16 Қараша, 2011

Он айлық қорытынды ойдағыдай

280 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өт­кен кешегі Үкімет отыры­сында еліміздің әлеуметтік-экономика­лық дамуының он айлық қорытындысы қарал­ды. Оны ойдағыдай деп ай­туға әбден болады. Аталған мәселе бойынша баян­дама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің айтуынша, жыл басынан бері ел экономикасының дамуы жағымды ағымдар бойын­ша жүріп келеді. Он айлық қоры­тынды нәтижесінде өткен жыл­дың осы мерзімімен салыс­тыр­ғанда, экономиканың маңызды деген алты арқаулық саласында даму көрсеткіші 7,2 пайызды құ­ра­ған. Сөйтіп, әлемдік экономи­ка­ның жандануы, экспортқа бағыт­тал­­ған тауарлар бағасының тұ­рақ­­ты­лығы, ел ішіндегі сұраны­с­тың артуы осындай көрсеткішке қол жеткізуге негіз болған. Ал өт­кен тоғыз айдың ішінде ішкі жалпы өнім көлемі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7 пайызға арта түскен болатын. Қ.Келімбетов өз баяндама­сын­да он айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 пайызға, ал ауыл ша­руа­шылығы өнімдерінің жалпы кө­ле­мі 22,8 пайызға ұлғайса, құ­рылыс жұмыстарының көлемі 2,8 пайызға, көлік қызметінің көлемі 6,5 пайызға, байланыс қызметі 17,8 пайызға, бөлшек сауда 12,7 пайызға ұлғая түскенін айтты. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы тау­ар экспортының өсімі өткен жыл­дың осы мерзімімен салыс­тыр­ғанда 49,9 пайызға артып, 65,8 миллиард долларды құраған. Мұның ішінде импорт 26,1 миллиард доллар болса, экспорт 39,8 миллиард доллар болған. Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалу нә­ти­жесі де жаман емес. Осы бой­ынша баяндама жасаған Қаржы министрі  Болат Жәмішев еліміз­дің халықаралық резервтері был­тыр­ғы кезеңмен салыстырғанда 26,6 пайызға артып, 75 миллиард АҚШ долларын құрағандығын, оның ішінде ұлттық қордың активтері 42,4 миллиард долларға жеткендігін айтып өтті. Сондай-ақ, Ұлттық банктің алтын валюта қоры 12,6 пайызға артып, 32,6 миллиард долларды құраған екен. Елімізде индустрияландыру кар­тасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы ел эконо­ми­ка­сына оң ықпал тигізген. Қазіргі  күні жалпы құны 9 миллиард теңгені құрайтын 234 индус­трия­лық жоба іске қосылған. Соның ішінде биылғы жылдың басынан бері 82 индустриялық жоба іске қосылып, 29 мың жаңа жұмыс ор­нының ашылуына ықпал етіп отыр. Егер өңірлер жағдайларына ке­лер болсақ, өнеркәсіптік өн­ді­рістің дамуы еліміздің барлық аймағында да көрініс беріп отыр. Соның ішінде ең жоғарғы өсім көлемі Астана қаласында (өсім көлемі 30,5 пайыз), Жамбыл облысында (32,3 пайыз), Ақмола облысында (17,9 пайыз), Алматы қаласында (15 пайыз) байқалған. Ал өңірлерге келіп жатқан ин­вес­тициялардың жоғары көлемі Астана қаласында (29,1 пайыз), Шы­ғыс Қазақстан облысында (33,6 пайыз), Қарағанды облы­сын­да (16,4 пайыз) көрініс берді. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше