралық аккредиттеу дәрежесіне дейін көтеру,әлемдік стандарттарға сай жұмыс жүргізу сынды жауапты тапсырмалар берілген. Аталған бағыттар бойынша республикамызда бірқатар қадамдар жасалынғаны да жасырын емес. Бұл бірегей тәжі­ри­бені еліміздің жоғары оқу орындарында жүйелендіру мен тарату – уақыт талабы. Сондықтан да 14-15 қарашада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан мемлекеттік университетінде өткізілген «Қазақстандық білім беру жүйесі білім бағдарламаларын аккредиттеу арқылы Еуропалық сапа стандарттары жолында» атты халықаралық ғылыми-тәжіри­бе­лік семинар аса маңызды болып табылады. «Қазақстандық жоғары оқу орындары­ның сапасы үздік еуропалық стандарт­тар­ға сай болуы керек» тақырыбы семинар­­дың негізгі өзегі болды. Семинар қатысушылары Қазақстанның білім жүйесі тәуелсіздігін алған 20 жыл ішінде жоғары ұлттық және әлемдік экономикадағы ықпалдастық үдерістерiн есепке алу арқылы қайта жаңғырды деген пікірлерін білдірді. Осы жылдар аралы­ғын­да қазақстандық білімді бүкіл әлем мой­ындай бастады. 2010 жылы Болон дек­ла­рациясына қол қою арқылы Қазақстан Еуропаның жоғары білім аймағында тең құқылы мүше болып танылып, Еуропалық білім стандартына жақындай түскендігін дәлелдеді Білім сапасы мен адамгершілік әлеуетті дамыту еліміздің Президенті бекіткен Қа­зақстан Республикасының 2011-2020 жыл­дарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына негізделген. Сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу ор­ындарының шетелдік аккредиттеу генттіктерінде білім беру бағдарламалары бойын­ша халықаралық аккредиттеуден сәтті өтуіне мүмкіндік жасайтын білім сапасын бағалаудың ұлттық желісін құруға басым көңіл аударылған. ОҚМУ-да өткен семинар еліміздің жо­ғары білімінің барлық саласын қамтыған ерекше оқиға болды. Себебі, Еуропа бой­ынша сапамен қамтамасыз ету желілерінің жетекшілері, Еуропаның, Ресей мен Қа­зақ­станның аккредиттеу агенттіктерінің же­тек­шілері, жоғары оқу орындарының рек­торлары тұңғыш рет Қазақстанның уни­верситетінде бас қосып отыр. Ерекше айта кету керек, семинарға қа­тысушы қонақтар арасында Инженерлік білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еу­ропалық желісінің (ENAEE) вице-президенті, германиялық ASIIN аккредиттеу аг­ент­тігінің бас директоры Иринг Вассер, Венгрия аккредиттеу комитетінің бас хат­шысы, Сапаны қамтамасыз етудің Еуропа­лық желісінің басқарма мүшесі, экс вице-президенті (ENQA) Тибор Cанто, Информатика бойынша білім беру сапасын қам­тамасыз етудің Еуропалық желісінің (EQANIE) президенті, Берлин техникалық университетінің профессоры Георг Ганс-Ульрих Хайс, Еуропалық химиялық тақы­рыптық желісі белгілерін беру жөніндегі комитет (ECTNA) төрағасы, Химиктердің Еуропалық тіркеу кеңесінің (EuCheMS) төр­ағасы, Прага химиялық технология инс­титутының профессоры Павел Драшар; Информатика бойынша білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық желісі Аккредиттеу комитетінің (EQANIE) мүшесі, Гринвич-Лондон университетінің деканы Элизабет Бэкон, Бизнесті басқару бойынша халықаралық бағдарламаларды аккредиттеу қорының (FIBAA) арнайы өкілі Хайнц-Ульрих Шмидт, германиялық ASIIN аккредиттеу агенттігінің менеджері Мелани Грунер, AQA «Австрия сапаны қамтамасыз ету агенттігі халықаралық аккредиттеу бөлімінің басшысы Дитллинда Кастелиц, Францияның педагогика сала­сындағы бағдарламаларды халықаралық бағалау орталығының үйлестірушісі Лиза Буданова, Латвияның Жоғары білім беру сапасын бағалау орталығының директоры Юрис Дзелме, «Ақпараттық-талдау орта­лы­­ғы» АҚ президенті (Қазақстан) Ш.Қа­ланова, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының дирек­торы Р.Сейдахметова, Сапаны қамтамасыз етудің Орталық Азиялық желісінің (CANQA) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі Г.Дуйшебаева, Ресей инженерлік білім беру ассоциациясы аккредиттеу орталығының (АИОР) дирек­торы С.Герасимов, Білім сапасын қоғам­дық бақылау және карьераны дамыту аг­ент­тігінің (АККОРК, Ресей) бас дирек­торы А.Белокопытов, Қырғыз Республи­касы лицензиялау және аккредиттеу жө­нін­дегі мемлекеттік инспекцияның басты­ғы Б.Исмаилов, Қазақстандағы Темпус ұлт­тық ресми кеңсесі мен Британ кеңе­сінің өкілдері, ҚР жоғары оқу орында­рының басшылары бар. Баршамызға белгілі, Тәуелсіздіктің ал­ғаш­­қы күндерінен-ақ мемлекетіміз білімді да­мы­туға басты назар аударып, мемлекет сая­сатының басымдылықтарының бі­рі ретінде қарады. Жаңадан құрылған мем­ле­ке­тіміз білім саласына түбегейлі жаңартулар енгізді, осылайша бiздiң еліміз бiлiм төңi­ре­гiндегi реформаларының қар­қын­ды да­муы­ның арқасында дүниежүзілiк көшбас­шы­лар қатарынан көріну мүмкін­дігіне ие болды. Семинар аясында «Қазақстан Респуб­ликасы жоғары білім берудегі сапаны қам­тамасыз етудің ұлттық жүйесі және сапа­ны қамтамасыз етудің Еуропалық стан­дарттары мен басшылықтары», «Қазақ­­стан Республикасы жоғары оқу орын­да­рын­да сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін құру», «Білім бағдарламаларын аккредиттеу: талаптар, критерийлер мен процедуралар» тақырыбында бас қосулар өткізді. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша тарихи маңызы бар «Қаза­қ­стан­дағы жоғары білім мен жоғары оқу орны­нан кейінгі білімнің сапасын қамтамасыз ету» атты Шымкенттік декларацияға және Сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық желісі мен Сапаны қамтамасыз етудің Орта­азия­лық желісі арасындағы өзара түсініс­тік пен ынтымақтастық туралы меморан­дум­ға қол қою рәсімдері жүзеге асырылды. Ал меморандум – білім сапасын арт­тыру және күшейте түсу, сондай-ақ Еуро­па­лық кеңістіктегі жоғары білім беру са­пасын кепілдендіру бойынша стандарттар мен ұсыныстарды Орталық Азияда тара­туға кеңінен жол ашады. Аталған меморандумға қол қою ар­қы­лы Еуропа мен Орта Азия елдерінің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы арта тү­сіп, жоғары білім сапасын бағалаудың бі­рың­ғай өлшемін жасауға мүмкіндік туындайды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспасөз қызметі. Шымкент.