18 Қараша, 2011

Жарымаған жарнама жақсара ма?

341 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Атам қазақта ана сүтіне жары­­ма­ған деген сөз бар. Сол секілді қазақ тілінің уызына жарымаған жарнамалар туралы Астана қала­сы Тілдерді дамыту басқарма­сы­ның ұйымдасты­руымен «Көрнекті ақпарат тіліндегі өзекті мәсе­ле­лер» атты дөңгелек үс­тел өтті. Бұл басқосудың басты мақ­са­ты, «Тілдер туралы» Заңның 19 және 21-баптарының орындалуын қам­та­ма­сыз ету, мемлекеттік тілдің қолда­ныс аясын кеңейту десек, дөңгелек үстелдің ұйымдас­ты­ру­шысы «Қо­ңыр» орталығының ди­ректоры Қуан­тай Амантай ақпа­рат құралда­рын­да­ғы жарнамалар туралы өз ойын ор­таға салды. Әр­и­не, мемлекеттік тіл­дің мәртебесін айқындау ісіндегі кеңес зама­ны­ның үстемдігі құдыққа құлап, құрдымға кеткеннен кейін сірескен сеңнің сөгілгенін, қасиетті тіліміздің қадірін түсінетіндер кө­бей­генін жоққа шығара алмаймыз. Астананың өзінде бір кездері жалғыз қазақ мектебі болса, қазір ол ондап саналады. Қоғамдық көліктегі тілдің беті де бері қарап келе жатыр. Дөңгелек үстелде Астана қала­сы Тілдерді дамыту басқарма­сы­ның бас­тығы О.Асанғазы өзі жетекшілік ететін мекемедегі жұ­мыс­тар туралы айта келіп, ендігі жерде жансыз жар­намаларға журналистер қауымы да араласу керектігін тілге тиек етті. Шынында, тіл мәселесінде қарапай­ым жұрт­қа айтар өкпе-наз жоқ. Тек шенді мен шекпенділер ғана мемлекеттік іске кей тұстарда атүсті қар­ай­тыны бар. Оразкүл Асан­­ғазықызы елордада 800 мыңнан аса халық­тың 770 мыңы қазақ екенін, бұл дегеніңіз 10 адамның 8-і өз қа­ра­­­көздеріміз болып отырғанын жет­кізді. Сол секілді салық сала­сында 98 пайыз, банкте 95-97 пай­ыз өз қандаста­ры­мыздың жүрге­нін, ж­а­­­­­қын­­­да әуежай­да болғанда тір­кеу­ден өткен 300 адам­ға 8 қазақ қы­­зы тек ресми тілде қызмет көр­сет­кенін, сол 300 адам­ның 4-уі ға­на өзге ұлт өкілі бол­ға­нын, бұл қа­­лай, деген мәселені тиісті орын­дар­дың алдына көлденең тарт­қан­­нан кейін, әлгі 8 қыздың бәрі ана тілінде сөйлегенін мысалға келтірді. Біз көп жағдайда «Тілдер ту­ра­лы» Заңды алға тарта береміз. Алайда осы заңның өзінде де көп жақ­сы­лық­тар бар. Ол аз десеңіз, Әкімшілік құқықтық кодекстің 81-бабы бой­ын­ша кез келген жеке адам мемлекеттік тілде сөйлеуді талап ете алады. Егер ол орын­далмай жатса, сотқа жүгі­нуге ешкім тосқауыл қоя алмайды, дей келіп, Астанада 7 мың кәсіпкер бар десек, оларға тиесілі мекемелердегі жан ауыртар жарымаған жарнамалардан құтылу үшін Мәде­ниет ми­нистрлігінің Тіл комитеті Астана­да­ғы тілге мән бермей отыр­ған мекемелерді тексеру жө­нінде еліміздің Бас прокурату­ра­сына хат түсіріп, соны бекіттіріп берсе, өздері заң талабын мүл­тік­сіз атқаратынын атап өтті. «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы А.Шәріп басы­лым­да соңғы кездері тіл туралы 50-ден аса әр алуан тақырыпта мақалалар басылғанын, бірақ оған тиісті ор­ын­дардың көңіл аудара бермейтінін ай­тып, бір замандары М.Дулатов «Қа­зақ тілінің мұңы» деген ащы мақа­ла­сы «Ауыл тілі» газетіне басылғанда Ж.Мыңбаев­тың жауап бергені туралы дәйек келтірді. Ол бұдан кейін М.Әуе­зовтің бесігіңді түзе деген сөзіне жүгініп, оның ар жағында сол бесікті тербететін ана тұрғанын, ана тұрмысын түземей, дәстүріңді түзей алмайтыныңды айта келіп, бала әл­диі жоғалғанмен, бала тілін жоғал­ту­ға қақымыз жоқ екенін алға тартты. Ал ЕҰУ-дің журналистика жә­не саясаттану факультетінің дека­ны, профессор Қ.Сақ бір заман­дары М.Ду­латов ұлт ісі дегенде ұлы-кішісі болмайды дегенін атап өтіп, одан әрі кейбір жарнама­лар­дың қасиетсіз­ді­гінен, әйелдер ту­ралы жарнамада бұ­зыл­ған әйел­дер орталығы деп жа­­­­зыл­ғанынан мысал келтірді. Белгілі қаламгер С.Шүкірұлы мерзімдік ба­сы­лым­дардағы мемлекеттік тілдің қам­тылуы туралы айта келіп, нақты мысалдарға жүгінді. Әсіресе, өзге тілді газеттер мемлекеттік тілге мән бермейтініне бұлтартпайтын фактілер келтірді. Сол секілді «Хабар» телеарнасының тілшісі тіл және қо­ғам туралы ойын ор­таға салса, қазақ радиосы «Астана» студиясының ре­дакторы Б.Қасымұлы жарнамадағы мемлекеттік тілдің келіссөз тұста­ры­на тоқталды. Ал, Жарнама газетінің қызметкері А.Мұқанова тіл заңы бұ­зылып жатса да, үнсіз жүре­ті­німізді ашына жеткізсе, халық­ара­лық «Қа­зақ тілі» қоғамының вице-президенті О.Шәріпбаев әкім­дер өзі бас­қа­рып отырған өңірдегі мемлекеттік тілдің жағдайы ту­ралы есеп берсе жөн болар еді. Бұл тұрғыдан келгенде, ойлы министр, алғыр әкімдердің іс тәжі­рибесін бүкіл отанымызға та­ра­туымыз керек, деді. Ол бұдан кейін Астана қаласында «Қазақ тілі» қоғамының бөлімшесін құру қол­ға алынғанын айтты. Дөңгелек үстел қорытын­ды­сын­да журналистер қауымы ендігі жерде тіл мәселесіне өздерінің ат салыса­тынын, әсіресе жарна­ма­лар­ды жақ­сар­туда рейдтер ұйым­­­дастыру арқы­лы өз үлестерін қо­­сатынын, көше­лер­де жарысып тұр­ған көп жарна­ма­лардың орны­на тіл туралы жарнамалар ілу қа­жеттігін, онда Елбасының сөзінен бастап, бүкіл Алаш арыс­тарының ұйқыдағы санаңды оятып, ру­хың­ды тербейтін сөздерін екі тілде жазып, суреттерін қоса іліп қою мәселесін қозғап, осыған тиісті министрлер мен лауазымды мекемелер, ұлт жақсылары үлес қосса, мемлекеттік тілдің мәртебесі өз шешімін табар еді, деп тарасты.
Соңғы жаңалықтар

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00