18 Қараша, 2011

Дәрменсіз борышкерлерді банкроттау

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республи­касы Заңының 1-бабының 6-тармағына сәйкес банкроттық – дәрменсіз борышкерді сот шешімімен тарату үшін негіз болып табылады. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, ұйым банкрот болады, егер оның мүлкі мен ақшалай қаражаты ұйымның барлық қарыздарын то­лықтай төлеуге жетпеген жағдайда. Бұл жағ­дайда, ұйымның барлық мүлкі сатылады және борыштары жекелей өтеледі, ал ұйымның өзі таратылады. Бан­­кроттаудың іс-жосығы ұйым кредиторларының талаптарын қанағатандыру болып табылады. Ұйым банкроттығының белгісі мына факт болып табылады, егер де ұйым кемінде 300 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде ақша­лай қарызды оны төлеу мерзімінің сәтінен бастап төлемеген жағдайда. Конкурстық өндіріс борышкердің төлем қа­білеттілігін қалыпқа келтіру мүмкін болмаған жағдайда сот шешімі негізінде енгізіледі. Кон­курстық өндірісті енгізу ұйымның банкрот болуын білдіреді. Конкурстық өндіріс енгізу бойынша борышкердің басшысы басшылық жа­саудан шеттетіледі және оның барлық өкі­леттігі конкурстық басқарушыға өтеді. Кон­курстық басқа­рушының негізгі мақсаты кредиторлармен есеп-айырысу үшін борышкердің барлық мүлкін сату болып табылады. Кон­­­курс­тық өндірістің аяқталуы бойынша бо­рышкер таратылады. Банкроттау іс-жосығы тек ұйымға ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіпкер болып табы­ла­тын азаматарға да қатысты қолданылуы мүмкін. Шолпан ЖҰМАБАЕВА, Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитетінің «Тобыл» өңіраралық департаменті банкроттық рәсімдерді бақылау бөлімінің бастығы.