17 Қараша, 2011

Сұрау салу нәтижесі не дейді?

413 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты 11-13 қараша күн­дері аралығында телефон ар­қылы сұрау әдісін қолдана оты­рып, «Қазақстан халқының әлеу­меттік-саяси көңіл-күйі» та­қы­ры­бында әлеуметтанушылық зерт­теу жүргізген еді. Зерттеу туралы жалпы ақпарат туралы айтсақ, зерттеу барысында рес­публика­ның 10 қаласында тұра­тын 18 жастан асқан 652 адам сұралды. Респонденттерді таң­дауда ықти­малды сұрыптау әдісі қолда­нылды. Сенім интервалы 95%, нақтылық деңгейі ± 5% болды. Енді зерттеудің негізгі нәти­желеріне келсек, қазіргі таңда ең көп талқыланатын тақырыптар­дың бірі Парламент Мәжілісін тарату туралы 53 депутаттың өті­ніші болып та­былады. Теле­фондық сұ­рау қоры­тындыларына сәйкес, қазақстан­дық­тардың 73,5%-ы 53 депутаттың Парламент Мәжілісін тарату жөніндегі Президентке айт­қан өтініші ту­ралы естіген. Сұрау барысында респон­денттердің 26,5%-ы депу­тат­тардың осы бастамасымен таныс емес екені анықталды. Сұраудың нәтижелеріне сәй­кес, азаматтардың басым бөлігі (67,2%) Парламент Мәжілісін таратуды қолдайтыны белгілі болды. Депутаттардың бастама­сымен келіспегендері 12,1%-ды құрайды. Сұралғандардың әрбір 5-шісі жауап беруге қиналатынын айтты. Респонденттердің 42,5%-ы Мә­жілісті тарату депутаттардың құрамын жаңарту үшін керек деп есептесе, олардың 18,1%-ы бұл қадам көппартиялық Парламентті құру үшін керектігін айтқан. Сұрауға қатысқандардың 16­%-ы­ның пікірінше, 2012 жылы сайлауға уақыт бөлмей, экономикалық дағдарыспен күресу керек, сол себептен депутаттардың бастамасы тіпті уақтылы болып табылады. Азаматтардың 9,3%-ының ойын­ша, Мәжілісті тарату қарқынды индустриялық-инновациялық да­мудың мемлекеттік бағдар­лама­сын тиімді жүзеге асыру үшін керек. Парламент Мәжілісін тара­тудың негізгі себептерін атау бойынша жауап беруге қинал­ғандары 24%-ды құрайды. Қазақстандықтар Мәжілістің жаңа құрамынан не күтетінімен де бөлісті. Сұрауға қатыс­қан­дардың көпшілігі депутат­тардың жаңа құрамынан әлеумет­тік мә­селелерді шешуді (21,4%), мемлекеттегі әлеуметтік-саяси жағ­дайды жақ­сар­туды (15,6%), зей­нетақы, жа­лақы мен шәкір­та­қыны өсіруді (15,0%), эко­но­микалық ахуалды жақсартуды (13,0%) күтеді. Сонымен қатар, депутаттар­дың жаңа құрамынан қазақстан­дықтар тұрғын үй мәселесін шешу, жаңа жұмыс орындарын ашу, денсаулық сақтау және білім беру сапасын жақсарту мен оның қолжетімділігін арттыру, қауіп­сіздік мәселесін шешу, жемқор­лыққа қарсы күресу, мәдениетті дамыту, бейбітшілік пен келісімді сақтау бойынша қызмет атқарады деп күтеді. Осы сұраққа жауап беруге қиналғандардың үлесі рес­понденттердің 5,4%-ын құрайды. Сұраудың нәтижелеріне сәй­кес, қазақстандықтардың 77,8%-ы Парламент Мәжілісінің сайла­уына қатысады (олардың ішінде 59,1%-ы сайлауға нақты баратын болса, 18,7%-ы сайлауға бармай­мын дегеннен гөрі барамын дегенім дұры­сырақ дейді). Респон­денттердің 16,2%-ы Парламент Мәжілісі сай­лауына қатыспай­тынын айтты (олар­дың ішінде 7,8%-ы нақты бармайтынын айтса, 8,4%-ы ба­рамын дегеннен гөрі бармаймын дегенім дұрысырақ дейді). Жауап беруге қиналғандар саны 6%. «Нұр Отан» ХДП-ға сай­лаушылардың 86%-ы дауыс беруге дайын. Басқа партиялардың ешқайсысы қазіргі кезде 7 %-дық кедергіден өтуге дайын емес. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясына сайлаушылардың 2,1%-ы дауыс беруге ықыласты. «Егемен-ақпарат».